400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтық жұмыс барысындағы оқушылардың арасында бірлескен жұмыстың ұйымдастыруы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл де енгізіліуде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топтық жұмыс барысындағы оқушылардың арасында бірлескен жұмыстың ұйымдастыруы


Біздің ұлылығымыз-ойлауда

Паскаль Блез

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісімен қоса орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында кең тараған сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл де енгізіліуде. Мен 2012 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын оқып аяқтап, сертификат алып, өз тәжірибемде қолдана бастадым. Сындарлы оқыту мүғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттемелер қояды. Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Шығармашылық тақырыбымды топтық жұмыс барысындағы оқушылардың арасында бірлескен жұмыстың ұйымдастыру мақсатында «Топтық жұмыс барысында сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ойлау деңгейін көтеру» тақырыбын таңдап алдым.Мұғалім оқу жылы басында әр сыныпта топта жұмыс жасау ережесін құрастыртады. Топта жұмыс жасаудың ережелерін оқушылардың өздеріне плакатқа ойластырып жазуларын сұрайды. Барлық сабақтың кезінде бұл ереже көрінетін жерге ілулі тұрады. Ережені өздері жасағандықтан оқушылар оның бұзылмауына ерекше назар аударатын болады. Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру негізінде, топтық жұмыс туралы білгендерін ортаға салады.Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту. Топты ұйымдастыру ережелерімен таныстырдым,яғни, топты жоспарлау, топты құру, жоспарды жүзеге асыру, топ жұмысын бағалау түрлері болатынын айтып, топтардың көлемі жұмыс көлеміне байланысты: жұптар, шағын топтар, үлкен топтар болуы мүмкін.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға

айналдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

- сенімділікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

- осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

- маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Тақырып бойынша сын тұрғысында ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытамын. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды. Менің мақсатым - оқушыларды сын тұрғысынан ойлау арқылы тапсырмалар орындай отырып, кең ауқымды ойлауға, ойларын ашық айтуға түрткі болу.Бұл оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.Олардың бұрын алған білімін де кеңейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл - күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастарын көре білуге дағдыланады.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі мен дағдылары төмендегідей сипатталады:

  • Бақылау;

  • Талдау;

  • Қорытынды;

  • Интерпретация.

Қысқа мерзімдік жоспар

Пәні география

Күні 16.01.2015 жыл

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы

§30 Қазақстанның ірі көлдер

Каспий,Арал,Балқаш

Сілтеме

Қазақстанның физикалық географиясы

Бейсенова.Ә,Карпеков.Қ

Жалпы мақсаты

- Оқушылар Қазақстанның көлдері туралы білімдерін қалыптастырады. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі жайлы білімдерін кеңейту;


Міндеттері

-Көлдердің маңызы туралы ойларын дамыту;

-Қазақстанның ірі көлдер түрлері туралы ой-өрістерін кеңейту;

-Көлдердің шаруашылыққа тигізетін пайдасын білу;

Оқыту нәтижелері

Жаңа тақырыпта алған білімдерін нығайту, алған білімдерін, қажетті мәліметті тапсырманы орындауда, практикада қолдану. Қазақстанның көлдерінің табиғаты, экологиясы жайлы біледі.

Тапсырмалар

-АКТ-ны пайдалану;

- сыни тұрғыдан ойлау: (« Дианостикалық сұрақ қою » әдісі)

-оқуды және оқытуды бағалау(формативті және жиынтық);

-Оқушыларды жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту;

- Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: (Ақылдының алты қалпағы);

- Оқудағы көшбасшылық;

- Дарынды және талантты балалармен жұмыс: (Сандар сөйлейді);

Сабақтың жүру барысы:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2- минут


І Ұйымдастыру

Сыныпты топқа бөлу ( Комплимент)


Топқа бөлінеді


3- минут


ІІ Үй тапсырмасын тексеру

§29 Қазақстанның көлдері

1-тапсырма

« Дианостикалық сұрақ қою » әдісі

1.Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар?

2.Қазақстан көлдерінің су деңгейінің өзгеруі неге байлаысты?

3.Өздерің тұратын жерлеріндегі көлдерді атаңдар?

4.Қазақстан ауданында неше шаршы километрден асатын көлдер бар ?

5.Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

6.Көлдер қазаншұңқырларының пада болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?


Жеке жұмыс



2- минут


ІІІ. Жаңа сабақ «Ой қозғау» (видео)


Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашады.



15- минут


3-тапсырма « Алты қалпақ әдісі»

Ақ қалпақ

Каспий,Арал,Балқаш көлдері туралы жалпы мағұлмат беру.

Қара қалпақ

Каспий,Арал,Балқаш көлдерінің экологиялық мәселелерін ашу

Қызыл қалпақ

Каспий,Арал,Балқаш көлдері туралы сезімге беріліп,өлең шумақтарын келтіру

Сары қалпақ

Каспий,Арал,Балқаш көлдерінің пайдалы,шаруашылыққа маңызын айту

Жасыл қалпақ

Каспий,Арал,Балқаш көлдерінен қандай өзен келіп құяды .Картамен жұмыс

Көк қалпақ

Каспий,Арал,Балқаш көлдері қорытынды жасап,қазіргі жағдайы


Әр топ оқушылары алты қалпақты бөліп алып,мұғалімнің бағыттауы бойынша тапсырманы орындайды.



3- минут



4-тапсырма « Сандар сөйлейді»

«КАСПИЙ ТЕҢІЗІ» ТОБЫ

66, 1064, 428,235, 25

«АРАЛ ТЕҢІЗІ» ТОБЫ

390, 27 ,1200, 435 ,193, 700

«БАЛҚАШ КӨЛІ» ТОБЫ

18 200, 614, 74, 2383



Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында есте сақтау қабілеттерін оятады.




10- минут


5-тапсырма «Қызық хат»

№1 хат Каспий алабынан. Өзендер туралы ақын жазушылардың өлеңінен, әнінен үзінді оқу

№2 хат Арал теңізінің тұрғындарынан. Су туралы мақал- мәтелдер айт. (Көлдің көркі құрақ, Таудық көркі бұлақ. Сулы жер нулы жер. Судың да сұрауы бар т.б).


№3 хат Балқаш -Алакөл алабынан. Су туралы жұмбақ жасыр. (Жылт жылт еткен, жылғадан өткен. Жазда ағамын, Қыста қатамын. Ағынды, тұйық қос көл бар, Бірі тұщы, бірі ащы. Осы екі көл сұлудың Қос сырғасы сияқты.)


Оқушыларға шығармашылық жұмыс жасайды.




3- минут

V Бағалау:

Бағалау көрсеткіштері:

10-9 «5»

8-6 «4»

5-1 «3»


Оқушылар өз-өздерін бағалайды.



2-минут

VI Кері байланыс

Рефлексия-

«Қосу, алу, қызықты»

«Қосу» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Алу» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.


Стикер арқылы


2-минут

Үйге тапсырмасы:

- Каспий,Арал,Балқаш көлдері туралы эссе жазу


Үй тапсырмасын күнделікке белгілейді.

Қорыта айтқанда әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін тиімді қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.Оқушылардың ынтымақтаса жұмыс істейді, өзіндік пікірі қалыптасады, ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын тереңірек қолдана отырып,оқушылардың топтық жұмыста еркін жұмыс жасауына өз ойларын ашық айтуға пікірін дәлелдеуге жалпы алған білімін өмірде қолдана білуге жұмыстану.





































Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Мирситова «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері »

2. Географияны оқыту әдістемесі.Е.Каженбаев.

3 Мұғалімге арналған нұсқаулық (Үшінші басылым)








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі