«Аяжан» жекеменшік балабақшасы

Дайындаған: Алдамжарова Динара Алтыбайқызы
2025-2026
Төрле, төрле Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Бүгінгі балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндерінен құралған «Еркемай» тобының «Төрле төрле келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Балалар бүгін сендер қандай әдемі болып отырсыңдар, шыршамызда ортада!
Тәрбиеші:
Қош келдіңдер шыршаға,
Көңіл сыйлап баршаға.
Сүп-сүйкімді балалар,
Ардақты ата-аналар.
Асыға күткен жаңа жыл.
Төрімізге келеді.
Жаңа жылмен әр үйге,
Береке, бақыт енеді!
Ал ендеше балалар өзіміздің қандай көңіл күйде екенімізді көрсетіп қол соғайықшы бәріміз!
/Қол шапалақтап жатқан дауыс қосылып, ортаға жылан мен жылқы шығады/
Жылан: Ой, бұл не шу өзі? Мен үлгермей қалдым ғой!
Жылқы: Мен Жылқымын .........
Тәрбиеші: Сәлем сәлем ескі жыл мен жаңа жыл! Сендер дәл уақытында келдіңдер, біз мерекемізді енді бастағалы жатырмыз.
Тәрбиеші: Қараңдар балалар шыршаның астында бірдеңе тұр. Бұл сыйлықтар ғой! Балалар сыйлықты ашып көреміз бе?
(Қорапты ашады, ішінен Қоян шығады)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Мен Қоянмын! Сендермен бірге мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Қояян би билеп, Ән айта аласыңба?
Қоян: Мен бәрін істей аламын! Ал бәріненде ойын ойнағанды жақсы көремін. Сендер менімен ойын ойнайсыңдарма?
Балалар: Иә!
Ойын: «Ұлпақарларды жина»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал балалар біздің шыршамыз әдемі, көңіл күйіміз тамаша, Қоян досымызда бар. Енді бізге қонаққа кім келуші еді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Тәрбиеші: Әрине дұрыс айтасыңдар балалар! Аяз ата мен Ақшақар!
(музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата:
Уа, халайық жиналған
Көңілдерің дүр маржан,
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан,
Аяз ата, Ақшақар
Келді алыс сапардан!
Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Мені ұзақ күттіңдер ме?
Ақшақар: Сәлем, сәлем балалар! Мереке құтты болсын!
Аяз ата:
Мына әсем шыршаның шамдары сөніп қалыпты, қане бәріміз шамын жағайық.
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
Ән: «Келді міне Жаңа жыл!
Тәрбиеші: Аяз ата, Ақшақар сіздер біздің балаларға сыйлық алып келдіңіздер ме?
Аяз ата:
Әрине, бірақ алдымен балалардың қандай өнері бар екен тамашалайық!
Тәрбиеші: Аяз ата сіз отырып демалыңыз, біздің балалардың сізге дайындаған өнерлерін тамашалаңыз!
Ақшақар: Мұнда орман тұрғындары бар екен! Қандай өнер көрсетеді екен бізге?
Тәрбиеші: Қарша қыз-ау қандай өнер дейсіз бе? Ендеше тамашалаңыздар
Би: «Чунга-чанга»
Аяз ата: Бәрекелді, ал енді балалар тақпақтарыңды айтып, сыйлықтарыңды алыңдар!
Тақпақтар:
Томирис:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса!
Рыс:
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны!
Мариям:
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр,
Тақпақ айтқан балаға
Кәмпиттерін беріп тұр!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
«Ал қымбатты көрермен,
Қол соғайық көтеріп!
Ортаға келсін балалар,
Биімен бәрін тебірентіп!» -дей келе ортада «Гномики» биі!
Аяз ата:
Ойпырамай, неткен өнерлі балалар!
Ал енді мен сыйлықпен
Қуантайын бәріңді
Тәттілерім дайын тұр
Қарсы алыңдар кәнекей!
Аяз ата: Ал балалар сыйлықтарың ұнадыма? Біздің басқа балаларды құттықтап баратын уақытымыз болып қалды. Келесі кездескенше сауболыңыздар!
Тәрбиеші:
Ән қосылып әніңе,
Сән қосылып сәніңе,
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келесі жаңа жылдың тойына! Деп бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Төрле, төрле Жаңа жыл!"
"Төрле, төрле Жаңа жыл!"
«Аяжан» жекеменшік балабақшасы

Дайындаған: Алдамжарова Динара Алтыбайқызы
2025-2026
Төрле, төрле Жаңа жыл!
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Бүгінгі балабақшамыздың ең кішкентай бүлдіршіндерінен құралған «Еркемай» тобының «Төрле төрле келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Балалар бүгін сендер қандай әдемі болып отырсыңдар, шыршамызда ортада!
Тәрбиеші:
Қош келдіңдер шыршаға,
Көңіл сыйлап баршаға.
Сүп-сүйкімді балалар,
Ардақты ата-аналар.
Асыға күткен жаңа жыл.
Төрімізге келеді.
Жаңа жылмен әр үйге,
Береке, бақыт енеді!
Ал ендеше балалар өзіміздің қандай көңіл күйде екенімізді көрсетіп қол соғайықшы бәріміз!
/Қол шапалақтап жатқан дауыс қосылып, ортаға жылан мен жылқы шығады/
Жылан: Ой, бұл не шу өзі? Мен үлгермей қалдым ғой!
Жылқы: Мен Жылқымын .........
Тәрбиеші: Сәлем сәлем ескі жыл мен жаңа жыл! Сендер дәл уақытында келдіңдер, біз мерекемізді енді бастағалы жатырмыз.
Тәрбиеші: Қараңдар балалар шыршаның астында бірдеңе тұр. Бұл сыйлықтар ғой! Балалар сыйлықты ашып көреміз бе?
(Қорапты ашады, ішінен Қоян шығады)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Мен Қоянмын! Сендермен бірге мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Қояян би билеп, Ән айта аласыңба?
Қоян: Мен бәрін істей аламын! Ал бәріненде ойын ойнағанды жақсы көремін. Сендер менімен ойын ойнайсыңдарма?
Балалар: Иә!
Ойын: «Ұлпақарларды жина»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал балалар біздің шыршамыз әдемі, көңіл күйіміз тамаша, Қоян досымызда бар. Енді бізге қонаққа кім келуші еді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Тәрбиеші: Әрине дұрыс айтасыңдар балалар! Аяз ата мен Ақшақар!
(музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата:
Уа, халайық жиналған
Көңілдерің дүр маржан,
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан,
Аяз ата, Ақшақар
Келді алыс сапардан!
Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Мені ұзақ күттіңдер ме?
Ақшақар: Сәлем, сәлем балалар! Мереке құтты болсын!
Аяз ата:
Мына әсем шыршаның шамдары сөніп қалыпты, қане бәріміз шамын жағайық.
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
Ән: «Келді міне Жаңа жыл!
Тәрбиеші: Аяз ата, Ақшақар сіздер біздің балаларға сыйлық алып келдіңіздер ме?
Аяз ата:
Әрине, бірақ алдымен балалардың қандай өнері бар екен тамашалайық!
Тәрбиеші: Аяз ата сіз отырып демалыңыз, біздің балалардың сізге дайындаған өнерлерін тамашалаңыз!
Ақшақар: Мұнда орман тұрғындары бар екен! Қандай өнер көрсетеді екен бізге?
Тәрбиеші: Қарша қыз-ау қандай өнер дейсіз бе? Ендеше тамашалаңыздар
Би: «Чунга-чанга»
Аяз ата: Бәрекелді, ал енді балалар тақпақтарыңды айтып, сыйлықтарыңды алыңдар!
Тақпақтар:
Томирис:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса!
Рыс:
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны!
Мариям:
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр,
Тақпақ айтқан балаға
Кәмпиттерін беріп тұр!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
«Ал қымбатты көрермен,
Қол соғайық көтеріп!
Ортаға келсін балалар,
Биімен бәрін тебірентіп!» -дей келе ортада «Гномики» биі!
Аяз ата:
Ойпырамай, неткен өнерлі балалар!
Ал енді мен сыйлықпен
Қуантайын бәріңді
Тәттілерім дайын тұр
Қарсы алыңдар кәнекей!
Аяз ата: Ал балалар сыйлықтарың ұнадыма? Біздің басқа балаларды құттықтап баратын уақытымыз болып қалды. Келесі кездескенше сауболыңыздар!
Тәрбиеші:
Ән қосылып әніңе,
Сән қосылып сәніңе,
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келесі жаңа жылдың тойына! Деп бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз!
шағым қалдыра аласыз













