Топтық оқыту барысында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары» тақырыбындағы жұмысына рефлекциялық есебі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтық оқыту барысында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары» тақырыбындағы жұмысына рефлекциялық есебі.

Материал туралы қысқаша түсінік
топтық жұмвс кезінде туындаған қиыншылықтарды шешу әдіс тәсілдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Топтық оқыту барысында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары» тақырыбындағы жұмысына рефлекциялық есебі.

«Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.  Олай болса практикалық жұмыс кезінде «Ерлігім-елім үшін» тақырыбында 6а сынып оқушыларымен өткізген сынып сағатында оқушыларды өз елінің патриоты, ата-анасын қадірлейтін, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл ойланатын топ алдында жасқанбай сөз бастайтын ,жасампаз тұлғаны қалыптастыруда, ата бабаларымыздың ерлік істерін құрметтеуге арналған сынып сағатының орыны ерекше деп ойлаймын.

Сынып сағатын топпен ұйымдастырып өткізудің  көптеген тиімді жақтары бар екеніне көзім жетті  мысалы,  сыныпта шағын топтар құрылғаннан кейін, әр топтарда топ басшылары сайланып, өз тобын алға сүйреуге ұмтылған көшбасшылар бар шеберліктерін көрсетуге тырысса, топтық жұмыстардағы оқушылардың бір-біріне деген жанашырлығы көрініп, олар топтық жұмыс жасай отырып, бір-бірімен еркін араласты. Бір-біріне жақындай түсті.

Сыныптағы  сабақтың жақсы өтуі ынтымақтастық атмосферасына  байланысты.Сондықтан ынтымақтастықты қалыптастыру кезінде менің үйренгенім оқушыларыма және өзіме де өзін-өзі реттеулеріне бағыт бердім. Себебі бұл,сыныптағы бірлескен жұмыста оқушылардың жауаптарын тыңдап,еркін ойлау дағдыларын дамытуды үйреттім. Шынында да,оқушыға уақыт беріп олардың ойларын, пікірлерін тыңдауда шыдамдылық мұғалімге аса қажет.    Тәжірибеде топпен жұмыс жааудағы жетістігім - барлық жұмысты топпен жұмыстануға үйрету, яғни сол арқылы ауқымды тақырыптарды оқушының жалғыз өзі емес,топпен талқылауға бағыттауымда болды.

ФОТОЛАР салыну керек: 1,2,3,4


Алайда менің зерттеуімде топпен оқыту барысындағы кездесетін қиыншылықтарды шешу болғандықтан, топпен жұмыс кезінде қандай қиындықтар болады, оны қандай жолдармен шешу керек деген мәселе бойынша жұмыс жасадым.

Топпен жұмыс кезінде топ мүшелерінің көп болуы,мінезі жәй өзімен өзі болып отыратын оқушылардың топқа араласпауы,оқушылардың берілген тапсырманы уақытында аяқтамауы,бір топ өз жұмысын қорғап жатырған сәтте келесі топтардың өз тапсырмаларымен айналысып тыңдамай зейін қоймауы,жұмыстың аяқсыз қалуы фактілері болатынын байқадым.

Көптеген ұстаздардың зерттеулері мен тәжірибелерін оқып біле отырып топпен жұмыс жасау кезінде қиындықтарды шешу жолдары бар екенін білдім.

Олар:

1.Топ мүшелері жұмыс кезінде маңызды ережеге бағыну керек

Нақты рөлдер бойынша жұмыс жасау,ол үшін әрбір оқушының міндеті болу керек, ал рөлдер:көшбасшы,баяндамашы,жазушы, бақылаушы.

2.Жақсы қарым-қатынас орнату:өзара сыйластық, бір-бірін тыңдай білу және келісімге келу.

3.Бағалау мен кері байланыс:жеке және топты бағалау,Тұрақты кері байланыс беру.

Топтық жұмыстың нәтижесі:

Оқушылар жұмыс кезінде ынтымақтастықта болып, бір біріне сенімі артады және жауапкершілікті сезінеді.Басқа топ мүшелерінің пікірлерін тыңдап, өз мүмкіндіктерін салыстырады.Бақылау кезінде көшбасшы анықталады.


Ойымды түйіндей келе айтарым, Топтық оқыту тиімді, бірақ оқушылардың жас ерекшелігін басты назарда ұстап жұмысты ұйымдастыра білу ең маңызды мәселе екенін түсіндім, мұғалім мен оқушы арасында өзара түсіністік болса кез келген кедергіні шешуге мүмкіндіктер  бар екенін білдім.

Мен осы топпен жұмыс кезіндегі тақырыпты оқып танысып, практикада қолдана отырып, топпен жұмыс жасау оңайлықпен келмейтінін,онда өзіндік қиындықтар бар екенін, ол қиындықтарды шешу жолдары да бар екенін үйрендім деп ойымды аяқтағым келеді.



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті»

білім беру бағдарламасының

ҚТӘ -11 (З) тобының 1- курс студенті

Кенжалиева Лаззат Ерсайынқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.05.2025
133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі