400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Топырақ не үшін қажет?

Материал туралы қысқаша түсінік
Топырақ не үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1




















Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы

География

7-сынып


Page 2

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысы ның
нәтижесі.Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы
бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп
алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі
болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен
мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,
бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша
өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.




























2


Page 3

Мазмұны
1-тоқсан ............................................................................................................................................... 4
Бөлім 1. Географияны зерттеу тәсілдері .................................................................................... 4
Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы ................................................... 11
Бөлім 3. Физикалық география ................................................................................................... 15
2- тоқсан ............................................................................................................................................ 27
Бөлім 3. Физикалық география ................................................................................................... 27
3- тоқсан ............................................................................................................................................ 55
Бөлім 3. Физикалық география ................................................................................................... 55
Бөлім 4. Әлеуметтік география ................................................................................................. 79
4-тоқсан ............................................................................................................................................. 88
Бөлім 5. Экономикалық география ............................................................................................. 88
Бөлім 6. Елтану және саяси география негіздері ..................................................................... 108


3


Page 4


1-тоқсан

Бөлім 1. Географияны зерттеу тәсілдері
Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер

Тақырып Географияны зерттеу нысандары

Оқу мақсаты 7.1.1.1 Географияның зерттеу нысандарын анықтайды

Бағалау критерийі

Білім алушы
• География ғылымы және оның салаларын атайды
• Оның зерттеу нысандарын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

1. Кестеге география ғылымдарының салаларын жазыңыз.

Физикалық география ғылымдары
/салалары/
Экономикалық география
ғылымдары/салалары/
Геоморфология − Демография −

2. Сәйкестендіріңіз.

a. Геосфера 1. атмосфера
2. биогеоценоз
3. биосфера
4. гидросфера
b. Геожүйе 5. ландшафттану
6. литосфера
7. табиғи зоналар


Дескриптор Білім алушы
− география ғылымының салаларын жазады;
− зерттеу аумағына байланысты нысандарды сәйкестендіреді.





4


Page 5

Бөлім 1. Географияны зерттеу тәсілдері
Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер
Тақырып География ғылымының дамуы
Оқу мақсаты 7.1.1.2 Саяхатшылар мен зерттеушілердің география
ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттайды және баға
береді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Саяхатшылардың ғылымға қосқан үлесін талдайды
•Қазақ Географиялық Қоғамының жұмысына баға
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
1.«Ұлы Географиялық ашылулар» заманындағы (XVғ.соңы -ХVІІІ ғ.ортасы)
саяхатшылардың жүріп өткен бағытын атлас картадан анықтай отырып, кескін
картаға түсіріңіз.
2.Бір саяхатшы немесе зерттеушінің ғылымға қосқан үлесін SWOT анализ арқылы
талдаңыз.
SWOT –талдау әдістемесі SWOT – шешімдер
S
Жақсы жақтары
W
Әлсіз жақтары
O
Мүмкіндіктер
T
Қауіп-қатерлер
3.Қазіргі кездегі Қазақ Географиялық Қоғамының қызметіне баға беріңіз.
a. Қазақ География Қоғамы қашан құрылды? b. Қазақ География Қоғамы қандай жобалармен жұмыс жасауда? c. Қалай ойлайсыз, қазіргі Қазақ География Қоғамының зерттеулері, болашақта Қазақстан табиғатында болатын өзгерістердің алдын алуға көмектесе ме?
O T
S
W
5


Page 6

- саяхатшылардың жүріп өткен бағытын картадан анықтайды;
- кескін картаға саяхатшыларың жүріп өткен бағытын географиялық
нысандармен сәйкестендіріп, белгілейді;
- жеке саяхатшының немесе зерттеушінің ғылымға қосқан үлесін
SWOT анализ арқылы талдайды;
- Қазақ Географиялық Қоғамының құрылған жылын айтады;
- Қазақ Географиялық Қоғамының жұмыс жасап жатқан жобаларын
атайды;
- Қазақстан табиғатында болатын өзгерістердің алдын алуға
қатысты зерттеулерге болжам жасайды.
6
Дескриптор Білім алушы


Page 7

Бөлім 1. Географияны зерттеу тәсілдері
Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер
Тақырып Географиялық дереккөздері
Оқу мақсаты 7.1.1.3 Географиялық дереккөздермен жұмыс істейді:
карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық
материалдар
Бағалау критерийі Білім алушы
•Географиялық дереккөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
1.Берілген картасызбада саяхатшылардың зерттеу жолдары көрсетілген.
а. Картасызбадағы саяхатшылардың жүрген жолын және негізгі географиялық
нысандарды кескін картаға түсіріңіз.
b.Осы саяхаттардың маңыздылығын көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
- картасызбадан Васко да Гаманың жүріп өткен бағытын
анықтайды;
- саяхатшының жүріп өткен бағытындағы географиялық
нысандарды кескін картаға түсіреді;
- саяхаттың маңыздылығын көрсетеді;
- картасызбадан Ф.Магелланың жүріп өткен бағытын анықтайды;
- саяхатшының жүріп өткен бағытындағы георафиялық
нысандарды кескін картаға түсіреді;
- саяхаттың маңыздылығын көрсетеді.
7


Page 8

Бөлім 1. Географияны зерттеу тәсілдері
Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер
Тақырып Географиялық тәжірбиелер
Оқу мақсаты 7.1.1.4 Географиялық нысандардың қасиеттерін
тәжірибелік жолмен анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Географиялық нысандардың қасиетіне тәжірбие
жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Зерттеушілердің саяхаттары жайында ақпараттармен танысып, «Егер Христофор
Колумб Америка құрлығын бірінші ашқан болса, неге Америка құрлығы Америго
Веспуччидің атымен аталған?» деген тақырыпта шағын зерттеу жұмысын
жүргізіңіз. Нәтижесін кестеде көрсетіңіз.
Христофор Колумб Америго Веспуччи
Болжамдар
Деректер/дәлелдемелер
Қорытынды
Дескриптор Білім алушы
− ақпаратқа сүйеніп, болжам жасайды;
− қажетті деректерді /дәлелдемелерді анықтайды;
− зерттеу мәселелері бойынша қорытынды жасайды.
8


Page 9

Бөлім 1. Географияны зерттеу тәсілдері
Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер
Тақырып Далалық зерттеу әдістері
Оқу мақсаты 7.1.1.5 Географиялық далалық зерттеу әдістерін
қолданады, көрсеткіштерді тіркейді, жинақтайды, өңдейді,
талдайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Далалық зерттеу әдістері арқылы көрсеткіштерге
қорытынды жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Қолдану
Айналадағы нысандарды бағдарлаңыз (көкжиек тұстарын анықтау,
арақашықтықты өлшеу т.б.)
Бұл тапсырманы орындағанда, мұғалім алдымен оқушыларды далалық жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік ережелерімен,жұмыс ретімен және қолданылатын құралдармен қысқаша
таныстырады (азимут, көкжиек, тұсбағдар, рулетка). Сыныптағы оқушыларды шағын
топтарға бөледі.
Топтық жұмыс.
1. Айналаны бағдарлау
2. Күнге қарап көкжиекті бағдарлау
3.Тұсбағдар арқылы бағдарлау
4. Арақашықтықты өлшеу
Әр топ далалық зерттеу жұмыстарының қорытындысын видео, буклет, альбом, постер
түрінде ұсынады.
Дескриптор Білім алушы
− табиғаттағы қауіпсіздік ережелерімен танысады;
− далалық жағдайда карта бойынша айналасын бағдарлайды;
− тұсбағдарды қолданып, көкжиек тұстарын анықтайды;
− рулетканы қолданып, арақашықтықты өлшейді;
− жұмыстарына есептеулер жүргізеді;
− жұмыстарының қорытындысын постер, буклет, альбом, видео
түрінде қорғайды.
9


Page 10

Бөлім 1. Географияны зерттеу тәсілдері
Бөлімше 1.1 Зерттеулер және зерттеушілер
Тақырып Географияда графикалық әдістердің қолданылуы
Оқу мақсаты 7.1.1.6 Географиялық нысандардың, құбылыстардың және
үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелейді:
сызба, диаграмма, профиль, график
Бағалау критерийі Білім алушы
•Нысандар, құбылыстар және үдерістердің
ерекшеліктерін графикалық әдіс арқылы көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
География ғылымының зерттеу нысандарын иерахиялық деңгейлер бойынша
сәйкестендіріңіз (суреттердің сандарын сызбаның тиісті бағандарына толтырыңыз).
Дескриптор Білім алушы
− ге

қарай жеке иерархиялық (деңгейлік)
топтарға жіктейді;
− ғ

− аймақтық деңгей нысандарын сәйкестендіреді;
− жергілікті деңгей нысандарын сәйкестендіреді.
10


Page 11

Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы
Бөлімше 2.1 Географиялық карталар
Тақырып Географиялық картосхемаларды қолдану
Оқу мақсаты 7.2.1.1 Тақырып бойынша картосхемалар жасайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Картосхемаларды тақырыпқа қатысты жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Жергілікті жерді планға түсіру бойынша жұмыс ретін баяндау үшін берілген
сөйлемдерді ретімен орналастырыңыз.
Заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу.
Планшетке шартты белгілерді түсіру .
Заттарға қатысты бағыттарды анықтау.
Планшетті дайындау.
Масштабты анықтау.
2.Планда көрсетілген шартты белгілерді пайдаланып,
табиғатқа саяхат жасау маршрутын баяндайтын әңгіме құрастырыңыз.
.
3.Сынып бөлмесі немесе мектеп ауласының планын жасаңыздар (топтық жұмыс).
Дескриптор Білім алушы
− кестеге план сызу ретін дұрыс көрсетеді;
− шартты белгілерді қолданып, әңгіме құрастырады;
− шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің планын
сызады.
11


Page 12

Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы
Бөлімше 2.1. Географиялық карталар
Тақырып Географиялық номенклатура
Оқу мақсаты 7.2.1.2 Географиялық номенклатура нысандарын
картадан көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Номенклатура нысандарын ажыратады
•Картадан көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Атлас карталары бойынша географиялық карта мен топографиялық
картадағы шартты белгілерді анықтап, тиісті торкөзге /+/ таңбасын қою
арқылы сәйкестендіріңіз.
Шартты белгі
Карта
Топографиялық
Географиялық
2.Атлас карталарын қолдана отырып, аталған елдерге берілген жоспар бойынша
сипаттама жасаңыз.
Елдің атауы Қазақстан Италия Перу Аустралия
Астанасы
Жер бедері
Ең биік нүктесі
Пайдалы қазбалары
Өзендері
Дескриптор Білім алушы
− план мен картаның оқуда шартты белгілерін ажыратады және
шартты белгілері бойынша карталарды топтастырады;
− карталарды пайдаланады;
− астанасын анықтайды;
− жер бедерін анықтайды;
− ең биік нүктелерін салыстырады;
− пайдалы қазбалардың түрлерін анықтайды;
− өзендерін атайды.
12


Page 13

Бөлім 2. Картография және географиялық деректер базасы
Бөлімше 2.2. Географиялық деректер базасы
Тақырып Географиялық деректерді ұйымдастыру
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Географиялық нысандарды топтастырып кесте
түрінде көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Географиялық нысандарды жинақтап, кестеде
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білу және түсіну
1.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
І. Сандық масштабты атаулы масштабқа айналдырыңыз.
а. 1 : 4 000 -
b. 1 : 50 000 -
c. 1 : 900 000 -
d. 1 : 700 -
e. 1 : 10 000 000 -
f. 1 : 350 000 –
ІІ. Атаулы масштабты сандық масштабқа айналдырыңыз.
a. 1 см 50 м -
b. 1 см 7 км -
c. 1 см 600 м -
d. 1 см 30 км -
e. 1 см 400 км -
f.1 см 8 000 км –
ІІІ. Келесі масштаб түрлерін сызықтық масштаб түрінде көрсетіңіз.
a. 1 см-де 350 км -
b. 1: 90 000 000 –
2.Карта мен глобустағы меридиан мен параллельдердің негізгі ерекшеліктерін
анықтап, кестені толтырыңыз.
Градус торы сызықтарының белгілері Меридиандар Параллельдер
Көкжиек тұстары бағыттары С О Б Ш
Градуспен алғандағы ұзындығы
1км алғандағы ұзындығы
Глобустағы пішін
Жарты шарлар картасындағы пішіні
3.Масштабты қолданып, Астана және әлем елдері астаналары арасындағы
қашықтықты есептеңіз.
Астана – Москва, Астана – Вашингтон, Астана – Лондон, Астана – Пекин.
13


Page 14

4.Берілген қалалардың географиялық координаталарын анықтаңыз.

Қалалар Ендік (с.е. және о.е.) Бойлық (ш.б. және б.б.)
Астана
Париж
Ташкент
Дескриптор Білім алушы
− сандық масштабты атаулы масштабқа айналдырады;
− атаулы масштабты сандық масштабқа айналдырады;
− сызықтық масштабпен көрсетеді;
− географиялық ендік пен бойлықтың негізгі қасиеттерін жазады;
− картадағы масштабты қолданып, берілген қалалар арасындағы
қашықтықты есептейді;
− картаны қолданып, берілген қалалардың географиялық
координатасын анықтайды.
14


Page 15

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.1 Литосфера
Тақырып Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
Оқу мақсаты 7.3.1.1 Литосфераның құрылысы мен заттық
құрамын анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Литосфераның құ
рылысы мен құрамын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
1.Сызба нұсқаға жер қыртысының құрылысын және оның құрамын жазыңыз.
2.Тау жыныстарының ерекшеліктерін сипаттап, кестені толтырыңыз.
Сұрақтар Шөгінді тау
жыныстары
Магмалық тау
жыныстары
Метаморфтық тау
жыныстары
Түрлері
Пайда болуы
Кездесетін
аймақтары
Дескриптор Білім алушы
− сызбаға литосфераның құрылысын жазады;
− әр құрылымның құрамын анықтайды;
− кестеде литосфераның заттық құрамы, тау жыныстарының
ерекшеліктерін көрсетеді;
− кестеге шөгінді тау жыныстардың түрлерін, пайда болу жолын,
негізгі кездесетін аймақтарын жазады;
− кестеге магмалық тау жыныстардың түрлерін, пайда болу
жолын, негізгі кездесетін аймақтарын жазады;
− кестеге метаморфтық тау жыныстардың түрлерін, пайда болу
жолын, негізгі кездесетін аймақтарын жазады.
1.
2.
3
1.
2.
15


Page 16

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.1 Литосфера
Тақырып Жердің тектоникалық құрылысы
Оқу мақсаты 7.3.1.2 Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық
плиталардың орналасуын картадан
көрсетеді және сипаттайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Жердің тектоникалық құрылымын анықтайды
•Литосфералық плиталарды картадан көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.А
плиталардың шекараларын және негізгі қатпарлы аймақтарын кескін картаға
түсіріңіз.
2.Жоспар бойынша литосфералық тақталардың (плиталардың) біреуінің
(таңдауыңыз бойынша) қазіргі қозғалысын атлас карталарынан анықтап, талдау жасаңыз.
Жоспар
Тақтаның /Плитаның/ атауы
Шекараласатын тақталар / плиталар/
Қозғалу жылдамдығы
Қозғалу бағыты
Қорытынды
Дескриптор Білім алушы
− картадан ірі литосфералық тақталарды көрсетеді;
− кескін картаға ірі литосфералық тақталарды және негізгі
қатпарлық аймақтарды сызады;
− таңдап алған тақтаны (плитаны) жоспар бойынша сипаттайды;
− өз болжамын дәлелдермен қорытындылайды.
16


Page 17

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.1 Литосфера
Тақырып Литосфераның тектоникалық қозғалыстары
Оқу мақсаты 7.3.1.3 Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын
талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг
Бағалау критерийі Білім алушы
•Тектоникалық қозғалыстардың түрлерін жіктеп
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.А.Вегенердің «Континенттер дрейфі» теориясы жайлы бейнефильмді көріңіз.
a. Литосфералық тақталар қозғалысы түрлеріні ң атауларын сызбаларына сәйкест ендіріңіз
(субдукция, коллизия, спрединг) және таралған аймақ тарын кестеге жазыңыз .
b.Литосфералық плиталардың қ
озғалыс себептерін және салдарын талдап кестені
толтырыңыз.
Қозғалыс үрлері Таралған аймақтар Себебі Салдары
.1.....................................
2……………………
3.................................
2.Картадан таңдауыңыз бойынша (жазықтар немесе таулар) бір жер бедерінің түрін
алып, төмендегі сұрақтар арқылы зерттеу жүргізіңіз.
a. Жер бедерінің түрін анықтаңыз.
b.Жер қыртысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, жер бедерінің
қалыптасу заңдылығын анықтаңыз.
c. Биіктік шкаласын, бояуларды пайдаланып, биіктіктігін және жасын ажыраты ңыз.
d.Тақталардың қозғалысы картасын пайдаланып, болашақтағы өзгерісіне зерттеу жасаңыз.
17


Page 18

Дескриптор Білім алушы
− тақталар қозғалысының сызбасын кескін картада көрсетеді, ірі
аймақтарды атап, қозғалу бағытын сызады;
− кестеде көрсетілген суреттеден литосфералық тақталардың қозғалыс
түрлерін анықтайды;
− қозғалыс аймағын жазады;
− себебін түсіндіреді;
− салдарына мысалдар келтіреді;
− өзі таңдап алған аймақтың жер бедерінің түрін анықтайды;
− қалыптасу заңдылығын жазады;
− биіктіктері мен жасын анықтайды (бояуларды пайдалана отырып);
− болашақтағы өзгерісіне болжам жасайды.
18


Page 19

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.1 Литосфера
Тақырып Литосфералық катаклизмдер
Оқу мақсаты 7.3.1.4 Литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын,
таралуын түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Апат аймақтарының пайда болу себептері мен
таралу заңдылықтарын дәлелдейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерде апат түрлері берілген. Тақырыптық карталарды қолданып, кестені
толтырыңыз.
1-с урет 2-сурет 3-сурет
Сурет Апаттың түрі Себебі Кездесетін
аймақтары
Зардаптар
1-сурет
2-сурет
3-сурет
Дескриптор Білім алушы
− апат түрлерін анықтайды;
− апат түрінің пайда болу себебін түсіндіреді;
− апат түрінің қай аймақта жиі кездесетінін жазады;
− апат түрінің негізгі зардаптарын талдайды.
19


Page 20

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.1 Литосфера
Тақырып Литосфералық катаклизмдер
Оқу мақсаты 7.3.1.5 Жергілікті компонент негізінде литосфералық
катаклизмдер барысында өзін-өзі ұстау ережелерін
түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Апат болған жағдайда өзін ұстау ережелерін
құрастырады (жергілікті компонент негізінде)
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Төменде берілген суретті қолданып, жер сілкінісі болған жағдайында адамдардың
үй ішіндегі өзін ұстау ережесін құрастырыңыз.
20


Page 21

2.Суреттер арқылы адамдардың су басу жағдайында өзін ұстау ережесін
құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- жер сілкінісі жағдайында өзін ұстау ережесін құрастырады;
- су басу болған жағдайында өзін ұстау ережесін құрастырады.
21


Page 22


Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 1. Географиялық зерттеу әдістері
Тақырып 1.1 Зерттеу мен зерттеушілер
Оқу мақсаты 7.1.1.3 Географиялық дереккөздермен жұмыс істейді:
карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық
материалдар
Бағалау критерийі Білім алушы
•Географиялық дереккөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
1.Фотосуреттер бойынша апат түрлерін анықтап, төмендегі кестеге толтырыңыз.
1 2 3
№ Апат түрі Таралу аймағы Ерекшеліктері
1
2
3
Дескриптор Білім алушы
− фотосуреттерден апат түрлерін анықтайды;
− олардың таралу аймақтарын жазады;
− әр апат түрінің ерекшеліктерін сипаттайды.
22


Page 23

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 1. Географиялық зерттеу әдістері
Тақырып 1.1 Зерттеу мен зерттеушілер
Оқу мақсаты 7.1.1.6 Географиялық нысандардың, құбылыстардың және
үрдістердің ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелейді:
сызба, диаграмма, профиль, график
Бағалау критерийі Білім алушы
•Нысандар, құбылыстар және үдерістердің
ерекшеліктерін графикалық әдіс арқылы көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Тянь-Шань тауының профилін түсіріңіз.
Ең биік нүктесін анықтаңыз.
Осы аймақта болатын апатты құбылысты анықтаңыз.
Қайталану жиілігі және оның себебін түсіндіріңіз.
Салдарына мысалдар келтіріңіз.
Дескриптор Білім алушы
− таудың профилін сызады;
− ең биік нүктесін анықтайды;
− осы аймақта болатын апатты құбылыстарды атайды;
− осы құбылыстардың қайталану жиілігін және себебін
анықтайды;
− салдарына мысалдар келтіреді.
23


Page 24

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 2. Картография және географиялық деректер базасы
Тақырып 2.1 Географиялық карталар
Оқу мақсаты 7.2.1.1 Тақырып бойынша картосхемалар жасайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Картосхемаларды тақырыпқа қатысты жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Дүниежүзінің сейсмикалық қауіпті аудандары» картасын пайдаланып, кескін
картада с ейсмикалық белдеулерді көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− кескін картада сейсмикалық белдеулерді көрсетеді.
24


Page 25

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 2. Картография және географиялық деректер базасы
Тақырып 2.1 Географиялық карталар
Оқу мақсаты 7.2.1.2 Географиялық номенклатура нысандарын
картадан көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Номенклатура нысандарын ажыратады
•Картадан көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен мемлекеттерді кескін картада
көрсетіңіз.
Чили, Тибет, Армения, Гватемала, Филиппин, Тайланд, Жапония, Үндістан, Моңғолия,
Қытай.
Дескриптор Білім алушы
− жер сілкінісінен зардап шеккен мемлекеттерді картадан
тауып, кескін картада белгілейді;
− цунамиден зардап шеккен мемлекеттерді картадан тауып,
кескін картада белгілейді.
25


Page 26

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.1 Картография және географиялық деректер базасы
Тақырып 2.1 Географиялық деректер базасы
Оқу мақсаты 7.2.2.1 Географиялық нысандарды топтастырып кесте
түрінде көрсетеді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Географиялық нысандарды жинақтап, кестеде
көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жер қыртысының қозғалыс түрлерін топтастырып сипаттаңыз.
Қозғалыс түрі Себептері Салдары Нәтижесі
Дрейф
Субдукция
Дескриптор Білім алушы
− -жер қыртысының қозғалыс түрлерін анықтайды;
− -кестеде себептерін және салдарын жазады;
− - нәтижесін көрсетеді.
26


Page 27

2- тоқсан
Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.2 Атмосфера
Тақырып Атмосфера және оның құрамдас бөліктері
Оқу мақсаты 7.3.2.1 Атмосфераның құрамын сипаттайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Атмосфера құрамын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Атмосфералық ауаны құрайтын газдардың пайыздық үлесін, берілген диаграммада
көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− атмосфера ауасын құрайтын газдардың пайыздық үлесін
диаграммада көрсетеді.
27


Page 28

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.2 Атмосфера
Тақырып Атмосфера және оның құрамдас бөліктері
Оқу мақсаты 7.3.2.2 Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының
ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін талдайды
•Әр қабаттың маңыздылығын графикалық түрде
бейнелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолану
Тапсырма
1.Сызбада атмосфераның қабаттары берілген, тапсырманы орындаңыз.
a.Әр қабаттың жер бетіндегі тіршілік үшін ерекшелігін талдаңыз.
b.Қабаттардың маңыздылығын атап көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− кескінді пайдаланып, әр қабаттың ерекшелігін талдайды;
− жер бетіндегі тіршілік үшін қабаттардың маңыздылығын
көрсетеді.
28


Page 29

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.2 Атмосфера
Тақырып Ауа райы және метеорологиялық элементтер
Оқу мақсаты 7.3.2.3 «Ауа райы» ұғымын түсіндіреді
Бағалау критерийі Білім алушы
•Ауа райы ұғымы мен оны құрайтын элементтерді
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Білу және түсіну
1.Төмендегі сұрақты топта талдаңыз.
Ауа райын білудің маңызы қандай?
2.Ауа райы элементтеріне кластер құраңыз.
Дескриптор Білім алушы
− «ауа райы» ұғымына анықтама береді;
− aуа райын білудің маңызын анықтайды;
− ауа райын құрайтын элементтерді атайды.
Ауа райы элементтері
29


Page 30

Бөлім 3. Физикалық география
Бөлімше 3.2 Атмосфера
Тақырып Ауа райы және метеорологиялық элементтер
Оқу мақсаты 7.3.2.4 Температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-
шашын, ылғалдылық, метеорологиялық элементтер і мен
құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын
анықтайды
Бағалау критерийі Білім алушы
•Ауа райы элементтері мен құбылыстарын зерттеудің
маңыздылығын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Қолдану
1.Суреттегі метеорологиялық құралдардың аттарын ж азыңыз, қолданылуын
көрсетіңіз.
А. атаулары
В. қолданылуы
2.Ауа райы элементтері маңыздылығын сипаттап жазыңыз.
№ Метеорологиялық
элемент
Маңыздылығы
1 Температура Ауа температурасының өзгерістерін бақылай отырып,
температураның адам ағзасына зиянды әсерін (ыстықтың
немесе аяздың) алдын алуға мүмкіндік аламыз
2
3
4
5
6
30


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
337
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі