жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Топырақтың қандай қасиеті бар?
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||
|
Пәні: |
Жаратылыстану |
|||||
|
Бөлім: |
Топырақ |
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сынып: |
3 |
|
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№19 сабақ Топырақтың қандай қасиеті бар? |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
3.3.4.2 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа) 3.1.2.2 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес көрсету мен қорытынды жасау; |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Топырақтың қасиеті туралы біледі |
|||||
|
Құндылықтар: Қаңтар айы: Заң және тәртіп |
Сабақ құндылығы: ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ Апта дәйексөзі: Әділ заң- аспан тірегі
|
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақ тың басы 5 минут Өткенді пысықтау 5 минут Сабақ тың ортасы 20 минут Сергіту сәті 2 минут Сабақты қорыту 8минут Кері байланыс 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Өткенді пысықтау 1.Оқулықтағы топырақ жайлы мәліметтерді оқу және қосымша мәліметтер жинақтап келу. 2. Біліміңді тексер! Өткен тақырып бойынша тест сұрақтары 1. Топырақтың құрамына нелер кіреді? a) ауа, су, қарашірік, құм, саз b) құм, саз, ағаш, жапырақ c) жәндіктер мен өсімдік қалдықтары 2.Топырақ деген ...: a) құм мен тас b) саз балшық c) жердің өсімдік өсетін беткі қабаты 3. Қарашірік дегеніміз....: a) топырақ бетіндегі заттар b) жердің беткі борпылдақ қабаты c) шіріген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары Құндылық мақсаты: Түрлі объектілердің жеке белгілерін салыстыра білу, заттарды жалпы белгілер бойынша талдау, біріктіру Жаңа тақырып 1-тапсырма «Тәжірибе алаңы» әдісі Топырақтың түсі. Оқушыларды шағын топтарға бөлу. Әр топқа әртүрлі топырақ салынған үш пластикалық стақандар тарату Топырақтардың түсі неге әртүрлі екенін, құрамында қандай заттың көбірек екенін топта талқылау және ойларын ортаға салуға қолайлы жағдай туғызу. ФС тапсырмасы 2-тапсырма Топырақтың борпылдақтығы. Стақандардағы топырақпен эксперимент жүргізу. Саз бен қаратопырақ стақандарынан бір уыс топырақ алып, екі алақанға қысу. Алақанды ашу. Не өзгерді? - Қай жерде ауа көбірек екен? - Топырақтың ішінде ауа қай жерде болады? - Сазды топырақты қалай атауға болады? - Құрамында ауа көп топырақты қалай атайды? - Топырақта ауа не үшін керек? - Топтың ортақ шешімін кестеге толтырып, басқалармен ой бөлісу. Сергіту сәті Топтық жұмыс 3-тапсырма Топырақтың басты қасиеті. Тақтаға «құнарлылық» сөзін жазу. Жазылған сөздің түбірін анықтау. - Құнарлы топырақ дегенді естулерің бар ма? - Құнарлы топырақ деген нені білдіреді? - Қандай топырақ ең құнарлы деп ойлайсыңдар? - Неге? Бірлескен жұмыс ЕҚБ және ЕҚБ Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен танысқан соң, жұпта борпылдақ және құнарлы, сазды және құмды топырақты салыстырып сипаттау. (Венн диаграммасы) Топтық жұмыс 5-тапсырма Зертте. Топырақта су қалай қозғалады? Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық А) Әр топ зерттеу сұрақтарын дайындап, болжам жасау. - Топырақтағы су қай бағытта қозғалады? - Болжамдарды тексеру үшін не істеу керек? Ә) Әр топ эксперимент жоспарын құру. Біреуінде топырақ, екіншісінде тастар салынған стақандарға аздап су құю. Біраз уақыттан кейін стақандардың түбіне қарау. Су көріне ме? Б) Қорытындыны жазу. Үй тапсырмасы 6-тапсырма Сен білесің бе? Бақшада көгөністен басқа не өсетінін біл. Арамшөптің сұрпы бойынша топыраққа ненің жетіспейтінін, оның құрамын қалай өзгерту керектігін анықтауға болатынын айт. Кері байланыс
|
Өлең жолдарын хормен оқиды Өткенді пысықтайды Тест тапсырмаларын орындайды Тапсырманы орындайды Тәжірибе жасайды Кестені толтырады Тапсырманы орындайды Үй тапсырмиасын алады Кері байланыс жасайды |
Дескриптор: Оқулықтағы топырақ жайлы мәліметтерді оқиды және қосымша мәліметтер жинақтап айтады-1б Өткен тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап береді-1б
Дескриптор: Топырақтардың түсі неге әртүрлі екенін, құрамында қандай заттың көбірек екенін анықтайды-2б Тамаша жұмыс! Дескриптор: Топырақтың борпылдақтығы туралы біледі, дәлелдейді-1б Жарайсыңдар!
Тамаша жұмыс орындадыңдар! Дескриптор: Топырақта су қалай қозғалатынын анықтайды-1б Зерттеу жұмыстарына қорытынды жасайды-1б
«Жұлдыздар шеруі» әдісі |
Суреттер Оқулық Тест парақтары Оқулық Жұмыс дәптері Суреттер Оқулық Оқулық Оқулық Суреттер Кері байланыс тақтасы |
||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген