Материалдар / Топтың ұйымшылдығын арттыру

Топтың ұйымшылдығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2021
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Топтың ұйымшылдығын арттыру.


Материалдар: карточка, магнитофон,ақ қағаз А4, қалам, түрлі журналдар, желім, қайшы, плакат.


1.«Менің есімімді ата» жаттығуы.

Мақсаты: топты таныстыру, бір – бірімен жақындастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Қазір мына көңілді доп сендердің қолдарыңа тиеді. Бұл доп келген адам өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң, доп бір қайта айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатылатын есімін айтуы тиіс.

Жаттығуды талдауы:

Бұл жаттығу қандай сезімдерді тудырды?

Қалай ойлайсыздар, біз не үшін бұл жаттығуды бірінші жүргіздік?

Сіздер тренингке қандай тілектер айтар едіңдер?


2.«Көпір» жаттығуы.

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.

Барысы: Ортаға бір сызық сызылады. Сол сызықтың екі бала қарама –қарсы жүреді, екеуі сәлемдесіп, сызықтан шықпастан, келісіп, сызықтың аяғына дейін жүріп өтуі тиіс.

Соңында қандай көңіл- күйде болғанымен бөліседі.


3.«Жар» жаттығуы.

Мақсаты: Қарым – қатынасын нығайту, ұйымшылдыққа үйрету, жанашырлық сезімін дамыту.

Барысы: Ортаға бір сызық сызылады. Сызықтың оң жағында Сызықтың оң жағында 4 – 5 бала тізбектеліп тұрады, ал сол жағынан бір бала балалардың қолдарынан ұстап, аяқ ұшымен жүріп өтуі қажет.

Соңында балалар мен жар шетінен жүріп өткен бала алған әсерлерімен бөліседі.


4.«Алтын, қара орындық» жаттығуы.

Мақсаты: Ұйымшылдығын арттыру.

Нұсқау: Қазір біздің алдымызға орындыққа отырған адам өз шешімін табады. Егер «алтын орындық» десе ол туралы тек жақсы пікірлер айтылуы тиіс. Егер «қара орындық» десе өз кемшіліктері жөнінде естілді. Қане кім шығады?

(Қол көтергендерге жақын барып қай орындықты таңдайтындарын білу қажет).

Алтын орындық бәрі үшін, қара орындық тек өз қалауы бойынша.

Жаттығу біткен соң жүргізуші:

«Арамызда бір – бірімізге деген сенушілік бары қандай керемет. Бір – бірімізге жақсы нәрселерді де, көңілсіз жәйттерді де айта аламыз».

5. Рольдер ойыны – «Қатынастар».

Қатынас орната білу нәтижелі сұхбат үшін қажет. Адам бұндай қасиетпен бірге жаралмайды, бұл қасиетті дайындық арқылы қалыптастыру қажет. Қазіргі жаттығу соған арналады.

Тапсырма: Жұбыңмен тез қарым – қатынас орнату үшін оның әңгімесін қолдау керек. Бәрі дұрыс шеңбер құрап отырады. Ортаға екі адам шақырылады. Олар бір – біріне қарап тұрады.

- Сіздің алдыңызда бұрын көрмеген адам тұр. Бірақ ол сізге ұнап қалды, әрі сіз онымен танысқыңыз келеді. Аз уақыт ойланып сөз бастайсыз.

- Анаңызбен келіспей қалдыңыз, сізге нан сатып алып кел – деді, ал сіз теледидарда қызықты фильм көріп жатырсыз, сіздің іс - әрекетіңіз?

- Сізге біраз ақша керек (екі видеокассета сатып алмақшысыз» Ата – анаңызбен сөйлесуіңіз қажет.


6«Ғажапқа толы сиқырлы орман» жаттығуы

Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.

Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман- тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір- бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарын серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.

Талдау сұрақтары:

Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?

Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз?


7. Күн қорытындысы жаттығуы.

Мақсаты: өткен тренинг туралы топ қатысушыларынан қайтымды байланысты алу.

Нұсқау : Жайлы отырыңдар, қазір біз бір- бірімізге жұмсақ ойыншық беріп, бүгінгі сабақ туралы әсерлеріңізбен бөлісеміз. Кімде , -кім сөйлегісі келсе, өз ойын бөліскісі келсе, мүмкіндік беру қажет.

Талдау:

Сіздерге алғашқы тренинг күні не әкеледі?

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар?

Нені болашақта қолданар едіңіздер?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ