жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰНАРЛЫ ҚАБАТЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰНАРЛЫ ҚАБАТЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Айдарова Гүлнұр Жетпісбайқызы
Мақтарал аграрлық колледжі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі– еліміздің аграрлық саласын өркендету. Осы жолдауда республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі жолы ретінде еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айрықша атап өтілген.
Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-ақ топырақ құнарлығын сақтап қалпына келтіру мәселелері егіншіліктің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Бұл тәсілдердің кешені топырақ құрлымының тозуына, құнарлығының азаюына, топырақ ылғалын жоғалтуға және түсімділіктің азаюына қарсы бағытталған.
Топырақты үнемі күтіп-баптап, оның құнарлылығын жылдан-жылға арттыру қажет. Бұл келешек ұрпақтар үшін де маңызды.
Егіншілікте заттар айналымына ең күшті әсер ететін шара–органикалық және минералды тыңайтқыштар енгізу. Жыл сайын егістік бойындағы 2,5 млн. тонна қоректік заттар өнімнің өсуі үшін шығындалады. Оны қалпына келтіру үшін жыл сайын топыраққа 1,8 млн. тонна фосфорлы, 1,1 млн. тонна азотты және 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштарын енгізу қажет.
Кейінгі кезде Қазақстан егіншілігіндегі күрделі экологиялық жағдайларды ескермеу салдарынан суарылатын ауыспалы егістердегі топырақ құнарлылығы, оның ішінде қарашірінді 25-35 пайызға кемігендігі белгілі. Себебі, топырақтың агрохимиялық және агрофизикалық жағдайы нашарлап, топырақ нығыздалып, эрозияға ұшырап, еліміздің көпшілік аймақтарының топырақ экологиясы бұзылған. Құнарлылығы төмендеген, ластанған жерлер көлемі республикамызда 85-90 млн. гектарға жетіп отыр. Суармалы жерлердің ауданы мен оларда егілетін ауыл шаруашылық дақылдарынан алынатын өнім күрт төмендеп кетті. Суармалы жерлерден түсетін табыс мөлшері азайып, шаруалар кей жылдары шығарған шығындарын өтей алмай қалуда.
Ғылыми жұмыстың жаңашылдығы: Жерді тиімді пайдалану үшін, біріншіден топырақ ғылымының даму бағыттарын, екіншіден топырақ жамылғысының жағдайы мен топырақта болып жатқан өзгерістердің заңдылықтарына антропогендік фактордың әсерін анықтап, оны шешу жолдарына арналған ұсыныстар дайындап өндіріске енгізіп келеді. Оның бірі қатты тұзданған сілтілі топырақтарды игерудің жаңа технологиясы. Егер айта кететін болсақ сондай тыңайтқыштардың бірі өзіміздің Шымкенттегі фосфор зауытының қалдықтарына түрлі қоспалар қоса отырып даярлаған фосфоргипс. Ол жыл сайын заводтан шығарылып қайда тастарымызды білмей экологияға зиянын тигізіп отырған қалдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаңа технологияның бір ерекшелігі тұздардың топырақтағы деңгейіне және топырақтың механикалық құрамына, оның құнарлылығына байланысты түрлі модификациясын пайдалануға болады. Ал екінші ерекшелігі – оның егістікте тонналап емес, граммдап берілетіндігінде, яғни аз шығын жұмсалатындығында. Сонымен бірге, топырақтанушы ғалымдар тозғындауға, бүлінуге ұшыраған жерлерде наноагромелиоративтік әдістерді пайдалана отырып топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартуға және топырақтың құнарлылығын арттыруға, осы арқылы ауыл шаруашылық дақылдардан қосымша 65 пайызға дейін өнім алуға болатынын дәлелдеп, іс жүзіне асырып келеді. Нәтижесінде астық дақылдарындағы дәннің белоктық заты (ұлпасы) бес пайызға дейін көбейіп, көкөніс дақылдарындағы нитраттар бірнеше есе азаятындығы, сонымен бірге дақылдар өніміне судың аз көлемде қолданылатыны анықтады.
Сонымен қатар топырақтың құрамын жақсартуымен бірге жерді емдейтін дәрумен МЭРС микробиотыңайтқышы топырақтанушы ғалымдармен бірге өндіріске кең көлемде ендіріліп келеді. Оның берер пайдасы өсімдіктерді көптеген макро, микроэлементтер және микроорганизмдермен қамтамасыз ете отырып, топырақта қоректік заттады тиімді, ал минералды тыңайтқыштарды үнемді етеді және химиялық улы заттардың кері әсерін азайта отырып дақылдардың экологиялық таза өнімін арттырып, сапасын жақсартады. Бақылау нысандарымен салыстырғанда МЭРС микробиотыңайтқышы өнімді бір жарым есеге дейін көбейтеді.
Зерттеудің мақсаты: Егін шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға топырақ құнарлығын арттыру, өндіріске озық технологиясын енгізу, жерді химияландыру, яғни тыңайтқыштарды пайдалану, егістік жерлердің құрлымын жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.
Әдеби шолу:
Суармалы жерлерде орын алған жоғарыдағы келтірілген кері әсерлерді жою әдістерінің бірі – фосфогипсті сортаң топырақтарға мелиорант ретінде енгізу. Фосфогипсті суармалы жерлерде химиялық мелиорант ретінде пайдаланудың тиімділігі, оның химиялық құрамына тікелей байланысты. Себебі, оның құрамында кальцийдің мөлшері 25,67-27,53 пайыз аралығында өзгереді. Сонымен қатар, фосфогипстің құрамында фосфор, кальций, өсімдікке қажетті микроэлементтер бар және оның ортасы қышқылды орта болып саналады. Сондықтан, фосфогипстің құрамындағы фосфор топыраққа жылдам ауысып, оның құнарлығын арттырады. Өзінің тиімділігі жағынан фосфогипс гипстен асып түседі. Себебі, гипсті сілтілі топырақтарға пайдаланғанда кальцитті қабықша пайда болып, оның ерігіштігі төмендейді.
Қазақстанның суармалы жерлерінде соңғы 15-20 жыл аралығында құрамында кальций катионы бар минералды тыңайтқыштарды жеткіліксіз мөлшерде пайдаланғандықтан топырақ құрамындағы кальцийдің мөлшері сумен шайылумен қатар, өсімдіктермен шығындалу нәтижесінде азайып кетті. Сондықтан, көптеген суландыру жүйелерінде топырақтың сортаңдануы мен сілтіленуі кең көлемде орын алуда. Топырақ құрамындағы кальций мөлшерінің азаюынан, оның құрылымы нашарлап, топыраққа су тиген кезде ақпа батпаққа, ал кепкен кезде тілім-тілім болып жарылатын қатты кесекке айналады.
Атап айтсақ біздің Мақтаарал ауданында топырақтың сортаңдануының екі түрі орын алуда. Суармалы топырақтың сіңірімділік кешенінде магний катионының шектен тыс (30 пайызға) артуы орын алып, магнийлі сортаңдану үдерісі жеделдеуде. Қазақстанның қалған аймағында топырақтың сіңірімділік кешенінде негізінен натрий катионы шектен тыс көп жиналып, натрийлі сортаңдану орын алуда.
Сондықтан сортаңданған және сілтілі топырақтың құрылымын жақсартып, құнарлығын арттыру, химиялық мелиорациялауды қажет етеді. Химиялық мелиорациялау барысында мелиорант ретінде құрамында кальций катионы бар заттар қолданылады. Мысалы, ондай мелиоранттарға гипс, кальцийлі хлор, дефекат (қант өндірісінің қалдықтары), фосфогипс (фосфор өндірісінің қалдықтары), күкірт қышқылы және т.б. заттар жатады. Жалпы, Қазақстан бойынша ең тиімді және арзан химиялық мелиорант фосфогипс болып саналады. Сондықтан, біз өзіміздің колледждің оқу тәжірибе учаскелерімізде жүргізген зерттеулерімізде фосфоргипсті қолдандық. Оны Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жасаған технология бойынша топыраққа енгіздік.
Бұл технология негізінен, күзде егінді жинап болған соң, топырақтың сортаңдығы мен сілтілігін анықтау мақсатында топырақ үлгілерін химиялық сараптамаға алуды және жерді 25-30 сантиметр тереңдікке жыртуды қарастырады. Фосфогипсті топырақ бетіне біркелкі етіп сеуіп сүдігер жырту кезінде топырақпен араластырылады.
Жауын-шашын, қысқы сор шаю суымен көктемге дейін еріп топырақпен араласып топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартады. Тәжірибе учаскілерінде фосфогипстен соң топырақтың мелиоративтік жағдайы жақсарып 2016 жылмен салыстырғанда мақтаның өнімі 8ц/га артқанын көрдік. 2016 жылы сол тәжірибе учаскесінде 22 ц/га өнім алынған еді. Ал 2017 жылы топыраққа фосфогипсті ендіргеннен кейін өнімділік 30ц/га жетті. Топырақтың сортаңдығы мен сілтілігін анықтау мақсатында топырақтан үлгілер алып ауданымыздағы мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында химиялық сараптама жасағанымызды оң нәтиже бергенін көрдік. Топырақ құрамындағы тұздардың мөлшері 0,55-0,80%-дан нашар 0,35-0,15 % төмендегенін көрдік.
Біздің ғалымдар топырақтың құрамын жақсартумен бірге жерді емдейтін дәруменді тапқан сыңайлы. “Ана Жер” ҒӨБ ЖШС президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Усманов бастаған ғалымдар жер қыртысын тыңайтатын әрі өсіріп жатқан дақылға пайдасы мол МЭРС тыңайтқышын өндіріске қосып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінде де тыңайтқыштың осы түрімен жұмыс жасау қолға алынуда.
“Б” МЭРС маркалы шағын биотыңайтқышының құрамында өсімдікке қажетті темір, жез, цинк, молибден, марганец, бром және кобальт элементтері бар. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 1 грамм жер қыртысына 1,5 млрд-қа дейін микроорганизм беріледі екен. Осының есебінен өсімдік қорек алады. Бактериялардың көптеген түрі ауадан азот алып, топырақ құнарына сіңіріп, құрамын байытады. Диқандар жерді суландыру кезінде негізінен аммиак селитрасы мен фосфор және калийсіз азот тыңайтқыштарын пайдаланып келді. Дақылдың тез өсуін қамтамасыз ететін тыңайтқыштардың жер құнарын деградацияға ұшырататынын аңдай қоймайды. Ондаған жылдар бойы тек азот тыңайтқыштарын алып келген жердің түбінде жарамсыздануына сол диқандар емес, ең алдымен ғалымдарымыз да кінәлі-ау. Оған тыңайтқышсыз қылтанақ шықпайтын біздің Мақтааралдағы жер алқаптарын мысалға келтіруге болар.
Мәселен, интенсивті технологияны пайдаланып, гектарына 1000-1500 кило аммиак селитрасын сіңіріп өсірген пиязды айтуға болады. Екі жыл қатарынан пияз егілгеннен кейін бұл жерге 4-5 жылға дейін жоңышқа секілді жердің құнарлығын көтеретін дақылдар екпесеңіз, жердің құнарлы қыртысынан айырылып қаласыз.
Өзіндік зерттеулер: 90 жылдық тарихы бар біздің Мақтарал аграрлық колледжінде 0,24 соттық жерде жылыжайымыз бар. Ол жылыжайда «Фермер шаруашылығы», «Табиғатты қорғау және экология» мамандықтарытарының студенттерімен оқытушылар зерттеу тәжірибелік жұмыс жүргіземіз.
Мен осы жылыжайда микробиологиялық тыңайтқыштардың құнарлығын арттыруда алатын орны ерекше екендігін көрсететін өз тәжірибемді жүргіздім. Мен МЭРС микробиотыңайтқышының қиярды өсіру барысында топыраққа тигізетін әсеріне тәжірибе жүргіздім. Ол үшін қаңтарда қияр көшетін жылыжайға ектік. Егілген көшеттерді өз қамқорлығыма алып күтіп баптадық. Көшеттерге үстеме қореқ ретінде суға араластырылған МЭРС микробиотыңайтқышымен қоректендіріп отырдық.

МЭРС микробиотыңайтқышының құрамында өсімдікке қажетті темір, цинк, молибден, марганец, бром және кобальт микроэлементтер мен қатар микроорганизмдерде болғандықтан біздің отырғызған көшеттеріміз жақсы өсе бастады. Тыңайтқыштардың құрамындағы микроорганизмдер мен бактериялар ауадан азотты алып топырақтың құрамына сіңіріп, топырақтың құрамын байытып құнарлығын арттырып отырды. Бұрынғы пайдаланып жүрген көшеттердің өсуін тездететін амияк селитрасы, фосфор, калийсыз азотты тыңайтқыштар берілген жоқ. Азот тыңайтқыштарды үздіксіз беру топырақтың құнарын деградацияға ұшырататынын біз білеміз.
Ал біздің МЭРС микробиотыңайтқышын бергеннен кейін 1грам жер қыртысына шамамен 1,6 млрд-қа дейін микроорганизмдердің топыраққа енуі әсерінен топырақтың құнарлығы күн санап арта бастады. Қиярдың гүлдеуі жоспарлағаннан 6-7 күнге ерте басталды. Ал жемістің құрамындағы нитрат туралы айтпасақта болады.
Өзіндік зерттеулердің нәтижелері: Қиярдың өнімі көшетті отырғызу барысында топырақтың құнарлығына тікелей байланысты. Менім зерттеулерімді салыстырғанда 2016 жылы 5 қаңтарда отырғызған көшеттің бір шаршы метрден 12,1кг өнім жинаған, 2017 жылы 1 қаңтарда МЭРС микробиотыңайтқышын пайдаланып, отырғызған көшеттің бір шаршы метрден 15,1 кг өнім алдық.

“Б” МЭРС пайдаланғанда
Мен сіздерге МЭРС биотыңайтқышын пайдалануға арналған ақпаратты ұсынып отырмын. Бұл көкөністермен қатар жеміс жидектергеде пайдалануға тиімді екенін көріп тұрсыздар.
Пайдалануға арналған ақпараттар.
|
Өсімдік |
Препаратты пайдалану мөлшері |
Пайдалану ерекшелігімен уақыты. |
|
Қияр |
50-100 мл /га. 2мл 100 кв.м 5 литр суға |
Маусым бойы 3 рет ТТҚ 3-4 жапырағы пайда болған кезде, одан кейін 20 күндік интервалмен |
Өңдейтін машинаның багін судың қажетті мөлшерімен толтырамыз.
Тоқтатпай араластыра отырып есептеліп өлшенген МЭРС пепаратының керекті мөлшерін қосамыз. Жұмыс ерітіндісін дайындау, дәрілеу кездерінде араластыруды тоқтатпаңыз.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, Қазақстанның топырағы тозған суармалы жерлерінің құнарлылығын, оның қабатындағы тұзды шаю және сортаңдануына фосфоргипсты енгізу арқылы химиялық мелиорациялау әдістерін қолдану арқылы арттыру, тиімді шаралар қатарына жатады.
Жерге керегін беріп, оған қосымша қыртысын қалпына келтіруге жағдай жасайтын МЭРС-ке тең келер тыңайтқыш жоғына көзіміз жетті. Себебі, қарастырылған шаралар, суармалы жерлердің құнарлылығын 1 жылдың ішінде қалпына келтіруге мүмкіншілік жасап, топырақ құнарлылығын арттыруға жұмсалған шығындардың 1-2 жылдың ішінде ақталуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
4.«Агрономия негіздері» Қ. Әрінов, М.Ысқақов.
5.«Агрономия негіздері» И.Сейітов. А. Жаңабаев .
6.«Егіншілік» Ә.Әуезов, Т.Атақұлов.
7.«Өсімдік шаруашылығы» С.Арыстанқұлов, А.Күлдеев.
8.«Жеміс шаруашылығы» К.Ж Аяпов, Г.А Кампитова.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген