жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Төрле, құтты Жаңа жыл!" ертеңгілік
Тақырыбы: «Төрлет, құтты Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы, Ханшайым, Қасқыр, Қоян, Аққала.
(Зал іші мерекеге сай безендірілген. Жай музыка ойнап тұрады. Залға Ханшайым кіреді. Қолында ойыншықтары бар. Қуыршақтар, әр түрлі аңдар бар)
Ханшайым:
- Мен осы ойыншықтармен үнемі ойнаймын, бірақ олар сөйлемейді, менімен бірге билемейді. Мен ойыншықтарыма жан бітіп, олармен сөйлесіп, билеп, ойнағым келеді. Шіркін сиқыршы болғанымда ғой... а-а-а-а
(Олармен ойнап отырып, ұйықтап қалады. Жарық сөнеді, залға сиқыршы келеді, оның хатын алып оқиды)
Сиқыршы:
- Мен бұл кішкентай ханшайымның тілегін тез арада орындайын.
(Таяғымен барлық ойыншықтарды түртеді, кезекпен ойыншықтар /балалар/ ішке кіріп тұра береді. Балалар қолдарында шамдар жанып тұрады, жарық сөндірулі)
Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
1. Ақ сезімдей ақ ұлпа жалында,
Ақ шағала қонады қолыма.
Көптен күткен мереке сағынып,
Келді міне жаңа жыл тағы да, тағы да.
Қайырмасы:
Жаңа жылдың жарқырасын шамдары,
Жаңа өмірдің жадырасын жандары.
Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде,
Орындалсын әрбір жанның бар арманы.
2. Аралайды даланы, қаланы,
Әппақ қырау өрнегін салады.
Қоңыраудың сыңғырлы үнімен,
Тереземді жаңа жыл қағады, қағады.
Қайырмасы:
Жаңа жылдың жарқырасын шамдары,
Жаңа өмірдің жадырасын жандары.
Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде,
Орындалсын әрбір жанның бар арманы.
(Ханшайым оянып, олармен бірге билеп, ән салады)
Ханшайым:
- Менің тілегім орындалды, мен енді Жаңа жылды өз ойыншықтарыммен бірге көңілді қарсы алатын болдым!
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Әрине, Жаңа жылда барлық
балалардың тілегі орындалады емес пе? Бүгін ғажайып күн. Бүгін
барлық тілектеріміз орындалатын күн. Ханшайым, сенің тілегің
орындалып, бүгін барлық ойыншықтарың жаныңда, сенімен бірге ән
салып, би билеп, Жаңа жылын бірге қарсы алады. Құрметті қонақтар,
ата-аналар, балалар, Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын! «Төрлет, құтты Жаңа
жыл!» атты ертеңгілігіне қош
келіпсіздер! Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол
жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл
болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт
тілеймін.
Балалардың тақпақтары:
1-бала:
Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа
жыл?!
Мен де саған
арнайыншы жаңа жыр.
Есік ашық,
дастарқаным жаюлы,
Қарсы алуға не
керектің бәрі әзір.
2-бала:
Қараңыздар, жаңа жылдың ақ
таңын,
Тым ерекше гүл жайнайды
бақтарым.
Жалғыз тілек: қазақ халқы өсе
бер!
Сенің арқаң ел боп менің
жатқаным
3-бала:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
4-бала:
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он сегізінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
5-бала:
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
6-бала:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет-төрлет Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Жүргізуші:
Қыздарымыздың биші аяғы,
Би билемесе тұра алмас.
Тойларында билеп берсе,
Қандай адам қуанбас.
Би: «Қуыршақтар»
Ханшайым:
- Мен де тақпақ айтайыншы:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны – деп күрсінеді.
Жүргізуші:
- Сен Аяз атаны сағынған сияқтысың, балалар Аяз атаны шақырайық ендеше.
Балалар:
- Аяз ата! Аяз ата!
/Аяз ата келмейді/
Жүргізуші:
- Аяз ата үлкейген-ау шамасы, құлағы естімей жатқан болар, тағы да шақырайық.
Балалар:
- Аяз ата! Аяз ата!
Жүргізуші:
- Сиқыршыдан көмек сұрауға тура келеді.
Сиқыршы:
- Сендерге қалай көмектессем екен? Жарайды, бір сиқырым бар еді, ұмытып қалмасам..
/Әкелген ыдысының ішіне әрнәрсені салып, бетін жауып сиқырлайды/
Сиқыршы:
- Ахалай-махалай, үфит-сүфит! Аяз ата ортаға кел!
/Ортаға қасқыр мен қоян келіп, билейді/
Жүргізуші:
- Сиқыршы, бұл қалай болды?
Сиқыршы:
- Мен барлығын дұрыс жасаған сияқты едім, мыналар қайдан келді?
Қасқыр:
- Біз қоян екеуміз жай қалжыңдап едік. Бізді ұмытып кетіп, тойлап жатқаныңыз қалай? Біз де қатысайықшы.
Жүргізуші:
- Жарайды, бірақ Аяз атаның киімдерін киіп кетіпсіңдер, ол қалай келеді?
Қоян:
- Біз қазір келеміз.
/Шығып кетіп киімдерін шешіп келеді, қолдарына ойын атрибуттарын алып кіреді./
Қасқыр:
- Бізде бір ойын бар, балалар, ойнайсыңдар ма?
Балалар:
- Иә, ойнаймыз.
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Шарты: Балалар бес-бестен екі қатарға тұрады. Шыршаларды ойыншықтармен безендіру керек. Балалар қоян сияқты секіріп келіп ойыншықты іледі де кері қарай жүгіріп қайтады. Шыршаны ең бірінші безендіріп болған топ жеңіске жетеді.
Қасқыр:
- Балалар, ойын ұнады ма?
Балалар:
- Иә, ұнады.
Қоян:
- Ойынды жақсы ойнадыңдар. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
/Қасқыр мен қоян шығып кетеді/
Сиқыршы:
- Мен тағы бір сиқырлап көрейін, «ахалай-махалай, үфит-сүфит, Аяз ата ортаға кел!»
/Сиқыршы шығып кетеді. Әуенмен Аяз ата мен Ақшақар келеді/
Аяз ата:
- Сәлеметсіңдер ма, балалар!
Балалар:
- Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата:
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді шақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өттім мен бүгін,
Жаңа жылдың кешінде
Кездессем деп сендермен.
Жаңа жылдарың құтты болсын, бүлдіршіндер!
Ақшақар:
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ата, рұқсат болса, мен осы мерекеге байланысты балаларға жұмбақтар жасырғым келіп тұр.
Мен бастайын, ал сендер,
Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр......
Балалар:
- Жаңа жыл!
Ақшақар:
- Қызыл мұрын, ақ мұртты,
Білсең атын тез ата.
Жаңа жылда үнемі,
Келеді бізге .......
Балалар:
- Аяз ата!
Ақшақар:
- Шырша бүгін кәделі!
Балалар да .......
Балалар:
- Әдемі.
Ақшақар:
- Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын-күлкі таралсын
Құтты болсын, тағы да
Айтамыз біз.......
Балалар:
- Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл!
Аяз ата:
- Мен де бір жұмбақ айтсам, қалай болады?
Ертегідей орманда
Сұңғақ бойлы сұлу бар,
Айтыңдаршы балалар,
Оның аты.......
Балалар:
- Ақшақар.
Аяз ата:
- Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші:
Жасыл шырша жанында,
Ойнап, күліп жүреміз.
Аяз атаға бәріміз,
Ән айтып береміз.
- Қане, балалар, Аяз ата мен Ақшақарға «Елка-елочка» әнін айтып берейік.
Ән: «Ёлка-ёлочка»
Ёлочку
зеленую
В гости мы
позвали.
До чего
нарядная
Ёлка в нашем
зале!
Припев:
Ёлка,
ёлочка!
Просто
загляденье!
И пушиста, и
стройна
Всем на
удивленье!
Кружатся за
окнами
Белые
метели,
А у нашей
ёлочки
Игры да
веселье!
Припев:
Ёлка,
ёлочка!
Просто
загляденье!
И пушиста, и
стройна
Всем на
удивленье!
Нам сегодня
весело.
День такой
хороший!
Пляшут все у
ёлочки,
Хлопают в
ладоши!
Припев:
Ёлка,
ёлочка!
Просто
загляденье!
И пушиста, и
стройна
Всем на
удивленье!
Жүргізуші:
Кел, балалар, тақпақты,
Тақылдатып айтайық.
Аяз ата таң қалсын,
Сыйлық алып қайтайық.
Тақпақтар:
1-бала:
Новый год мы
очень ждали,
Елку с мамой
наряжали.
Чтобы добрый
Дед Мороз
Нам подарки
преподнес.
Целый год мы не
шалили,
Стих для
дедушки учили.
Очень рады мы с
утра,
Новый год
пришел. Ура!
2-бала:
Вот
пришел к нам Новый год,
Встанем в дружный хоровод!
Вокруг елочки пойдем,
Дед Мороза позовем!
3-бала:
Праздник мы встречаем,
Ёлку наряжаем.
Вешаем игрушки,
Шарики, хлопушки.
4-бала:
Со
Снегурочкой он мчит
И
на праздник к нам спешит,
Новогодние подарки
Раздает легко и ярко!
Разноцветные игрушки,
Мандарины и хлопушки,
Всем нам из лесу привез
Наш любимый Дед Мороз!
5-бала:
Дети водят хоровод,
Хлопают в ладошки.
Здравствуй, здравствуй новый год!
Ты такой хороший.
Жүргізуші:
Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнге салып, би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.-
Ұлдарымыздың орындауында «Сайқымазақтар» биін тамашалаңыздар.
Би: «Сайқымазақтар»
Жүргізуші:
- Аяз ата, Ақшақар мен енді сіздердің ептілігіңізді, шапшаңдығыңызды байқау үшін, балалармен ойын ойнауға шақырамын. Егер жеңіліп қалатын болсаңдар, онда айып төлейсіңдер.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Шарты: Горшоктарды қою. Әуен басталғанда балалармен бірге билейді, әуен тоқтағанда, отырып қалу керек. Горшоктарды бір-бірден алып тастап, ойынды жалғастыру. Ең соңында қалған бала жеңімпаз болады. Ұтылып қалса, Аяз ата мен Ақшақар би билеп береді.
Балалардың тақпақтары:
1-бала:
Winter, winter, winter
day,
Winter day, winter day.
Santa, Santa, Santa clause,
Come in my house.
2-бала:
New Year Day, happy day,
We are glad and very gay!
We all dance and sing and say:
«Welcome! Welcome, New Year Day!»
3-бала:
It is winter, it is winter.
Let us skate and ski.
It is winter, it is winter.
It’s great fun for me.
4-бала:
Snow on the ground.
Snow on the tree.
Snow on the house.
Snow on me!
5- бала:
Spring is green,
Summer is bright.
Autumn is yellow,
Winter is white.
Жүргізуші:
- Ханшайым, сен өзің қандай әсем болсаң, ойыншықтарың да сондай тамаша. Енді орман сұлулары шыршалардың қандай өнері бар екен?
Би: «Шырша»
Жүргізуші:
- Балалар, біздің мерекемізге біреу жетіспей тұрған сияқты. Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
Балалар:
- Аққала
Жүргізуші:
- Жарайсыңдар, дұрыс таптыңдар.
/Әуенмен Аққала кіреді/
Аққала:
- Сәлеметсіңдер ме балалар, мен өздерің айтып жатқан Аққаламын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Балалар, мені неден жасайды?
Балалар:
- Қардан
Аққала:
- Жарайсыңдар.
Жүргізуші:
- Аққала, біздің мерекеге қош келдіңіз. Балалардың сізге арнаған тақпақтары бар.
Балалардың тақпақтары:
1-бала:
Қар жауғанда топ
бала,
Соқты келіп
аққала.
Мұрны сәбіз,
үп-үшкір.
Көзі көмір,
қап-қара.
Көне шелек
басында,
Сыпырғышы
қолында.
Мұз айдынға
ойнауға
Келгендей-ақ ол
мұнда.
2-бала:
Қандай қызық қыс
деген?
Бәрін шебер
істеген.
Бақша, бауды,
тауды да
Бояған ақ
түспенен.
Қандай суық қыс
деген?
Қалтырайды құс
деген.
Құлақшынды
кимесең
Құлағыңды
тістеген.
3-бала:
Қыс дегенің аймақ
па?
Қатып жатқан қаймақ
па?
Құлдыраймыз
шанамен,
Қыр басынан сай
жаққа.
Біздің байтақ
далада
Асқар тауда,
қалада.
Биыл ғажап іс
болды
Таңғажайып қыс
болды.
4-бала:
Жапалақтап аппақ қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Аққала:
- Рахмет сендерге балалар, менің сендерге алып келген қызықты ойыным бар.
Ойын: «Аққала құрастыру»
Шарты: Ойынға 4 бала шығады, екі бала жарысып, қиып алынған бөліктерден қарсы тұрған екі баланы аққала қылып киіндіру керек. Қолына сыпырғы, мұрнына сәбізін, басына шелегін, мойнына шарфын тағу керек. Кім бұрын болса, сол бала жеңімпаз болады.
Аққала: Менің кішкентай достарым қайда?
Би: «Аққала»
/Ұлдар билейді/
Аққала: Өзіме арналған тақпақтар да, би де ұнады. Балалар, мен көп тұра берсем, еріп кетермін. Қош, сау болыңдар!
/Аққала кетеді/
Ханшайым:
- Мен бүгін сондай бақыттымын, менің тілегім орындалып, сондай сиқырға толы ғажап күн болды. Жаңа жыл баршаңызға құт әкелсін. Балалардың армандары орындала берсін.
Ән: «Жасыл шырша жанында»
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында, 2 рет
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы, 2 рет
Көз тоймайды қараса
Көрікті, бөрікті,
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып, 2 рет
Алма, анар, өрікті.
Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл
Шырша жаны көңілді, 2 рет
Билеп барлық бала жүр
Аяз ата:
- Менің балаларға сыйлық беретін уақытым да таяп қалған сияқты. Балаларым, өнерлерің өрге тасысын, жылдан-жылға аман-есен жете берейік. Менің де сиқыршыдан үйренген бір сиқырым бар еді ұмытпасам...
/Бір тал шашын, бір тал мұртын, салып/
Ахалай-махалай, үфит-сүфит, сыйлықтарым қайда екен?
/Шам сөнеді, ортаға сыйлықтар келеді. Балаларға таратылады/
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз өз соңына келді.
Тілеймін мен бар әлемге тыныштық
Тілеймін мен бар адамға жаңа бақыт, жаңа жыр!
- Құрметті көрермендер, ата-аналар, балалар, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Қонақтар уақытыңызды бөліп, балалармен бірге қуанып жатқаныңыз үшін, шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «35 «Балдырған» бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
№35 «Балдырған» бөбекжай директоры
_________________М.М.Кабдрахманова
«14» желтоқсан 2018 жыл
«Төрлет, құтты Жаңа жыл!»
(Жаңа жылдық ертеңгілігінің сценариі)
Дайындаған: Ән-саз жетекшісі Палманова Ж.С.,
№11 ересек тобының тәрбиешісі
Сражанова Р.С.
Өткізген: №11 ересек тобының тәрбиешісі
Сражанова Р.С.
Ақтау қаласы
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген