Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Топта бейімделуге бізге қажет қасиеттер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: "Топта бейімделуге бізге қажет қасиеттер"


Сынып: 5 « б »

Мақсаты: Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету. Көрнекілік құралдары: карточка, доп, смайлк.Жоспары:1. Танысу жаттығуы: «Қасиеттер әлемі»

2. «Қосаяқ» ойыны

3. «Бүлінген телефон»

4. «Күн қояны» ойыны

5. Көңіл күйімізді жаттықтыру

6. Қорытынды

Барысы:

1.Танысу жаттығуы: «Қасиеттер әлемі».

Нұсқау: Барлығымыз шеңбер жасап отырайық. Қазір шеңбер бойымен кезекпен

жүргізушінің оң жағымдағы отырған қатысушыдан бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен өз есімдеріңді айтыңдар. 1-2 сөйлем арқылы өзінің мінезі туралы айту керек. Осы сөздерден кейін психолог өзін таныстырып әңгімелейді. Психологтан кейін әрбір адам айналым бойынша өзін-өзі таныстырады. Танысу біткен соң, таныстырудың қалай өткені туралы пікірталас жүргізіледі.

Психолог топқа мынадай сұрақтар береді:

Кімнің таныстыруы сіздің есіңізде қалды және оның таныстыруы сізге несімен ұнады?


2. «Қосаяқ» ойыны.

Мақсаты: зейінді, есту арқылы қабылдауларын, қимылдық автоматизмді жеңуді дамыту.

Нұсқау: Балалар екі топқа бөлініп,   бірінің артынан бірі сапқа тұрады. Психолог ойынның шартын түсіндіреді: «Бала екі тізелерінің арасына допты қысып алып,  қосаяқтап секіріп, белгілі бір мәреге дейін барып, қайта орындарына қайтулары керек. Осы  кезде екі тізесіне қысып ұстаған доп түсіп қалса, оны жерден көтеріп, қайта тізесімен  қысып, ары қарай секіруін мәреге жеткенше жалғастыра береді » Ойын 2-3 рет қайталанады.


3. « Бүлінген телефон ».

Мақсаты: Есту қабілетін дамытуға арналған.

Нұсқау: Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды,

солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап айтады. Мен әрқашан шындықты айтамын.


4. «Күн қояны» ойыны.

Мақсаты: релаксация және елестетулерін дамыту

Нұсқау: «Күн қояны сенің көзіңе тура қарады деп елестетіңдер. Көздеріңді жұмыңдар. Күн қояны ары қарай жүгіріп өтті, алақандарыңмен ақырындап: маңдайларыңды, мұрындарыңды, ауыздарыңды, беттеріңді, иектеріңді сипаңдар. Оны шошытып алмай ұқыптап басты, ішті, қол, аяқты сипалаймыз. Күн қояны ол тентек емес, ол сендерді  өте жақсы көреді және еркелетеді, оны құшақтаңдар. Балалар екі қолдарымен өздерін құшақтайды» Психолог: енді 1,2,3 деген кезде көздеріңді ашыңдар- дейді. Балалар көздерін ашады. Осы  жақсы сезімдеріңді күні бойы сақтаңдар.


5. Көңіл күйімізді жаттықтыру.

Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жаттықтыра алуға арналады.

Нұсқау: Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетсем, соны бет-әлпеттерің мен бейнелейсіңдер.

1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер.

2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядантүсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет –әлпеттерің мен көрсету қажет.

3. Жылап тұрған адамды көрсету.

4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.

5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу.


Қоштасу

Балалар шеңбер жасап кілемге отырады. Психолог олардан қандай ойын ұнағанын сұрайды. Балалар допты бір – бірлеріне беріп отырып, өздерінің алған әсерлері туралы бөліседі.


6. Қорытынды.

5 сынып оқушыларының ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету барысында "Топта бейімделуге бізге қажет қасиеттер" атты тренинг сабағын өткіздім. Танысу жаттығуы: «Қасиеттер әлемі», «Қосаяқ» ойыны, «Бүлінген телефон», «Күн қояны» ойыны, Көңіл күйімізді жаттықтыруға арналған ойындарға оқушылар белсене қатысты. Сынып оқушылары сабақ үлгерімі жағынан да жоғары, оқуға деген ынталары өте жақсы және бір-бірімен жарыса оқиды. Бұл ерекшеліктерінің болуы сынып жетекшісінің жұмысының жемісі деп ойлаймын. Оқушылар тренингке қатысу кезінде өз ойларын ашық айта алды және білімділігін, әдептілігін көрсете білді. Сонымен қатар оқушылар сыныпта өте ұйымшыл және тапқыр, бір-бірімен қарым-қатынаста өте ұстамды. Оқушылар тренинг барысында өздерінің ойлау қабілетінің жоғары екендігін көрсетіп, аса қызығушылық танытты. Тренингтен алған әсерлерін ортаға салып талқылап, өз ойларымен бөлісті. Сабақтан тыс уақыттарында оқушылар өз қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерге қатысады. Бұл сыныптағы оқушыларды әлі талай биіктерден көреміз деп ойлаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі