«Шорнақ» жалпы орта мектеп
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: «Топтың
ұйымшылдығын арттыру» тренингі.
Дайындаған психолог:
Камалов Б.М
.
Тақырыбы: Топтың ұйымшылдығын
арттыру.
Материалдар:
карточка,
магнитофон,ақ қағаз А4, қалам, түрлі журналдар, желім, қайшы,
плакат.
1.«Менің есімімді ата»
жаттығуы.
Мақсаты:
топты
таныстыру, бір – бірімен
жақындастыру.
Уақыты:
10
минут.
Нұсқау:
Қазір
мына көңілді доп сендердің қолдарыңа тиеді. Бұл доп келген адам өз
есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң, доп бір қайта
айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатылатын есімін
айтуы тиіс.
Жаттығуды талдауы:
Бұл
жаттығу қандай сезімдерді тудырды?
Қалай ойлайсыздар, біз не үшін бұл жаттығуды
бірінші жүргіздік?
Сіздер тренингке қандай тілектер айтар
едіңдер?
2.«Көпір»
жаттығуы.
Мақсаты:
Балаларды
біріктіріп, өзара сенім жағдайын
жасау.
Барысы:
Ортаға
бір сызық сызылады. Сол сызықтың екі бала қарама –қарсы жүреді,
екеуі сәлемдесіп, сызықтан шықпастан, келісіп, сызықтың аяғына
дейін жүріп өтуі тиіс.
Соңында қандай көңіл- күйде болғанымен
бөліседі.
3.«Жар»
жаттығуы.
Мақсаты:
Қарым –
қатынасын нығайту, ұйымшылдыққа үйрету, жанашырлық сезімін
дамыту.
Барысы:
Ортаға
бір сызық сызылады. Сызықтың оң жағында 4 – 5 бала тізбектеліп
тұрады, ал сол жағынан бір бала балалардың қолдарынан ұстап, аяқ
ұшымен жүріп өтуі қажет.
Соңында балалар мен жар шетінен жүріп өткен бала
алған әсерлерімен бөліседі.
4.«Алтын,қара орындық»
жаттығуы.
Мақсаты:
Ұйымшылдығын арттыру.
Нұсқау:
Қазір
біздің алдымызға орындыққа отырған адам өз шешімін табады. Егер
«алтын орындық» десе ол туралы тек жақсы пікірлер айтылуы тиіс.
Егер «қара орындық» десе өз кемшіліктері жөнінде естілді. Қане кім
шығады?
(Қол көтергендерге жақын барып
қай орындықты таңдайтындарын білу
қажет).
Алтын орындық бәрі үшін, қара орындық тек өз
қалауы бойынша.
Жаттығу біткен соң жүргізуші:
«Арамызда бір – бірімізге деген сенушілік бары
қандай керемет. Бір – бірімізге жақсы нәрселерді де, көңілсіз
жәйттерді де айта аламыз».
5. Рольдер ойыны –
«Қатынастар».
Қатынас орната білу нәтижелі
сұхбат үшін қажет. Адам бұндай қасиетпен бірге жаралмайды, бұл
қасиетті дайындық арқылы қалыптастыру қажет. Қазіргі жаттығу соған
арналады.
Тапсырма:
Жұбыңмен
тез қарым – қатынас орнату үшін оның әңгімесін қолдау керек. Бәрі
дұоыс шеңбер құрап отырады. Ортаға екі адам шақырылады. Олар бір –
біріне қарап тұрады.
-
Сіздің алдыңызда бұрын
көрмеген адам тұр. Бірақ ол сізге ұнап қалды, әрі сіз онымен
танысқыңыз келеді. Аз уақыт ойланып сөз
бастайсыз.
-
Анаңызбен келіспей қалдыңыз, сізге нан сатып алып
кел – деді, ал сіз теледидарда қызықты фильм көріп жатырсыз, сіздің
іс - әрекетіңіз?
-
Сізге біраз ақша керек (екі видеокассета сатып
алмақшысыз» Ата – анаңызбен сөйлесуіңіз қажет.
6.«Көзсіз қатар»
жаттығуы.
Мақсаты:
Белсенділерді анықтау.
Жүргізуші қатысамын деушілерді (8-10 адам)
шақырады.
Жүргізуші ойынға
қатысуларыңызға болады дейді.Қатысушылардың көздері матамен
таңылады. Содан соң «зағиптарды» жан – жаққа апарып
тұрғызады.
Жүргізуші: « Мені естіп тұрсыңдар ма? Енді менің
алдыма келіп бір қатарға бойларыңды түзеп тұрыңдар!» Әдетте
жаттығудың орындалуына 10 – 15 минут керек.
Жүргізуші: Менің алдымда дұрыс тұрғандарыңа
сенімдісіңдер ме? Егер дұрыс тұрмаса «зағиптар» қайтадан бастайды.
Көздері шешілмейді.
Қатарға бойларын дұрыс түзеп тұрғанға дейін
қайталана береді. Дұрыс нәтижеге жеткенде көздері
шешіледі.
Жүргізуші: Қалай қимыл - әрекет жасадыңдар? Кім
жетекші бола білді? Жетекшіге қол шапалақ!
Ортақ шеңбер. Пікір алмасу. Қорытынды
сөз.
7. Күн қорытындысы
жаттығуы.
Мақсаты:
өткен
тренинг туралы топ қатысушыларынан қайтымды байланысты
алу.
Уақыты:
10
минут.
Нұсқау :
Жайлы
отырыңдар, қазір біз бір - бірімізге жұмсақ ойыншық беріп, бүгінгі
сабақ туралы әсерлеріңізбен бөлісеміз. Кімде , -кім сөйлегісі
келсе, өз ойын бөліскісі келсе, мүмкіндік беру
қажет.
Талдау:
Сіздерге алғашқы тренинг күні
не әкеледі?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер
алдыңдар?
Өзіңізге қандай жаңалықтар
аштыңыздар?
Нені болашақта қолданар
едіңіздер?