Тақырыбы:
Тоқта,сақтан,жол ашық!
Мақсаты:
Балаларға жолда жүру ережелерін сақтау
керектігін түсіндіру. Бағдаршам мен
таныстыру.
Жол
қәуіпсіздігін сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілігі:
Жол белгілері,бағдаршам, көліктер.
Шаттық
шеңбері:
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі
өренбіз.
Біздер
қазақ баласы
Сәлем
сөздің анасы.
Тәрбиеші:
Балалар суретте не көріп тұрмыз?
Тәрбиеші:
Қандай көліктерді білеміз?
Тәрбиеші:
Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырамын
тауып қараңыздар.Үш көзі бар қаз
қатар,Кезек кезек
ашады.Үшеуінен
байқасам,Үш түрлі нұр шашады.(БАҒДАРШАМ)
Балалар бүгінгі біздің танысатын жол
белгіміз ол бағдаршам.Бағдаршам біздің
досымыз. Бұл бағдаршам,бағдаршам,Оған
назар аударсаң.Жолдан
өтіп
жүресің,аман-есен әрқашан. Міне балалар
бағдаршамның үш көзі бар олар
қызыл,сары,жасыл.
Қызыл-тоқта!
Сары-сақтан!
Жасыл-жол
ашық!
Қызыл
көзін ашқанда, сынық сүйем баспа алға!
Сары
көзін ашқанда, қарап қалма аспанға!
Жасыл
көзін ашқанда, өте бергін жасқанба!
Бағдаршам
өмірімізді жазымнан сақтандыратын
көмекшіміз. Оның сырын біліп алу
баршамызға керек. Біздің Елімізде
қала,ауылдарына бәрімізге ортақ көше
қатнас ережелері енгізілген.Сол себепті
бұл ережені бар
лығымыз
үлкенде кішіде білуге тиіспіз.
Бағдаршам
ойынын ойнату.Шарты: суретке қарап қызыл
көзін көргенде қозғалмай тұру. Сары
көзін көргенде
қол
шапалақтау. Жасыл көзін көргенде бір
орында тұрып жүру. Балалар бағдаршамның
атқарар қызметі өте
көп
екен солайма? Мына суретке қараңыздар
міне бұл жерде бағдаршам,көліктер және
балалар бар. Мұнда
бағдаршам
көлік қозғалуымен жаяу жүргіншінің
қозғалуын бақылап қадағалауда. Демек
біз қызыл жанғанда
тоқтап,сары
жанғанда дайындалып,жасыл жанғанда
жүріп өту керекпіз.Балалар көліктер
жүретін үлкен
жолды
жаяу жүргінші кесіп өте алама? Балалар:-жоқ
кесіп өте алмайды. Тәрбиеші:-иә дұрыс.
Себебі жаяу
жүргіншіге
арналған жолақтармен ғана жүріп өтуге
болады.Ойын ойнатылады.Шарты:кележетқан
көлік қоз-
ғалысын
бақылап балармен жүргінші жолағынан
жүріп өту.
Көшеден
ортаға жеткенше,Әуелі көзің сал сол
жаққа. Балақай ортадан өткен соң,Мойын
бұр сол жақтан оң
жаққа.
Міне балалар жолдан өту ережесін бірге
үйрендік.
Балалар
біз күнделікті жұмысқа не бала-бақшаға
барарда қандай көліктерге мінеміз?Балалар:-
автобус.
Тәрбиеші:Иә
өте дұрыс!Мына өлең шумақтары бізге
арналған сияқты.Санап кетсек сізбен
біз;Сан көлікке
мінеміз.Троллейбус,трамвай,Автобуспен
жүреміз.Жол жүрудің тәртәбін,ережесін
білеміз.Сақтанғанда
қәтерден,Сау-саламат
жүреміз.
Сергіту
сәті:(қолдарына машина рөлі) Машинаны
айдаймыз,Біз көшеде зулаймыз.Оңға қарай
бұрамыз,Сол-
ға
қарай бұрамыз,Бап-бап дабыл қағамыз,Тежегішті
басамыз. Балалар мінекей біз жол
ережелері,жол бел-
гілерімен
қатар жолда жүру тәртібін жақсы меңгердік.
Көліктермен таныстық, жүргінші
жолақтарымен
таныстық.
Бағдаршамның не екенін және атқаратын
қызметімен таныс болдық.