400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтық түзету-дамытушылық сабағы: "Бағдарламалық білім - математика: элементарлық есептеу".

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы сыныпта оқитын оқушыларға дефектологиялық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 04.10.2018 ж.

Сабақ: «Танымдық қызметінің түзетуі»

Сынып: 2 «К»

Түзету бағдары: Бағдарламалық білім - математика

Түзетудің мақсаты: Білімділігі: Оқушыларда екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптасады. Екі таңбалы сандарды қосу және азайту әдістерін талдайды, және қорытынды жасайды, топта кестелік қосу және азайту мысалдарын қайталайды, есепке сәйкес сызба сала білу дағдылары қалыптасады. Дамытушылығы, пәнге деген белсенділігі артады, логикалық ойлау, танымдық қызығушылығы дамиды.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа, алғырлыққа тәрбиелеу

Қосымша материалдар, заттар: көрнекілік суреттер мен сандар, карточкалар.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сыныпты түгендеу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Тыныш жүгіру»

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

  1. Пропедевтика

- Сан, сандар ұғымы, құрылымын сұрау;

- элементарлық есептеуде жауаптарды сұрау.

3. Бағдарлау

- Суретте көрсетілген сандар қатарын 1-ден 25-ке дейін; 25-тен бірге дейін жылдамдықпен көрсетіп айту;

- Сандар құрылымының түсінігін айқындау.

4.Презентация:  Матиматикалық диктант. «дұрыс емес бұрыс». Мұғалім дұрыс және бұрыс математикалық амалдарды оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. содан кейін мұғалім берген - + -+ + - + + жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.

- 7-нің алдында тұрған сан 5-ке тең.

- 4-тің алдына тұрған сан 3-ке тең

- 8-ден кейін тұрған сан 10-ға тең.

- 8+2 өрнегі 10-ға тең.

- 9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең.

- 4 пен 5 сандары 3-ке көрші тұрған сандар.

- 4 саны 5-тен кіші.

- 2 мен 7-нің қосындысының мәндері 9-ға тең.

5. Мысалдармен тәжірибелер:

Оқушылар бір-біріне ата-аналар жайлы сұрақтарды қояды, жауап береді.

6. Басқарушы тәжірибелер:

«Есептеу машинасы» ойыны. Мұғалім математикалық өрнектер оқиды.

2 + 1 + 7 - 8 + 10 - 2 - 4 + 1

6 + 2 – 4 + 4 – 3 + 5 – 2 – 4 – 2

4 – 3 + 9 – 8 + 7 – 3 + 2 – 6 + 3

Мақсаты: Оқушылар есептей отырып, цифр жазылған картачкалардың көмегімен өрнектің мәнін көрсетеді.

7.Рефлексия –Релаксация – Тыныс алуға арналған жаттығу.

8. Сабақ қорытыңдысы. Бүгін біз не істедік? – Не ұнады?

9. Балалармен қоштасу, бағалар арқылы, мотивацияларын арттыру үшін жылы сөздер айту.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі