400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Торғай-Тобыл өңіріндегі айтыс өнері"

Материал туралы қысқаша түсінік
айтыс туралы оқушы бойына дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

I Кіріспе бөлім.

Жұмыс сипаттамасы: Жер бетінде қанша толыққанда ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр жүйесі бар. Әр халықтың туа бітті болымысына, өмір кешу жағдайына орайлас қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатса, мұның өзі адамзат көшінің сән жарасымымен ілгері озуына септігін тигізбек.

Ұлы ұстазымыз Мұхтар Әуезов оқыған бір дәрісінде: «Айтыс заманында өзге елдерде де болған. Парсыда «мүшайра», арабтарда «мүшайра», арабтарда «мұғалләкәт» деген. Айтыс қай халықтың алдында да мақтануға тұрарлық өнері.Осы өнер қазір тек қазақ пен қырғызда ғана қалды. Сонау Қазтуған, Шалкиіз заманынан бері ақиқатты айнымай айта алатын ақындық дәстүр желісі үзбей жалғасып келіп, Сүйінбай, Жамбыл,Құлмамбет, Орынбайларға үрдісін тапсырса, бұл сол ғасырлар бойы өр рухын түсірмеген дәстүр сабақтастығының жемісі.Кешегі кеңес тұсының дәмін татып, қызыл саясаттың өтінде тұрған айтыскерлерде атадан балаға мұра болған ақиқатты айту дәстүрінен жаңылған жоқ.Осылайша әр кезеңде алдаспанын алмасқа суарған ақындық өнер кешегі тоқырау аталған заманның да жаназасын өзгеден бұрын шығара бастаған.

Тақырыптық өзектілігі: Жалпы айтыс өнеріне өз ізін қалдырған ақын, айтыскерлерді жеке тұлға ретінде зерттелу жұмыстары жүргізілген. Төңкеріске дейінгі кезеңнен бастап кеңес дәуіріндегі айтыс өнеріне үлес қосқан Торғай айтыскерлеріне шолу жасап, оқушыларға кеңіне мәлімет беру, түсіндіру. Төңкеріске дейінгі айтыстарды барынша мол жинап, қолжетімді ету тақырыптың өзектілігі болып саналады.

Жұмыстың мақсаты: Торғай өңіріндегі айтыс өнерінің даму жолын саралау. Ғылыми жұмыстың басты назарында тұрған Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Нұржан Наушабайұлы, Ахметхан Әбіқайұлы ,Нұрхан Ахмедбековтердің өмір жолы мен шығармаларын кеңінен зерттеп, айтыстарында қолданған әдеби теориялық ұғымдарын талдау.

Жұмыстың міндеттері:

  • Төңкеріске дейінгі айтыс өнерінің дамуын саралау.

  • Уақ Жұмабай,Нұржан Наушабайұлының айтыс жинақтарын талдау.

  • Кеңес дәуіріндегі айтыс өнерініне мәлімет жинау.

  • Ахметхан Әбіқайұлы, Нұрхан Ахмедбековтердің шығармашылығымен танысу, талдау.

Жұмыстың жаңашылдығы: Айтыс өнеріне өз қолтанбаларын қалдырған айтыскерлерді зеріттеп, ғылыми жұмыс ретінде жазылған нұсқалары жетерлік. Төңкеріс кезеңінен бері қазіргі күнге дейін дамып келе жатқан айтыс өнерін саралап, зерделеу.

Тақырыптың теориялық-әдіснамалық негізі: Айтыс өнері жайлы ғылыми зерттеу еңбектер, айтыскерлердің шығармалары, мерзімді баспасөз бетінде жарияланған материалдар жұмысқа теориялық және әдіснамалықтар негіз ретінде пайдаланды.

Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмаған. Оның әртүрлі үлгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В.Радлов, Ш.Нұрмағамбетұлы. Т.Сейдалин, С.Жантөрин, Ж.Шайхысламов, Ә.Диваев, С.Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен деректер А.Васильев, А.Левшин, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, С.Қирабаев, М.Мырзахметов, С.Қасқабасов, М.Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.

Жұмыстың тәжірбиелік маңыздылығы:Айтыскелердің айтысына үңіле отырып, шындық айтуды, әділдікті жақтауды, туған жерді қастерлеуді, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, рухани ізгі қасиеттерді бойымызға дарыту, секілді ауқымды мәселелердің шешіміне жол ашылады.\

Қолданылған зерттеу әдістері:жинақтау, салыстыру, саралай талдау, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, т.б.

Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі:Аталмыш тақырыптағы ғылыми-зерттеу жұмысын жазу барысында қалалық,облыстық кітапханаларымен жұмыс жасап, баспасөз бетіндегі материалдарды жүйеледік. Айтыскерлердің шығармаларымен танысып, талдаулар жасалынды.











II Негізгі бөлім

2.1 Төңкеріске дейінгі айтыс өнерінің дамуы

Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды.Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс- тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас болып келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі.Айтыстың басты ерекшелігі-оның суырыпсалмалы түрде орындалуы. Айтыс өзінің туу, айтылу дәстүрі мен табиғаты жағынан халық әдебиеті мұраларының қатарына жатады. Ілкі замандардан келе жатқан аталмыш өнердің кейбір үлгілері түркі ғалымдары Махмұт Қашқари мен Жүсіп Баласағұн шығармашылықтарынан байқалады. XIX ғасырдағы атақты айтыскер – ақындар – Тұрмағанбет, Ырысты, Сапарғали, Әсет, Нұржан, Шөкей, Балдырақ сері, сұлу Саржан, Сүйінбай, Жамбыл, Майкөт, Құлманбет, Бақтыбай, Сарыбас, Кенен және тағы да басқалары тыңдармандарды өз шеберлігімен таң қалдырған. Осы орайда А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары — XIX ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі.Торғай ақындары өлеңді жазып та, суырып салып та шығаратын әмбебаптығымен ерекшеленеді.Қазан төңкерісіне дейін өмір сүрген Уақ Жұмабай, Сейдахмет, Есенжол, Әбдірахман, Құбаша сияқты ақындардың Торғай өңіріндегі айтыс дәстүрін қалыптастырып дамытуға қосқан үлестері зор. Қазақ жерінің түрлі аймақтарында өзіндік дәстүр ерекшеліктерімен дараланған ақындық мектептердің болғандығы белгілі. Бұл орайда Сырдың сүлейлерін, батыс өңірінің қайқыларын, Қаратаудың шайырларын, Арқаның сал-серілерін,Жетісудағы Сүйінбай бастаған ақындық мектепті айта кеткен жөн. Торғай өңіріндегі айтыс өнерін сөз еткенде, жұрттың есіне тек Нұрхан Ахмедбеков пен Омар Шипин ғана түседі. Олардың арғы жағында тұтас бір ақындық меткеп тұрғандығын екінің бірі біле бермейді.Алаш ардагерлері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының түлеткен бұл ақындық мектеп өкілдерінің шығармашылығы кеңестік дәуірде назардан тыс қалып келген болатын.Біздің қолымызға жеткені Уақ Жұмаабйдың Нұржан Наушабаевпен айтысы, Нұрғали мен айтысы, Халық ақыны Нұрхан Ахмедбековтың анасы Әбіштің Басықараның Қанапиясымен айтысы және Сейдахмет, Есенжол,Әбдірахман, Құбаша ақындардың әр жерде суырып салып айтқан өлеңдерінің үзінділері ғана.



2.2 Уақ Жұмабай Шалабайұлы

Жұмабай Шалабайұлы (1838-1922) – Торғай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Тосын болысының №5 ауылында дүниеге келген. Торғай өңіріндегі өзіндік дәстүр ерекшелігін қалыптастырған ақындық мектептің қайнар көзі осы Уақ Жұмабай ақын. Халық ақыны Нұрхан Ахмедбеков былай дейді:«Жұмабай қолы хат білмейтін, оқымаған адам. Қарадан шыққан жүйрікпін-сүйсінбеймін теңесті, көңілім сүйген тұлпармын – келесі жалпақ кеңесті», -деді ол. Ақынның бізге жеткен шығармалары аз. Нұрғали деген жас ақынмен сөз қағысу мен Нұржан Наушабаевпен айтыстары және «Заман жайлы» өлеңі, «Оразайға берген батасы» «Табын мен Дүзей соғысы» атты шағын дастаны мен тағы бір хат өлеңі сақталған. Оның өлеңдері жігерлі, ақпа-төкпе, эпитет, метафораға бай:

Қанатын қаға алмаса сұңқар дарын,

Менің де өлең-жырдан бұлтарғаным.

Ағайын бала мінер көк тайыңды

Бәйгеге білмей қостың тұлпар барын.

Шамаңды, көлеміңді байқа, балам,

Жөн болар шалабыңды шайқамаған.

Өлеңші ата көріп бата берген,

Бір қонып кеткенің жөн қайта маған.

Кеудемде дауылды өлең ұясы бар,

Сендейлер шыға алмайтын қиясы жар.

Төбемде қаз бауыр бұлт әлі де тұр,

Шамдансам, жыр нөсерін құя салар...

«Сұңқар дарын, бұлтарғаным, тұлпар барын», «Байқа балам, шайқамаған, қайта маған», «Ұясы бар, қиясы жар, құя салар» деген төрт буынды ұйқастары мен « Сұңқар дарын», «Бала мінер көк тай», «Өлең ұясы», «Жыр нөсері» сияқты теңеулерді керемет ұйқастыра білген. Ақын әр сөзге қанат бітіріп, құбылтып, ерекше ажарландырып жібереді. Ұйқастары өз-өзінен құйылып, шиыршық атады. Поэзия мен музыканың егіздігін осы өлеңнен байқауға болады. «Заман туралы» атты өлеңінде:

Тыңдасаң, халқым, жазайын,

Аузыма құдай салғанын.

Қағаз танып, хат білмек,

Дүниядағы болды-ау арманым,

Қоршылықпеннен қартайды-ау,

Бәйге де бермес тарланның...

Тосын болыс жорғасы,

Мен Жұмабай ермегің.

Шамам келсе азырақ,

Заманның түрін сөйлейін...

Қарағай найза өңгерген,

Алдыменнен Ер кетті,

Ерлерден де алған жер кетті,

Атаны билеп ұл кетті,

Ананы билеп қыз кетті.

Атан күштен айырылып,

Бие сүттен айырылып,

Береке құтың ол кетті...

Су кеткен соң айырылды,

Қазбеннен үйрек, қуынан.

Орысқа орын берген соң,

Төрелер түсті тағынан... – деп зар заманның шындығын керемет атап көрсетеді. Әр өлеңінде де ерекше теңеулер, эпиттеттер, метафоралар қолданылған.

«Заман жайлы» өлеңін 1989 жылы Алматы қаласында тұратын Мұқанов Смағұлдан Қ.Берсүгіров жазып алған екен.

Уақ Жұмабай Шалабайұлының «Заман жайлы» өлеңіне сатылай кешенді талдау:

1.Авторы: Уақ Жұмабай Шалабайұлы – қазақтың біртуар айтыскер-ақыны.

2.Тақырыбы: Заманның шындығы, қарапайым халық тағдыры.

3.Жанр түрі: Өлең

4.Идеясы: Заманның сол кездегі ашшы шындығын бүкпесіз айту, халықтың көзін ашу , жастардың жаман жаққа өзгергенін өлең ретінде айтып, дүзеу.

5.Шумақ: 18 шумақтан тұрады.

6.Тармақ: 90 тармақтан тұрады.

7.Бунақ:2-3 бунақтан тұрады.

8.Буын: 7-8 буыннан тұрады.

9. Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы (а,б,а,б) және кезекті ұйқас (а,б,в,б)

10.Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитеттер: бадана көзді,ойдық желке, ғайып ерен, қырық шілтен.

11.Сөздікпен жұмыс: Ғайып ерен, қырық шілтен -сөзі бір емес үш тілден құралған тіркес. Атап айтар болсақ, «ғайып» араб тілінен алынған «жоқ болу», «көзден таса болу» деген мағынада, «ерен» сөзі көне түркі тілінен алынған «ер» сөзі, ал «шілтен» болса, парсы тілінен аударғанда «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғымға саяды.

12.Өлеңнің тәрбиелік мәні: Туған жерін, елін сатпауға, сол заманда кетірген қателіктерді кетірмеуге, заманның шындығын, қарапайым халықтың зар – мұңын қысылмай айтуына,патриот болуға тәрбиелейді.







2.3 Нұржан Наушабаев

Наушабаев Нұржан  (1858-1919) - Қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданында дүниеге келген. – ақын-айтыскер. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1903), “Манзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты жинақтарында Қазан қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Замананың қалпына айтылған сөз”, “Тақпақ”, “Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И. Крыловқа еліктеп жазған “Түлкі мен әтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. мысалдарында адамның мінез-құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық, тойымсыздық көріністерін сынады. Дидактикалық жанрда жазылған “Қырық тілек” атты 13 жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды (“Қырық парыздың баяны”, т.б.). Наушабаев шығармаларында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен жұмбақ айтысының орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы тарапынан қойылған 25 жұмбаққа Наушабаев тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер бейнелеуімен құнды. Айтыс мәтіні 359 жолдан тұрады, алғаш “Манзұмат қазақия” (1903) кітабында, кейін “Айтыс” жинағының 2-томында жарық көрді. Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңінде ағартушының еліне, замандастарына өнеге көрсеткен биік азаматтық тұлғасы айқын көрініс тапқан. Өлеңнің 3 шумағы Ы.Алтынсаринқұлпытасына қашап жазылған. Ақынның “Көкем-ай”, “Көңіл ажар”, “Жан сәулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес тілек”, т.б. әндері ел арасына кең тараған.  Төңкеріске дейінгі ақындар негізінен сол кезеңнің қиын қыстау кезеңдерді жырлаған. Нұржан Наушабаевтың шығармаларының ішіндегі «Бірінші назым» атты өлеңінде бұл мәселені де ерекше, көркем сипаттай білген.

...Еш іске уақыт жетсе ие болмас,
Қаншама пысықсыған сақ болса да.
Біреудің көңілі зор, қолы қысқа,
Жіберер қыран құсша көзді алысқа.


Орнына бар қаруын жұмсай алмай,
Біреулер шалдығып жүр жүрмей босқа.
Біреудің қолы ұзын, көңілі төмен,
Еш істі хабары жоқ білмегінен.


Шүкірана жоқ бәріне қанағатсыз,
Итшілеп өтер күні өлмегеннен.
Адам көп дүниені жүрген былғап,
Біреуі кез келгенде біреуі алдап.
Азаппен өміріне біреулер жүр,
Құрыққа ұстай алмай сырық жалғап...

Жүруде не мағына текке айла ғып,
Қадірің болып, тұрсаң халыққа жағып.
Хал-қадари тірлігіңді кемітпесең,
Хақ ісіне кетер пәнде не мін тағып.
Түзік бол дұрыстықпен білгенінше,
Жүріп қал жан аманда жүргеніңше.
Тағдырда жазған нәсіпті арттырмасаң
Қалып бұзып епке салма өлгеніңше... – деп заманың шындығын ерекше сипатаған. Ақын бұл өлең жолдарымен қолы ұзын, көңілі төмен жандардың баршылық екендігін, адамдардың бұл әрекеттері дұрыс еместігін, халыққа пайда тигізу керектігі жайлы айта отырып, оқырманның намысын оятарлықтай рух береді.

Нұржан Наушабайұлының «Бірінші назым» атты өлеңіне сатылай кешенді талдау:

1.Авторы: Нұржан Наушабайұлы – айтыскер-ақыны.

2.Тақырыбы: Адамгершілік, адами құндылықтар жайында.

3.Жанр түрі: Өлең

4.Идеясы:Адами қасиеттерді насихаттау, жақсы мен жамандықты ажырату.

5.Шумақ: 30 шумақтан тұрады.

6.Тармақ: 127 тармақтан тұрады.

7.Бунақ:2-3 бунақтан тұрады.

8.Буын: 11-12буыннан тұрады.

9. Ұйқас түрі: Қара өлең ұйқасы (а,б,а,б) және кезекті ұйқас (а,б,в,б)

10.Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитеттер: Хал-қадари, итшілеп, пәнде.

11.Сөздікпен жұмыс: Ғайып ерен, қырық шілтен -сөзі бір емес үш тілден құралған тіркес. Атап айтар болсақ, «ғайып» араб тілінен алынған «жоқ болу», «көзден таса болу» деген мағынада, «ерен» сөзі көне түркі тілінен алынған «ер» сөзі, ал «шілтен» болса, парсы тілінен аударғанда «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғымға саяды.

12.Өлеңнің тәрбиелік мәні: Туған жерін, елін сатпауға, адами құндылықтарды сақтауға, адамгершілікті жоғары ұстауға тәрбиелейді.































2.4 Уақ Жұмабай Шалабайұлы мен Нұржан Наушабайұлының айтысы.

Қазақ әдебиеті тарихында діни-ағартушылық өлең-назымдарымен, «Сегіз сері» дастанымен және де жұмбақ айтыстарымен белгілі Нұржан мен Уақ Жұмабайдың айтысы көркемдігі жағынан да, мазмұны мен мағыналық қырынан алып қарағанданда да өте құнды айтыс болып саналады.Бұл айтыс 1908 жылы Қарақыпшақ Жасыбай ауылында болған. Нұржан мен Жұмабайды Нұржанның руластары қоймай айтыстырған екен. Ел жұртын арқаланған Нұржан өз руын, өзін мақтай келіп, Жұмабайдың кәрілігіне тиісіп сөзін былайша аяқтайды: Мен тек айыл жүйрікпін, Алты бассам таусылар, Алты айшылық өктемім. Ит өлген жерге айдай бер Жалғар жалқау көк перім. Мағырып пен Машырықтың Арасына жеткенше Сыр беремін деп пе едім?! Арғын, қыпшақ жиылса, Мен тұрғанда сөйлейтін,

Бар ма қазақ, жоқтеңім! Домбырасын қолтықтап Қутыңдаған шалың кім. Түрінбей киген шекпенін?!

Сонда Жұмабайдың айтқаны:

Өзін өзі мақтаған Осы айтқаным анық па. Алып қашпа екенсің Көбік ауыз, қарыспа...

Ойнашы шырақ теңіңмен, Ұшпайсың көкке көңіліңмен Майдандасып, кектескен Дұшпаның емем сенің мен Орынсыз жерег ұрынбай Сөйлесеңші жөніңмен Сөйлемесең жөніңмен, Мұзға түскен қабақтай, Ұшырамын деміммен. Сүйегің майда күл болар, Бір сипасам жеңіммен...

Суырып салынып айтылған осы өлеңнің өзінен-ақ Уақ Жұмабайдың асқан дарын екендігін көре аламыз.Жұмабай ақын сөздерінен байқайтынымыз оның әрбір шумағы теңеу, эпитет, метонимия, метафора сияқты көркемдік бояуға қаныққан, тапқырлығы жағынан да деңгейі жоғары, міні жоқ Жұмабай ақынның өлеңдерінің тағы бір ерекшелігі қисындылығы мен ойлылығы.Оның Нұржанмен айтысында кәрілігін сынаған Нұржанға өмірдің сан алуан қатпарына үңіліп, үлкен ой түйетіндей жауап қайтара білді.Жұмабай өлеңдерінің әр жолы мақал немесе мәтел сияқты: «Адамның жақсы асылы-кірсіз таза нәсілі», «Орынсыз ғайып соқтықпас-ақылыңның басымы, көрінгенге шабысар-ақылсыздың кәсібі», «Жас қартайып тозбай ма, жарлы байып оңбай ма», немесе «Алтын тақтан хан тайса, қарашы болар». Нұржан өлеңді жазып шығарады екен,Жұмабайдың сөзінен қағаз-қаламын қолына ала берген Нұржанға: Ай, Нұржан, Нұржан, сөйлегін, Домбыраңды қоға алып. Бастырайын деп пе едің, Өкіміңді қолданып Аттыға жаяу ергендей, Қағазыңды шимайлап Не айтпақ едің зарланып?! Күркірейін аспаннан Жауатын бұлттай торланып. Ақын болсаң сөзге ұста, Ғибрат, үлгі жаз нұсқа, Қиялдан терең ойланып. Айтыспақ болсаң менімен, Домбыраңды ал толғанып Ақын болсаң қайтейін, Айтысып ақын жеңген жоқ. Батыр болсаң қайтейін, Көмек сұрай келгем жоқ. Түлен болсаң қайтейін, Жансыз дала жапанда Иман таппай өлгем жоқ. Бай болсаң, Нұржан қайттейін, Қайырыңды көргем жоқ. Би болсаң, Нұржан қайтейін Құны кетіп баламның Жалалы болып немесе Билігіңе көнгем жоқ. Кедей болсаң қайтейің Құба шекпен үстімде, Қарашолақ астымда, Жан қалтамда бір сом жоқ, Өзім де жарып дүргем жоқ,-деп Жұмабай төгіле жөнелгенде, Нұржан тоқтатып: Еңкейіп еңбек етіп еккенімді Пісіріп, өзім ордым сепкенімді. Әлеумет, айып етіп аңыз қылма, Кішілік үлкен шалға еткенімді. Дарияның тасқынында кете бардым Нұржанның қанжығаға бөктерілді. Аталы сөзге тұрмай ақымақтарша, Ағаменен болмайын жеккөрінді...

Жұмеке айыбымды ұрдың бетке, Ғибрат мұныңды інің қабыл етті. Әурелеп босқа мені сөйлеттің деп,

Жұмеке, өтінемін айып етпе!-деп сөзге тоқтап, мойындап, шапан жабады.Бұл айтыс жазбаша айтыстың тамаша үлгісі болумен бірге тарихи құнды дерек. Нұржанмен Жұмабайдың талданып отырған айтысы көркемдік,мазмұндық құндылығымен бірге,ақындарды да, халықты да үлкендерді сыйлауға, уәжге жығылып, сөзге тоқтауға тәрбиелейтін үлгілі айтыстардың бірі. Осы айтыс сияқты көптеген айтыстардың сол заманда мәні зор тәрбиесі мол болған. Сол заманда айтыскерлер заманның қиындығын,төңкеріс кезіндегі қиындықты, қарапайым халықтың айта алмаған мұң-зарын айтыс арқылы жеткізе білген.Сол айтыстардың мұра болып жазылып қалған нұсқалары өте аз.









2.2 Кеңес дәуіріндегі айтыс өнері.

Ақындар айтысы дегенде, бұл өзі сонау Қазан төңкерісіне дейінгі айтыстар бөлек те, онан кейінгі айтыстар бір бөлек. Әсіресе, төңкерістен кейін «ескіліктің көзіндей» болып, «қуғын» көрген айтыстың қайта жандануына тікелей себепкер болып, қатарға қосылуына өлшеусіз үлес қосқан сол кездегі қазақтың сөз ұстар 1922 жылы Семей қаласында Иса Байзақов пен Нұрлыбек Баймұратов айтысы болған.Болман Қожабаев, Қалқа Жапсарбаев, Есдәулет Қандеков, Жақсыбай Жантөбетов, Сәт Есенбаев, Нұрхан Ахметбеков, Қайып Айнабеков сияқты айтыс өнерінің кәнігі шеберлерінің игі дәстүрі үзілген жоқ, қайта жалғаса берді. Айтыс-үлкен өнер, халықтың рухани азығы, сонымен қатар идеологиялық тәрбиенің өткір құралы. Әдетте, шындық айтыста туады десек, жетістігіміз қандай, кем-кетігіміз неде, міне, солардың бәрі айтыс ақындарының назарынан тыс қалмақ емес. Айтыс тақырыбының кенересі кең. Ол заман, қоғам, адам туралы бүгінгі күннің шындығын мол қамти алады. Жеке бастың ғана емес, сонымен бірге қоғамдық мәні бар жайлар бірінші кезекте тұрады. Бұлардың бәрінен де айтыс өнерінің саяси, әлеуметтік, идеологиялық және тәрбиелік мәнін айрықша екендігін көреміз.1943 жылы Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан кезде Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен қазақ халқының тарихында тұңғыш рет республикалық халық ақындарының бірінші айтысы өткізілді. Бір аптаға созылған бұл жыр жарысының естен кетпес мерекесі бұдан 62 жыл бұрын Алматы қаласында қазіргі Абай атындағы опера және балет театрында болған. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 88 ақын қатысқан. Халық бойындағы сарқылмас суырыпсалма өнерінің жаңа қоғам талабына сәйкес жаңа сипатпен дамуына коммунистік партия мен Кеңес өкіметі тиісті бағыт беріп, оны өзінің үгіт-насихат ісіне орынды пайдалана білген. Өмірдің өзгеруіне сәйкес айтыстың жанрлық табиғаты да түлеп жаңғырды. Айтыс бұрынғыдай рушылдық мәнінен айрылып, жаңа мазмұнға, коллективтік өмірді бейнелеу мақсатына көшті.Соғыстан кейінгі дәуірдегі айтыстар (1947-1957) бүкіл еліміздің ұран-үнімен терең астасып, халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру, соғыс зардабын жою талабынан туындап жатты. Ақындар еліміздегі үлкен өрлеудің барысы мен орын алып келген кемшіліктерді де аяусыз сынға алып отырды.Соған дәлел Сәт пен Нұрқанның, Жақсылық пен Исаның, Маясар мен Болманның, Рахмет пен Әбділданың айтыстарын атауға болады. Торғай өңіріненде кеңес дәуірінде шыққан айтыскерлерімізде бар. Олар: Нұрхан Ахмедбеко, Сәде Дүйсенов, Омар Шипин, Қасымхан Алдаберген, Қабден Байқасынов, Құтжан Қанжығалин, Қонысбай Әбіл, Әсия Беркенова, Жадыра Құтжанова, Игілік Бисенбаев, Өтей Қалиев, Рафия Орманшина, Бүркіт Бекетов, Гүлнар Қалқаева және т.б. Кеңес дәуіріндегі осы аталған айтыскерлердің ішінен Нұрхан айтыскерге тоқтала өтсем. Нұрхан айтыскер де ақын да болған.Нұрхан Ахметбековтың «Өмірбаянында» өзі жазғанындай: «Тұқымға тартуды бекер дей алмаймын... Әкемнің нағашысы Бекқұл ақын болыпты. Өз шешем Әбіш әрі ақын, әрі жыршы, әрі әнші, домбырашы еді.Оның шешесі Ақмандай ақын, оның әкесі Сайлыбай ақын болыпты...» Нұрханның айтыскер ақын ретінде ресми түрде алғаш топ алдында шығу 1943 жылдың қараша айында Қостанай қаласында өткен. Қостанай облысы атынан өнер сайысынан шыққан Нұрхан Ахметбеков Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Молдахмет Тырбиевпен айтысады.Ал 1945жылы Нұрхан Майташ Ысмағұловамен айтысады.Айтыста сөзді Нұрхан ақын бастайды.

Ертеден қанық еді Маймұра атың, Майташ деп еркелетіп айтар халқың, Алыстан әдейі аңсап іздеп келдім, Оралып Оңтүстікке барды даңқың. Еліңнің есігі- кең, аймағы-көп, Естідім үкілі бір тайлағы деп, Ашық жүз, сұңғақ бойлы, терең ойлы, Шын жүйрік Сарыарқаның саңлағы –деп Біржан салған сара жол ақындық дәстүрмен Нұрхан Майташты осылайша көтермелей келіп, келісті тұлғасы мен ақындық өнерін бағалай сөйлейді. Майташ болса:

Ал, аға домбырамды қолға алайын, Аққудай көлден ұшқан қомданайын. Әнімді тоқсан толғап, жүз құбылтып, Қиялдың кілтін ашып толғанайын, - деп сөзін бастап, апасы Сара ақынның салтанатты қалпымен ойнақы жыр, әуенді әнмен:

Атақты ақын елдің асқан нағыз, Елеулі ел аузына болған аңыз, Алдында Астананың асқақ жырмен, Басқадан тұрды биік өр тұлғаныз. Жүйрік ең жүлде бермес топтан озған, Тұлпардай делебесі дуда қозған. Сізбенен сырласуға сырттан аңсап, Қалпым бар қарындастық қолым созған, - деп танысу рәсімін жалғастырады. Нұрхан мен Майташтың бұл айтысы, қалайдда, қазақтың жыр мұрасына қосылған келісті басталып, шебер жырланып, сәтті қорытындыланған айшықты айтыс үлгісі. Аудан еңбекшілерін табысты еңбекке үндеу, соғыста жеңіске жету жолында ынтымақты іске кірісуге шақыру болатын. Ұлы Отан соғысы жылдарының тақырыбына арналған айтыстардың ішінде Нұрхан мен Майташтың осынау жыр сайысы өзінің маңызын әлі жоймаған, егемен ел азаматтарын Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін мәнді туынды... Нұрхан мен Сәтте 1957 жылы айтысады. Сәт пен Нұрхан бұрын да талай өнер сайысында үндесіп жүрген адамдар. Қатар жатқан қоңсылас Амангелді, Жангелдин аудандарының жағдайы екеуіне де белгілі.Соғыстан кейінгішаруашылықты қалпына келтіру кезеңіндегі елдегі табысты мадақтаудан гөрі, сол жетістіктер көлеңкесіндегі қалыс ойларды екі ақын да көбірек сөз етеді. Нұрхан елді мекендердегі өркендеутудегі қол жеткен табыстармен қатар кемшіліктерді де сынға алады.

Таң қалдым сіздің елдің қорасына, Келмепті жаңа құрылыс жобасына. Жарбиып жар басында жантайып тұр, Ұқсайды Қожанасыр моласына,- деп, амангелділіктердің жаңадан салдырған қорасын сынап өтеді. Бұл орайда көнекөз Сәт те қарап қалмайды:

«Қостамдағы»Молдаштың койыменнен, Кіріп шық, жатқан шұқыр қазбасына. Сауысқандар тұғыр ғып күлісіп жүр, Қотыр қойдың мініп ап таз басына. Сұлулап салдым дейсің сәнді сарай, Сөз бен шаруаң арасы алшақ қалай?-деп халықтың дәстүрімен сөзіне сауысқанды қоса кемшілікті келісті етіп сынайды. Сұңғыла Нұрхан ақын сөз ертінде Сәт қарттың тұрмыс жайын ойлап, оны жырына қосады:

Сәтеке, нағыз заржақ шешен едің, Мен сендей көшеге гүл төсемедім. Ескі үйде есігі тар әлә отырсың, Қалаңның қоқыс басқан көшелерін. Қатты айтам, құлағын сал, естідің бе, Кірсейші бір шатырлы есікті үйге. Аралай клубыңды барып едім, Ишанның әлі отырсың мешітінде...

Осылайша, Нұрхан қарт ақынның жаңа үйге көшуіне тіл жәрдемін береді.Сәт пен Нұрхан ақынның айтысы өміршең тақырыпты жырлаған бізге жеткен өшпес мұра.



Кеңес заманындағы айтыс ақындары, негізінен, құт-береке тасытқан еңбек екпінділері – стахановшыларды, егіншілерді, қойшыларды, сауыншыларды, жылқышыларды, сиыршыларды, комбайншыларды, кеншілерді ықыластана, ынтықтыра жырлады. Уақыт қалауы, қоғам тілегі осылай. Торғай ақын-айтыскерлерінен бөлек айтыскерлеріміз де ұмытылмас іздерін қалдырған. «Сұлубике мен Зейнептің айтысы» (1943), «Сәт пен Нұрханның айтысы» (1957), «Насыр мен Қалмахан айтысы» (1957) көркемдік кестесі, ой дестесі жағынан алғанда бағалы. Айтыста сыншылдық көзқарас, шынайы шыншылдық жарқын көрініс тапса, мәні зор есептелмек. Бұл орайда Қалмаханның: Айнасы ауданыңның газетің бар, Дейсің ғой онда қанша қажетің бар. Қатеден аяқ алып жүре алмайсың, Немене, сауатсыз ба жазатындар? –деп, Насырға шүйіледі. Тілеген мен Сейітқасым айтысында ұшқыр мінезді қанатты жолдары жеткілікті. Ақын Тілеген суреттеуіндегі «қыз-дала» келбеті: Гүлі – інжу, алтыны – астық, көлі – шәрбәт, Бойынан бір сұлулық тарағандай. Шеңгелдің қоңырауы қозғалады, Бойжеткен шолпысындай сылдыр қағып - деп ерекше бейнелеп өтеді. Аманжол мен Бекболат айтысында (1957) Аманжол ақын: Көрдің бе, «Өрнек» тәртіп бұзғандығын, Ұйымын төбелестің құрғандығын. Қалың жұрт еңбектеніп жүрген шақта, Жол беріп баптистерге тұрғандығын – деп ел ішіндегі дінбұзарлар, әсіресе, протестант дінінің бір-тарауы баптистерді сөгіп тастайды. Төлеген мен Серіктің айтысында (1957) қазақ газеттерінің оқылмайтындығы, ана тілін кемсіту мәселесі дұрыс көрсетілген. Оспантай ақын Үмбетәлімен айтысында ақындардың атасы Жамбылды «жалғанды жарық қылып жалғыз гауһар» деп бағалап, оның жыраулық өнерін былайша өрнектейді: Айтулының бірі еді, Бозбаланың гүлі еді. Домбыра таңдай тақылдап, Тіл мен жағы сапылдап, Қисынын тауып қиядан, Ақсұңқардай іледі. Тоқсанға жасы келгенде, Тастүлектей түрленіп, Лашын кұстай жүреді. Қозғалып түптеп сөйлесе, Ебінің дауыл желі еді. Ағызып алған бұлақтай, Науаша құйған кен еді. Мұнда фольклор стиліне тән сипаттаулар мен қалыптасқан халықтық сөйлемдер пайдаланылған. Айтыс ақындары Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында елінің еңбеккерлігі мен ересен ерлігін, яғни тыл өмірін терең жырлады. Халық шаруашылығы мен өндіріс орындарының ішкі өмірін сын көзімен тексеріп, зерттеп, совет адамдарының жанқиярлық еңбегін, онымен қатар ел арасында кездесіп отырған өрескел қылықтарды да ащы тілмен түйреп, масылдықтың, жалқаулықтың, кеселді жағдайлардың түп-тамырына балта шабуға тырысты. Іріген-шіріген құбылыстарды жоюға өлең сөздің уытын жұмсап көмектестіТорғай облысындағы Жанкелді ауданының суырып салма ақыны Ғалия Сейдеғалиева қарсыласы Еренғайып Әбдіхалықовқа былай деп сөз тастайды: Арқаның үкілеген тайлағы едім, Өлеңнің қазанында қайнап едім. Жасымнан жақсы жырмен құндақталған, Торғайдың ән-жырының қаймағы едім. Көктұйғын бұлтқа сүңгіп, көкті шарлап, Жап-жасыл жай отындай жарқылдаған... Ақықтың жарқыраған танасындай, Дүбірде тоты құстай таранамын... Осы мәтіндегі «үкілеген тайлағы едім», «ән-жырдың қаймағы едім», «көктұйғын», «тоты құс» деген символикалық сөз-образдар табиғи көрік-сәнімен айтылады. Бұлардың біразы халқымыздың тұрмысы мен өмірінен алынса, ал «тоты құс» образының тегі парсы әдебиетінде жатыр. Ерлік еңбектерімен ерекшеленген сайыпқырандарын, олардың ер жігітке, нар тұлғалы азаматқа тән ірі мінез, ізгі, нұрлы қасиеттерін, ұлы шайқас күндерінде қаһармандық, батырлық үлгілерін көрсеткен сарбаздарын асқақ шабытпен, терең сезіммен шалқыта жырлады. Мәселен, қанатты ақын Қалқа Жапсар- баев Есдәулет Қандековпен айтысында: Атанды Қазақстан алтын өлке, Бақыттың базарындай артық өлке. Жерінде мың бір түрлі жеміс бітіп, Иісі қалампырдай аңқыды өлке, – деп, қазақ халқының өмірін жырға қосады.

Қорытынды

Торғай тобыл өңіріндегі айтыс өнерін кеңінен саралап талдауға тиізтіміз. Осы ғылыми жұмыс арқылы Торғай өңірінде айтысып бірақ, кеңінен есімдері жайылмаған ақын, айтыскерлерімізді зерттеп, олардың шығармаларын талдап, саралауға бет бұрдым. Қазіргі айтыстардағы ақындық мен сарынының ерекшеліктері ескерілуі керек және ұлттық идеология үшін маңыздылығы ескеріліп, алдағы уақыттағы бұл жанрдың дамуына жағдайлар жасалуы тиіс. Болашақта айтыстың жеңімпазын анықтауға көрермен қатыстырылуы керек; аймақаралық сайыстарды қалыпқа келтіру арқылы айтыстың ықпалдылығын арттыруға болады; ол айтыстың ширақтығын арттыратын ситуация мен оппозициялық жағдайларды тудыруға себепші болады. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтып кеткеніндей туған жерімізді қадірлеп, қастерлей отырып, одан шыққан біртуар ақын-айтыскерлеріміздің шығармаларының зерттеп, болашақта пайдаға жаратып, өз орнымызды тауып жатсақ, Қазақстанның білімді де патриот жастарының атынан осы бағдарламаға аз ғана болса да үлес қостым деп санаймын.





9


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі