400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топты безендіруге арналған әдемі көкшіл гүлдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық түсті гүлді шығару үшін пайдаланылатын түстерді араластыруға қызықтыруды жалғастыру. Көкшіл түсті шығаруға балаларды қызықтыру және жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: Топты безендіруге арналған әдемі көкшіл гүлдер

Мақсаты: Ашық түсті гүлді шығару үшін пайдаланылатын түстерді араластыруға қызықтыруды жалғастыру. Көкшіл түсті шығаруға балаларды қызықтыру және жаттықтыру.

Қажетті құрал жабдықтар:үлкен қағаз беті, әдемі рамалармен безендірілген, әр балаға қағаздың жарты бөлігі беріледі, бояу тақтайшалары, ақ және көк түсті гуашь бояуы, қылқаламдар, сулы орамал.

Тәрбиелік мәні: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сәлемдесу. Балалар, бәріміз шаттық шеңберін құрайық.

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Күнге қол бұлғайық. Әрбір адам күнің көзіне қарап қуанады. Күн өзінің нұрымен жылытады,тезірек өсуімізге көмектеседі.

Әңгіме жүргізу.Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Иә, балалар,көктем мезгілі.

-Көктем айларын атаңыздаршы?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтайық.

-Көктем туралы тақпақ білесіздерме?

-Балалар жарайсыңдар!

-Балалар қараңдаршы,біздің алдымызда рамкалармен безендірілген үлкен қағаз бар. Содан кейін мұнда көкшіл түспен безендірілген гүлдер суретін көргісі келетіндігін, бірақ жалғыз өзі жасай алмайтындығын айтады.

Балалар келіскеннен кейін тәрбиеші оларға тағы бір қиындық бар екенін ескертеді. көкшіл түсті бейнелеу үшін онда көк түс жоқ. Бірақ балаларға және көк бояу арқылы көкшіл түсті қалай шығаруға болатындығын түсіндіреді. Бояу тақтайшасында түстерді қалай біріктіру тізбегін көрсету арқылы түсіндіру.

Бояу тақтайшаға ақ түсті бояуды жағамыз. Ақ түсті бояудан кейін қылқаламды суға салып, жуып, кептіреміз. Қылқалам ұшымен көк бояуды алып, ақ бояумен араластырамыз.

Көкшіл бояумен балалар мүмкіндігінше көркемдеп гүлдер салады, гүлдерді үлкен қағазға жабыстыруға асықпау керек. Жай сәндік элементтерді (нүктелерді, қысқа сызықтарды) жне түстерді пайдалана отырып жасауға болады. Сабақ біткенде суреттерді жоба бойымен қиып, рамалары бейнеленген үлкен қағазға балардың көмегімен жабыстырамыз.

Балалармен сергіту сәтін ұйымдастыру.

1.Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш, бір екі, үш

Жарайсыңдар балалар.

-Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Олай болса сабағымызға жақсы қатысқандарыңызға рахмет.

Қош сау болыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:гүлдердің түстерін айырмашылығын айта білу;

Игереді: бояу түстерін ажырата айта білуді.

Меңгереді: гүлге қамқорлық көрсете білуді,шығармашылық тапсырмаларды орындау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі