400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тоқу техникасы және технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқыманы іліп тоқу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Методическая инструкция

СМК МИ-7.5.-27-01

Оқу жұмыс бағдарлама жоспарын жасау туралы әдістемелік нұсқаулық/

Методическая инструкция по составлению рабочего учебного плана плана

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

8 из 2





Пән: Тоқу техникасы және технологиясы

Мерізімі: Топ: 27

Сабақ тақырыбы:

Сәнді іліп тоқу түрлерінің үлгісін тоқу

Сабақтың мақсаты

Бізбен іліп тоқудағы ілмектерді жинақтаудың негізгі тэсілдері. Алғашқы қатар. Ілмек түрлері (оң, теріс). 2 ілмекті біріктіріп оң тоқу, 3 ілмекті біріктіріп оң току жэне т.б. Жиектеу ілмектері. Бос іліп тоқу. Соңғы қатардың ілмектерін бекіту. Шартты белгілерін оку.

Бағалау критерийлері

Бізбен іліп тоқудағы ілмектерді жинақтаудың негізгі тэсілдерін меңгереді. Алғашқы қатар. Ілмек түрлері (оң, теріс). 2 ілмекті біріктіріп оң тоқу, 3 ілмекті біріктіріп оң току жэне т.б. Жиектеу ілмектері. Бос іліп тоқу. Соңғы қатардың ілмектерін бекіту. Шартты белгілерін оку.

Тілдік мақсаттар:

Селдірөрнек майлық

Құндылықтарды дарыту

еңбексүйгіштік

Пәнаралық байланыс

Оқу шеберханасындағы парктикум

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау

Бастапқы білім

Ілмекпен тоқи алады

Сабақ типі

Аралас сабақ

Сабақ түрі

Практикалық

Сабақта қолданылатын әдебиеттер

С.Ф.Тарасенко «Забавные поделки крючком и спицами» 12-14


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу.Кезекші мәліметімен танысу, журналға белгі соғу. Студенттердің қызығушылығын ояту мақсатында тоқылған бұйымдар көрсету



Сабақтың ортасы

Қазақтың ілмекпен тоқу өнері Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғатырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа , әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрленуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде . Сондықтан да әр адам киген киімнің қазірге сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі- тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігн, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой –өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай , тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері: ЗығырМақта иірім жібі Мохер Жүн иірімжібіАнгорКашемирАльпакВискозаФасонды иірім жіпЖүн- жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой ,ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге тоқыма , кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні- күзем және жабағы жүнінен бөлінеді. Қойдың қозысының алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды . Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қпжет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.Ұршық- жүнді қолмен иіруге арналған негізге аспап. Бұл қарапайым аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2,5 мм, ал, сыртқы өлшемі-30ммТоқыма үшін қажетті құралдар:

  • Біз

  • Жіп

Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:

  • Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға , баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.

  • Екі басы сым темірден жасалған , ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайм біз.

  • Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі.

Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. М ысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек. Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен сентетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады.Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б. Әдетте үстіге киетін киімдердң босату иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуы қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады. Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу, айналдырып шеңбер жасай тоқу.Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері- бос шалу,біріктіру бағанашасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша,екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шкалмалы бағанша және т.б.Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары болғандықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді. Кесте және көркемдеп тігу ою - өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Қазақтың ұлттық кестелеу өнері тарихының түп тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық кесте өнеріміз күні бүгінге дейін өзінің құндылықтарын сақтап, қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш - ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою - өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.Әредік кестеде материалдың әр жері әшекейленіп, бөлек - бөлек өрнек салынады.Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш - бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді.Кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою - өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды. Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге түсетін түрлерінің бірі көпіртіп тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп селпеулері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын - қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады. Көпіртіп кестеленген бұйымдар жуыла да үтіктеле де береді, бірақ үтіктен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек.Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (оң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады (түкті кілем). Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті ширатқан шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады.Алтындап, күмістеп тігу сән - салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді.Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі.Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы өнеркәсіп орталығынан қашық жатты. Олар күнбе-күнгі тұрмыс қажеттерін өздерінде бар мүмкіншіліктермен ғана өтеді. Сондықтан матадан, теріден, өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба, торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қол инемен тікті. Қолмен тігу семья мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Соған қарағанда киімдерді төсек - орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды.Қолмен тігуде негізінен жуалдыз (тебен ине), жуан ине, жуантық (жөндем) ине, бәсең ине, жіңішке ине қолданылды. Жуалдызбен түйенің жабуы, қалың сырмақ, былғары тоқым сияқты заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың жиегін, үйдің киіздерін, тері киімдерді және киіз байпақтарды тігеді. Жуантық инемен қап, шекпен, күпі, тымақ сияқты заттарды, ал бәсең инемен түйме, ілгек қадайды, матадан жасалған жұқа киімдерді тігеді. Жіңішке инемен жібек, торғын сияқты жұқа материалдарды, оларға салынатын кестелерді тігеді. Осыларға керекті жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай отырып өздері дайындайды. Ол үшін керекті жіптің түсіне ұқсас матаның шетінен жалпақтығы 3 — 4 см, ұзындығы — 30 — 40см кенересін жыртып алады. Осындай жіп суыруға арналған бір бөлек жыртынды матаны шеберлер суыртпақ деп атайды. Суыртпақтан жіп суырып алудың да әдісі бар. Әуелгі жіпті сетінетіп суырады да, суыртпақтың шеті шашақтанған соң оны ептеп саумалап отырып тура тартып суырады. Өйткені шет шашағы молайған сайын суыртпақ тез сетінемей, суыратын жіптер шашақтарға оралып үзіле береді. Суырып алынған жалаң қабат жіптерді керегіне қарай екіден, үштен, төрттен қабаттап ширатады. Ол үшін жіптің бір ұшын тістеп тұрып, екінші ұшын бармақ пен сұқ қолдың басымен, не екі алақанның арасына салып ширықтыра бұрап еседі. Мұны жіп ширату деп атайды. Суыртпаққа көбінесе сирек тоқылған, түксіз маталар пайдаланылады. Жіпті шудадан, жүннен, мақтадан, торқадан, кендірден қолмен иіріп алып пайдалану тәсілі де көп қолданылады.

Іліптоқуға арналған иірімжіп түрлері

ЗЫҒЫР
Салыстырмалы алғанда берік иірімжіп.
Жоғары температурада отырмайды,
жылдам кебеді.

МАҚТА ИІРІМЖІБІ
Қолмен тоқуда баяғыдан қолданып келе
жатқан иірімжіптің ең кең тараған түрі.

МОХЕР
Ұзын, үлпек талшықты жүн иірімжібі.
Мохерден жеңіл, жылы бұйымдар тоқуға
болады.

ЖҮН ИІРІМЖІБІ
Бұл табиғи материал. Қырқылған қой
жүнінен алынады.

АНГОР
Ангор жүнін ангор тұқымдас ешкілерден
алады. Біріншіден қымбат, екіншіден
созылмайды.

КАШЕМИР
Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ
үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп
дөңгелектер пайда болды.

ВИСКОЗА
Жасанды талшық. Көбінесе аралас
иірімжіп түрінде қолданады. Жиі мақтамен
бірге иіреді.

Ілмекбіз түрлері

Шартты белгілер

Шалманың пайда болуы
1- бос шалу

2- бос шалу

тізбек

Ілмекбізді дұрыс қолдану

Шалмасыз бағанша-беті тегіс шығу үшін көптеген өрнектерде
қолданылады. Ілмекбізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп
алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмекбізде екі ілмек
пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып
шығарады.

Шалмалы бағанша – Ілмекбізге шалма тастап, бізді тізбек
ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі арқылы
тартады. Ілмекбіздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті
ілмекбізге тастап, оны ілмек және шалма арқылы тартып
шығарып байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі
ілмек арқылы тартып шығарады.










Бейне жазба







Сабақтың соңы

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Ілмек бізбен жұмыс жасау ерекшеліктері?

  2. Суыртпақтан жіпті қалай суырады?

Көпіртіп тігу ережесі қандай?

Бағалау. Тоқымаларын тексертерді

Рефлексия «Рефлексиялық нысана». Тақтаға нысананың суреті салынады, ол екі секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады. Мысалы, мазмұнын бағалау, сабақты өткізу нысандары мен әдістерін бағалау, педагогтің қызметін бағалау, өз әрекетін бағалау. Қатысушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды: нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға нөлге тең. Кейін оған қысқаша талдау жүргізеді.

Үй жұмысы/Өздік жұмыс. Құрал-жабдықтар әкелу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 маусым
1345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі