400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық және сыни ойлау дағдыларын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық және сыни ойлау дағдыларын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық және сыни ойлау дағдыларын дамыту


Білім беру мен тәрбиелеу адамзат дамуының басты баспалдағы болып саналады. Ғасырлар бойы жиналған тәжірибе нәтижесі соны көрсетіп тұр. Бұл орайда мектептің алатын орны ерекше. Ойткені мектеп — адамны жеке тұлға ретінде қалыптастырып шығаратын бірден-бір орта.  Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептің басты мақсаты әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тұлғаның ақыл-ой, адамгершілік, дене дамуына ықпал ету.

Алғашқы қоғамда еліктеуге негізделген оқыту әдістері басымырақ болды. Балалар ересектердің іс-әрекеттерін бақылау және қайталау нәтижесінде тәжірибе алмасу процесі орын алды. Бірақ  адам игерген іс-әрекеттер күрделене түскен сайын және де жинақталған білім көлемі артқаны сайын кәдімгі еліктеу енді баланың қажетті тәжірибені меңгеру сапасын қамтамасыз ете алмайтын болды. Сол себепті адам жай қарапайым ауызша оқыту әдістеріне көшуге мәжбүр бола бастады. Бұл кезеңді ғалымдар білім беру тарихындағы өзіндік бетбұрыс кезеңі деп атайды. Өйткені енді білімнің үлкен көлемін оқушыларға қысқа мерзімде беруге мүмкіндік пайда болды. Ал оқушының басты міндеті — өзіне берілген ақпаратты мұқият есте сақтау. 

Уақыт өте келе адамзат жаңа жерлерді аша бастады. Соған қоса өнертабыстар дәуірі де басталып кетті. Бұл дәуірде адамзаттың мәдени мұрасының көлемінің өскені сонша, оқытудің догматикалық әдістері тапсырманы орындауға әлсіз болды. Сол заманға жаңа ашылған заңдылықтарды тез жаттап қана қоймай, оларды қолдана алатын адамдар керек болды. Сондықтан оқытудың көрнекілік әдістері оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмектесетін бірден бір құралға айналды. Бұдан кейінгі зерттеулер мәселелік оқыту әдістерінің кең таралуына әкеп соқты. Бірте-бірте оқытудың және сабақ берудің басқа да әдіс-тәсілдері пайда бола бастады. Солардың бірі бұл — сабақта топтасып орындалатын жұмыс.

Топтық жұмыс — бұл оқушылардың сабақ барысында белгілі бір тапсырманы бірлесе орындайтын нәтижеге бағытталған іс-әрекеті. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық пен сыни ойлау дағдыларын жетілдіреді. Топтық жұмыстың басты артықшылығы – оқушылардың сабақ кезінде бір-бірімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі. Ынтымақтастық дағдылары қалыптасқан сыныпта оқушылар мақсатқа жету үшін өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Бұл әдіс оқушылардың қоғамда қарым қатынас орнату қабілеттерін нығайтуға, өз ойларын айқын да дәл жеткізуге мүмкіншілік береді. Одан басқа топтық жұмыс барысында шәкірттер жауапкершілікті сезінеді,  бір-біріне көмектесуді, қолдау көрсетуді үйренетін болады.

Ал топтық жұмыстың сыни ойлауға қатысы қанша? Сыни ойлау – бұл оқушының жинақталған ақпаратты талдап, өзара салыстырып, қорытынды жасай алу қабілеті. Ал топтық жұмыс осы дағдыны дамытуға зор үлес қосады. Өйткені оқушылар түрлі пікірлерді тыңдап, талқылау арқылы берілген ақпараттың дұрыс бұрыстығын бағалауды, пікірін дәлелдеп беруді үйренеді. Мәселені әр жақтан қарастыру және тез шешім шығару үдерісінде білім алушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

Қорытынды

Ұстаздың оқушыларға білім беру үдерісінде оқытудың заманауи әдіс- тәсілдерін пайдалануы оқытудағы қиындықтарды жеңуге, іс-тәжірибелік жағдаяттарға жаңаша көзқарастарды қалыптастыруға, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсер етеді.



<a target="_blank" ="https://text.ru/antiplagiat/67d7c8933561a"><img src="https://text.ru/image/get/67d7c8933561a/1" alt="Text.ru - 100.00%" title="Уникальность данного текста проверена через Text.ru" border="0" width="80" height="31"></a>



https://text.ru/antiplagiat/67d7c8933561a





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
331
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі