Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ:

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 20.02

Мұғалім:

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

Оқу мақсат:

3.2.3.3 Түрлі дене жаттығуларын орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып, идеяларды, ресурстар кеңістік білімін қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Жаттығу жасай алады

Көпшілігі орындай алады:

Допты дұрыс қолдана алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Дене жаттығуларын өздігінен орындай алады

Ойлау дағдылары

Айтылым

Бағалау критерийлері

Түрлі дене жаттығулар идеяларын, ресурстар кеңістігінің білімін ескере отырып қолданады

Құндылықтарды игерту:

  • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

  • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс;

  • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық байланыс:

Әдебиетті оқу, математика


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

  • командалық ойындарда физикалық қасиеттерінің дамуымен қозғалыс дағдыларын көрсетеді және талқылайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • жарақат алу, ереже, қауіпсіздік

  • дәлдік

  • жүгіру, жүру

  • допты алып жүру, допты қайтару, допты лақтыру

Осыған дейін меңгерілген білім

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған командалық ойындар дағдылары мен білімдеріне ие.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


5 мин


І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық


Сабақ ортасы


30 мин









(Т, ЖЖ, Ж, ҚБ) «Қуыспақ» ойынының бірнеше түрі болады:

1 нұсқасы. Ойнаушылар жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші үшке дейін санайды. Одан кейін барлығы қашады. Ал жүргізуші ұстап алу үшін қашқандарды қуады. Жүргізуші ойыншыға қуып жеткен кезде, ойыншылардың кезгелгені жақын тұрса және құтқарғысы келгені жүргізушімен ойыншының ортасынан жүгіріп өтуге болады. Осыдан кейін жүргізуші осы ойыншыны қуып жетуі керек.

2 нұсқасы. Жүргізушіден қашқандар ұстатпау үшін ойыншы басқа ойыншының қолынан ұстайды. Қолдарымен ұстасқан ойыншыларды ұстауға болмайды. Мұғалім оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді. Мұғалім «Қуыспақ» ойынының үш нұсқасын ұсынады. Ойын барысындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертіңіз. Оқушыларға ойнның батылдықтың, шешім қабылдау қабілетінің, тапқырлықтың дамуына септігін тигізетінін айтыңыз. Ойын әріптестік көмек сезімін тәрбиелеуге көмектеседі

Дескриптор:

  • Қуыспақ ойынындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.

  • Түрлі қимыл-қозғалыс арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттырады.

  • Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.

ҚБ: бірін-бірі бағалау.

Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге ысқырық, бор.



«Салки», «Қуыспақ»

Сабақ соңы

5 мин



Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Доптар (түрлі мөлшерлі).


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2019
3030
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі