400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар).Идеялар ойластыру. Эскиз дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
көркем еңбек мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 A бөлім: Дизайн және технология


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Масалимов С.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар).Идеялар ойластыру. Эскиз дайындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1 - Өзінің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау

6.1.5.2-Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

Сабақ мақсаттары

  • Қуыршақ орындаудың техникаларымен танысу;

  • Авторлық қуыршақтың эскизін дайындау;


Бағалау критерийлері

  • Қуыршақтардың орындау техникаларын ажырата алады;

  • Қуыршақтар орындау бойынша идеялар ұсынады;

  • Өз қуыршағының эскизін дайындайды;

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Қуыршақ – кукла – doll

Мата – ткань – cloth

Жіптер – нитки – threads

Эскиз - Sketch



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл қуыршақ ... орындалған. Себебі,

... матадан орындау арқылы қуыршақтың ..... ашуға болады.

Менің ойымша, бұл қуыршақ ... ұлтқа тін. Себебі, оны .... көре аламыз.


Құндылықтарды дарыту




Өмір бойы білім алу, өзге адамның пікірін құрметтеу құндылықтарын дарыту қуыршақ жасау тарихы мен орындалу әдістерін зерттеу, талқылау арқылы жүзеге асады.


Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және орыс тілі (өз пікірлерін еркін әрі терминдерді қолдану арқылы сөйлеу дағдылары)

АКТ қолдану дағдылары

Мәлімет іздеу мақсатында интернет ресурстарымен жұмыс жасау

Бастапқы білім


Оқушылар өсімдіктекті талшықтар, тоқыма материалдардың қасиетітуралы біледі. Тігім жүргізу бойынша тігін машинасымен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан. Оқушылар тігін бұйымын ылғалды-жылумен өңдеуді біледі. Оқушылар киімді кезең бойынша: (эскиз салу, материал таңдау, лекало жасау, пішу және тігу) дайындауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында столдың бетіне бірнеше түрлі қуыршақтарды қою;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауды оқушылармен талқылау.


Сабақтың ортасы

75 мин



5












5





20

























10




(Қ) (Ө) (Т) Оқушыларменолардың қуыршақтың қандай түрлерін білетінін талқылау.


Әртүрлі халықтардың қуыршақтарын қарастыру.

Қуыршақтардың жасалу, әшекейлеу тәсілін, дайындалған материалының ерекшелігін және т.б. анықтау үшін сұрақтар:


- Қуыршақтар қандай материалдардан жасалады?

- Қуыршақ қандай қасиеттерге ие болуы тиіс, неге?

- Қуыршақтарыңды қандай матадан тігуді жоспарладыңдар?


Оқушыларды топтарға біріктіру – қуыршақ орындайдын материалдар, ұлттық қуыршақ ойыншықтары суреттерін қолдану.


Тапсырма 1:

(Т) Оқушыларға қызықты деректер, тарихи және дәстүрлі халықтық үлгідегі (мысалы, Тильда, Петрушка т.б.) қуыршақтарды постерде орындау.


Дескрипторлар:

- қуыршақ түрлерін анықтап алады;

- топта идеяларымен бөліседі;

- постер орындайды;

- постерді сыныпқа таныстырады.


Бұл тапсырманы орындау барысында интернет-ресурстарын, басқа да дерек көздерді қолдануға болады.

Оқушылар өз постерлерін сыныпқа таныстырады.



Дескрипторлар:

  • Сынып алдында өзін еркін ұстайды;

  • Өз пікірін еркін білдіреді;

  • Өз жұмысын түсінідіріп береді.



Оқушылар орындаған постерлерін сынып қабырғаларына немесе стол бетіне қойып, мәлімет қабырғасы ретінде безендіру. Өз жұмыстарын түсіндіру. Кері байланыс беру.





Презентация












Қосымша 1





А3 формат, түрлі-түсті қағаздар және қаламдар, өшіргіш, қайшы, желім

25 мин

Тапсырма 2: Өз қуыршағының эскизін орындау.


(Ө) Оқушылар, алдыңғы ақпараттарды қолданып, композиция заңдылығын (силуэт, сызық, пропорция, түсі мен мата құрылымы) сақтай отырып, өздерінің тоқыма қуыршағының, костюм дизайнының эскизін жасайды.

Дескрипторлар:

  • Қағаз бетінде эскизді дұрыс орналастырады (компоновка);

  • Қуыршақ пропорциясын сақтайды;

  • Қуыршақ түріне сәйкес түстерді дұрыс таңдайды;

  • Аяқталған эскиз ұсынады.


Қажет болған жағдайда қолдау жасау, бағыттап отыру.

  • Қуыршақтың бұл түрін таңдауға не себеп болды?

  • Мына түстіе қандай түстермен үйлестіруге болады? Неліктен?

  • Мұнда композицияның қандай заңдылықтарын қолдандың?



Сурет дәптері, түрлі-түсті қалам, өшіргіш







Слайдшоу «Қуыршақтар»

Сабақтың соңы

10 мин

Оқушылар жұмыстарын жайып, сынып оқушыларымен тамашалайды, ұсыныстар айтады.


Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

ауызша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып қолдану.

Оқушылардың орындаған практикалық тапсырмаларын таныстыру нәтижесі арқылы бағалау



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Қосымша 1


Фетр



Мата




Т оқыма жіптері





Қағаз



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
5207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі