400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тоқсандық жиынтық бақылау 7 сынып 1 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тоқсандық білімін тексеру үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

7 сынып, «География» пәнінен 1 тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1.География ғылымы қай елде пайда болды?

  1. Қытай

  2. Үндістан

  3. Египет

  4. Грекия

  5. Ресей

[1]

2.Географиялық ақпарат көздерін ата

  1. Карталар

  2. Атластар

  3. Топографиялық жоспарлар

  4. Аэрофотосуреттер

  5. Аталғандардың бәрі

[1]

3. Жердің жоғары мантиясындағы тығыздық, беріктік және тұтқырлық қасиеттері төмен қабат

  1. Литосфера

  2. Мантия

  3. Астеносфера

  4. Мохоровичич шекарасы

  5. Сыртқы ядро [1]

4. Қазақстанның тауларын биіктіктері бойынша бағандық диаграмма түрінде бейнелеңіз

Таулар, шыңдары

Биіктігі

Тянь-Шань, Хантәңірі шыңы

6995м

Жетісу Алатауы, Бесбақан шыңы

4622м



[2]









5. Тиісті бағанға белгі қою арқылы географиялық нысандарды, оны зерттейтін географиялық ғылым саласына сәйкестендіріңіз

Географиялық нысан

Физикалық география

Экономикалық география

Таулар



мұхиттар



Қалалар



халықтар



[4]

6. Төмендегі берілген картаны пайдалана отырып сұрақтарға жауап беріңіз.

Picture 1



а. Литосфералық плиталардың қозғалысқа түсу себебін анықтаңыз. ____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

b. Наска тақтасын картадан көрсетіп, тақтаға сипаттама беріңіз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[3]

7. Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз.


Ұлы географиялық ашулар кезеңі ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған осы аймаққа 1504 жылға дейін тағы 3 рет саяхат жасады.

1497-1498 жж. португал саяхатшысы Васко да Гама төрт кемемен Африканы айналып, араб лоцманының көмегімен Үндістанға жол салды. 1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) қаласының айлағында зәкір тастады. Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Португалия бұдан былай біраз уақытқа дейін Азиямен сауда байланысында өктемдікке ие болды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

  1. Ұлы географиялық ашуларға алып келген жорықтардың мақсатын сипаттаңыз.

[2]


  1. Ұлы географиялық ашулардың оң салдарына баға беріңіз.

[2]


  1. Осы жорықтардың теріс салдарына баға беріңіз.

[2]

8. Тірек-сызбаға жер қыртысының құрылысын және құрамын жазыңыз.

Shape1 [2]



Барлығы: 20 балл

































Балл қою кестесі

№

Жауап

Балл


Қосымша ақпарат

1

D

1


2

е

1


3

с

1


4

Тауларды бағандық диаграмма түрінде бейнелейді

2


5

Физикалық: таулар

мұхиттар

Экономикалық: халық

қалалар


1

1


1

1


6

Литосфералық плиталардың қозғалысқа түсу себебін анықтайды

Наска тақтасын картада көрсетеді

Наска тақтасын сипаттайды

1


1

1



7

Жорықтардың мақсатын ашып жазады. (Жаңа жердің ашылуы; бай мемлекет болып танылған Үндістанмен сауда дамыту.)

Географиялық ашулардың оң салдарына баға береді. Географиялық ашулардың маңызы зор:жаңа жерлер ашылды; географиялықкарта жаңа жер атауларымен толықтырылды.

Географиялық ашулар жаңа жерлердегі халықтың байлығын тонау және басқа мемлекеттерге өктемдік жүргізу сияқты кері әсерин де тигізді.


2



2




2


8

жер қыртысының екі түрін ажыратып, жіктеп, тірек сызбаға жазады; (материктік, мұхиттық)

материктік және мұхиттық жер қыртысы арасындағы ерекшеліктеріне түсінік береді; (М-шжқ, гранит, базальт, Мұхиттық – шжқ, базальт)

1



1



Барлығы:

20


















География пәнінен 1 тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

2-нұсқа

1.Физикалық географияның зерттеу нысанын атаңыз

  1. Жер бедері

  2. Өнеркәсіп

  3. Халық

  4. Көлік

  5. Шаруашылық

[1]

2. Қайсысы геосфераға жатады

  1. Биогеоценоз

  2. Ландшафттану

  3. Табиғи зоналар

  4. Топырақ

  5. Биосфера

[1]

3. Карталарды құрастыру және пайдалану әдістерін зерттейтін географияның саласы

  1. Медициналық география

  2. Картография

  3. Саяси география

  4. Гидрология

  5. Климатология

[1]

4. Қазақстанның тауларын биіктіктері бойынша бағандық диаграмма түрінде бейнелеңіз

Таулар, шыңдары

Биіктігі

Алтай, Мұзтау шыңы

4506м

Іле Алатауы, Талғар шыңы

4979м



[2]

5. Тиісті бағанға белгі қою арқылы географиялық нысандарды, оны зерттейтін географиялық ғылым саласына сәйкестендіріңіз

Географиялық нысан

Физикалық география

Экономикалық география

өзендер



мұздықтар



ұлттар



шаруашылық



[4]

6. Төменде кескін карта берілген.

а. Литосфералық тақталардың біреуінің шекарасын кескін картаға түсіріңіз.

[1]

b. Литосфералық тақтаның атын жазыңыз

__________________________________________________________________________[1]


c. Осы литосфералық тақтаның бір ерекшелігін жазыңыз.

Shape2
[1]



7. Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз.


Ұлы географиялық ашулар кезеңі ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған осы аймаққа 1504 жылға дейін тағы 3 рет саяхат жасады.

1497-1498 жж. португал саяхатшысы Васко да Гама төрт кемемен Африканы айналып, араб лоцманының көмегімен Үндістанға жол салды. 1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) қаласының айлағында зәкір тастады. Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Португалия бұдан былай біраз уақытқа дейін Азиямен сауда байланысында өктемдікке ие болды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

  1. Ұлы географиялық ашуларға алып келген жорықтардың мақсатын сипаттаңыз.

[2]


  1. Ұлы географиялық ашулардың оң салдарына баға беріңіз.

[2]


  1. Осы жорықтардың теріс салдарына баға беріңіз.

[2]

8. Cуретте бейнеленген жер қыртысының тектоникалық қозғалыс түрін сипаттап жазыңыз.



  1. Қозғалыс түрінің атауын жазыңыз. [1]


  1. Осы тектоникалық қозғалыс үрдісін сипаттаңыз.

[1]

























Балл қою кестесі,2

№

Жауап

Балл


Қосымша ақпарат

1

а

1


2

е

1


3

b

1


4

Тауларды бағандық диаграмма түрінде бейнелейді

2


5

Физикалық:

өзендер

мұздықтар

Экономикалық:

Ұлттар

шаруашылық


1

1


1

1


6

Литосфералық тақталардың шекарасын к/к түсіреді

Литосфералық тақтаны атайды

Литосфералық тақтаның бір ерекшелігін жазады

1

1

1



7

Жорықтардың мақсатын ашып жазады. (Жаңа жердің ашылуы; бай мемлекет болып танылған Үндістанмен сауда дамыту.)

Географиялық ашулардың оң салдарына баға береді. Географиялық ашулардың маңызы зор:жаңа жерлер ашылды; географиялықкарта жаңа жер атауларымен толықтырылды.

Географиялық ашулар жаңа жерлердегі халықтың байлығын тонау және басқа мемлекеттерге өктемдік жүргізу сияқты кері әсерин де тигізді.


2



2




2


8

Тектоникалық қозғалыстары түрін дұрыс атайды.

Үрдіс барысын толық ашып сипаттайды.


1



1



Барлығы:

20




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
3765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі