жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тоқтар,Талғат ағамдай мен ғарышкер боламын!

ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Тақырыбы: «Тоқтар,Талғат ағамдай мен ғарышкер боламын!»
Мақсаты: Ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және
қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру
Ғарышқа өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданатын,
еңбекқор адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеу;
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Сана- сезімге түрткі
болатын,жетелейтін
бөлім
Шаттық шеңбер
Робот:Са-ла-мат-сың-дар-ма,ба-ла-лар,сен-
дер қай ға-лам-нан кел-дің-дер?
Балалар: Жер ғаламынан келдік.
Робот: Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-
та-ла-ды?
Балалар:Қазақ жері деп аталады.
Қандай планеталарды білесіңдер?
Юпитер ,Уран,Марс,Күн.
Балалар стрелкалар арқылы планетаға
барып тапсырмалар орындағыларың келе
ме!
Әр планетада тапсырмалар бар екен. Сол
тапсырмаларды жақсы етіп орындауымыз
керек.
1-Юпитер (бірінші стрелка)
1.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
2.Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
3.Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
4.Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Жарайсыңдар балалар!
-Олай болса балалар зымыран,күн,
жұлдыз, ай барлығы қайда орналасады?
Балалардың жауабы: Аспан әлемінде.
Ғарышқа автокөлік бара алмайды.
- Олай болса аспан әлеміне бару үшін біз
көлік дайындауымыз керек.
Қимылмен көрсетеді.
Жұмбақты шешеді.
(зымыран құрастыру)

Ұйымдастыру-нәтиже
бөлімі
2-Уран (екінші стрелка)
- Бұл кестелерден ғарышкерлердің атын
дұрыстап табу керек. Ол үшін әр топ
сандарды дұрыс орыналастыру арқылы таба
алады.
Жарайсыңдар балалар!
(Көрініс)
Бір бала картопты әрлі-берлі аударып
көріп отырады.
:Ой,мына картопты ексең жақсы өнім
беретін шығар,қандай ерекшелігі бар
екен,ә?
:Оның тұқымын ғарыштан әкелген дейді
ғой.
:Сендер не істеп отырсыңдар?
:«Мына картоптың тұқымын ғарыштан
әкелді» дегенге таңданып отырмыз.
:Мен де картоптың аты «Тоқтар»деп
аталғанын естігенмін.
:Онда, жүріндер, апайдан сұрайық!
Үшеуі тездетіп апайына келеді
:Мына картоп тұқымынын неліктен
«Тоқтар» деп аталғанын түсіндіріңізші.
Бұның ғарышқа қандай қатысы бар?
Апай:Бұл картоп ғарыштан
селекцияланып,бүгінде ауыл
шаруашылығында жақсы өнім беріп
отыр.Ол картоптың атын тұңғыш
ғарышкеріміздің құрметіне «Тоқтар» деп
атаған.
Слайд арқылы әңгімелеу. (Видео
көрсету)
-Жерді қоршаған бүкіл дүние әлем немесе
ғарыш деп аталады.
Ай-Жердің табиғи серігі , Жерге ең жақын
аспан денесі.1966 жылы алғашқы ғарыш
кемесі Айға қонды.
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі
дененің баруы үшін Лайка деген итті
ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан
кейін оның денесіне, қанына тексеру
жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға
болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы
ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде
Т о қ т а р
1 2 3 4 5 6
Ю Р И Й
1 2 3 4
Т а л ғ а т
1 2 3 4 5 6
Слайд арқылы суреттерді
көреді.

тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш
кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан
ғарышқа ұшты.
Ол Мынау ғарышқа дайындалып жатқан
кезі. 1991 жылы Қазақстаннан алғаш
ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты.
Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері
Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек,
батыр, халық қаһармандары, еліміздің
мақтанышы. Мынау Байқоңыр ғарыш
айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда
облысында Қармақшы ауданы деген жерде
орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар
әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім
алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ,
көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған
жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер
үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр
деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ
болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре
алады екен. Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі
Лайка – ғарышкер ит. Ғалымдар Лайкамен
бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы
жаттықтырған болатын.
Билингвальды компонент:
ғарыш – космос - space, ғарышкер
космонавт - cosmonaut,
ұшқыш-летчик-lechkick, скафандр-
скафандр-spacesuit
-Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы
тақпақтар жаттап едік қой. Кәне,
есімізге түсірейікші.
Нұрали:
Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлаймын,
Мен ғарышкер боламын!
Дильназ:
Ғарышкерлер мекені-
Қазақ жері Байқоңыр.
Қайжерсаған жетеді,
Ғажап жерім Байқоңыр!
Тамирис:
Көңілі–дария, ойы –аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Диас:
Айналады ол бір сенен,
Есіміңді білсе әлем.
Үш тілде айтады.

Ғарышқа ұшқан қазақтың
Тұңғышына бір сәлем!
Дастан:
Аспан, аспан - арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын!
Анель:
Ғарышкер мен де боламын,
Боламын десем боламын!
Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Ерлікпенен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтар есімін,
Ту ғып ұстап жүреміз!
Жарайсыңдар балалар!
3 ші Марс стрелка сөзжұмбақты шешеді.
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай
жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы
ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен
айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп
атайды?
Талғат
Тоқтар
Юрий
Байқоңыр
Шолпан
Лаика
Зерттеу
Батыр
Рефлекстік нәтиже
бөлімі.
Ойын «Кім көп біледі?».
(Ай,Күнге байланысты есімдерді атау.)
- зымыран бізге не үшін қажет?
- Зымыран әлемдегі ғаламшарларды зерттеу
үшін қажет.
-Зымыранмен кімдер ұшады?
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады.
-Зымырандар ұшатын орынды не деп
атаймыз?
- Зымыран ұшатын орынды – космодром
«Зымыран қалай ұшады?» Видео көрсету.
Зымыранды жасау.
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың
тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы білу.
Орындай алу: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш
ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді меңгереді.
Істеу,істей білу: Зымыран құрастыра біледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген