Тоқсандық жиынтық бағалау 6-сынып 2-тоқсан Қазақ тілі мен әдебиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тоқсандық жиынтық бағалау 6-сынып 2-тоқсан Қазақ тілі мен әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған. 6-сынып оқушылары үшін тоқсандық жиынтық бағалау.Пәні : қазақ тілі мен әдебиеті
Материалдың қысқаша нұсқасы





2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 45 минут

Тыңдалым - 10 минут

Оқылым – 15 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны - 30


Тапсырма түрлері

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тап

сырма

Қамтылатын

мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма

түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-5

6.1.3.1 тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну


6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа қатысты 130-140 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында бірінші тапсырмада мәтінге тірек болатын сөздер қатарын, екінші тапсырмада мәтінге сай келетін тақырыпты анықтайды. Үшінші және төртінші тапсырмаларда мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Бесінші тапсырмада мәтіннің идеясын өз сөзімен түсіндіреді.


Бір және көп таңдауы бар сұрақтар


Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


10

5

1-4

6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау


6.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру


Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 150-160 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтін бойынша оқиғалардың ретін белгілейді. Екінші тапсырмада берілген тұжырымдардан екі «шын» ақпаратты анықтайды.

Үшінші тапсырмада мәтін мазмұнына қатысты мәселені анықтайды. Төртінші тапсырмада мәтінге ат қояды.

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар


Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар


15

5

1

6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу


6.5.2.1 жазба жұмыстарында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастыру

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, 100-110 сөзден тұратын шағын эссе жазады. Мұғалім оқушының эссенің құрылымын сақтап жазуын және орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастыра алуын бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

6.2.6.1 тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру


6.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы тоқсандағы белгілі бір бөлімге қатысты мұғалім тарапынан әзірленген (тоқсандағы әр бөлімге қатысты тірек сөздер мен суреттер әзірлену керек!) тірек сөздер мен суреттерден тұратын параққа таңдау жасайды. Тірек сөздер мен суреттерді өзара байланыстыра отырып, 10-12 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрап айтады. Мұғалім оқушының берілген тірек сөздер мен суреттерді түсініп, логикалық бірізділігі сақталған шағын әңгіме құрай алуын, әңгіме мазмұнында лепті сөйлемдерді қолданып сөйлеуін бағалайды.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айты

лым сабақ

тан тыс уақытта бағаланады, әр білім алушы

ға

3 минут беріледі

10

Барлығы:

45 минут

30 балл








«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Қуат көзін үнемдей білеміз бе?

Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада

Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Қазақстан қорықтары


Тыңдалым

Электр қуатын үнемдеу - жаһандық деңгейдегі маңызды мәселе. Оның балама көзін қарастыру үшін әлемнің сарапшылары талай бас қосты

Бізде жел қуатын пайдалануға арналған арнайы бағдарлама бар. Алғашқы жоспар бойынша сағатына 1,82 трлн. киловат қуат өндіру көзделген. Ал бағдарламаның екінші бөліміндегі бес мегаваттық жел қуаты бекеті Қытай шекарасына жақын Жоңғар қақпасының маңайында болады.

Ал осыған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында жел станциялары салынған. Балама қуат көздерін шығаруда биоқалдықтардың да орны ерекше.

Жетісу өлкесіндегі су жүйесі еліміздегі судың жартысын құрайды. Мұнда бес шағын су электр станциясы пайдалануға берілген. Ендеше, су көзі тапшы аймақтар жел қуатын пайдалану керек. Алпысқа жуық мемлекет өздеріне жел қуатымен жұмыс істейтін электр станцияларын салған. Сондықтан бізге де қолда бар мүмкіндікті пайдаланатын уақыт жетті.


1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

А) Ауыл, зерттеу, топырақ

В) Отан, бала, қала

С) Станциялар, зерттеу, қаржы

Д) Зерттеу, адамдар, күш

1 балл

2. Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.

А) Еліміздегі түрлі станцияларды көбейту

В) Еліміздегі ауыз су мәселесін шешу

С) Еліміздегі жер сілкінісінің алдын алу

Д) Еліміздегі өсімдіктерді қорғауға алу

1 балл


3. Жетісу өлкесінде қанша шағын су электр станциясы пайдалануға берілген?

А) Жеті

В) Үш

С) Бес

Д) Он

1 балл

4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

/жетіспейтін, тәрбиеден, салттан, көп, арзан/

Су көзі __________________ аймақтар жел қуатын пайдалану керек. 1 балл


5. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз.

Жел станциялары қай жерлерде кездеседі?

_______________________________________________________________________________ 1 балл

Оқылым

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.


Тұжырым

Шын

Жалған

А

«Астана Опера» - үлкендігі бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады



В

Театр ең алғаш «Аттила» операсы арқылы салтанатты түрде ашылды



С

«Астана Опера» опера және балет театры Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан



1 балл

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

жапты (антоним) - _____________________________________


1 балл



биік (синоним) - ____________________________________ 1 балл


4.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).


Мәтіндегі ақпараттар

Реті

Опера және балет театры - әлемнің аса сәулетті театрларының бірі


Алғашқы маусымын «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты


Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады


1 балл

5. Сұраққа толық жауап беріңіз.

Театр қашан және кімнің бастамасымен ашылды?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1 балл





Жазылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлық және стильдік ерекшелігі сақталған шағын эссе жазыңыз. Эссе мазмұнында жай сөйлемдердің орын тәртібін сақтап жазыңыз. Сөз саны-100-110.

[10]

1. Электр энергиясын үнемдеудің маңызы қандай?

2. Туған жеріңіздің табиғатын сақтауға сіз қандай үлес қоса аласыз?

3. Елімізде бірнеше қорық бар. Ал осы қорықтар қоғамға пайдалы ма, зиян ба?




Айтылым

Тірек сөздер мен суреттердің көмегімен шағын әңгіме құрап айтыңыз. Әңгіме мазмұнында лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін сақтап қолданыңыз (10-12 сөйлем).

[10]

Picture 3

Нышан, бейбітшілік, аңыз, көрме, ойын-сауық орталығы, халықаралық байланыс, болашақ, ғажайып, баламалы энергия, энергия өндіру, электр энергиясының бағасы, электр шамдары, электр энергиясын үнемдеу, қорықтар, өсімдіктер, құстар, ну орман, сарқырамалар.































Балл қою кестесі


Тыңдалым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

С

1

5

2

А

1


3

С

1


4

жетіспейтін

1


5

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында және Қарағанды облысында

1



Оқылым

Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.


Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

В

1






5

2

Биік-асқақ (синоним)

1

3

Жапты –ашты (антоним)

1

4

Алғашқы маусымын «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты

Опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі

Алыптығы бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады

1

5

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды

1


Жазылым

Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)

5



Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

2

Төмен

Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.

1

Өте төмен

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.


Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы (5 балл)

Сөз қолданысы (5 балл)

5



Өте жақсы

Тақырыпты және тапсырманы өте жақсы түсінеді. Тірек сөздер мен суреттердің барлығын қолдана отырып, жанры толық сақталған әңгіме құрауда ойын жүйелі түрде жеткізеді.


Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.

4

Жақсы

Тақырыпты және тапсырманы жақсы түсінеді. Тірек сөздер мен суреттердің біршамасын қолдана отырып, жанры сақталған әңгіме құрауда ойын жүйелі түрде жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

3

Қанағаттанарлық

Тақырыпты және тапсырманы жақсы түсінеді. Тірек сөздер мен суреттердің кейбірін орынды қолдана отырып, жанры сақталған әңгіме құрайды.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.

2

Төмен

Тақырыпты және тапсырманы орташа түсінеді. Тірек сөздер мен суреттердің біразын қолдануда қиналады.Жанры сақталған әңгіме құрауда

ішінара ауытқулар кездеседі.

Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.

1

Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде

қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі.


Тақырыпты және тапсырманы түсінуде қиналады. Тірек сөздер мен суреттердің көбісін қолдануда қолдаудықажет етеді. Жанры сақталған әңгіме құрауда өрескел ауытқулар кездеседі.


Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.12.2024
284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі