«Айша» балабақшасы
Бекітемін___________
Тексерілді__________Акжигитова У.М.
Төрле, төрле жаңа жыл!
«Құлыншақ» мектепалды даярлық тобының 2026 жыл жаңа жылды қарсы алу мерекелік ертеңгілік сценарийі
Тәрбиеші: Төребаева Г.Т.
Ақтау қаласы 2025-2026 о.ж.
«Айша» балабақшасы «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобының 2026 жыл жаңа жылды қарсы алу мерекелік ертеңгілік сценарийі
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз Атаның, Ақшақардың, балалардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін!
Біздің: «Төрле, төрле жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Ендеше ертеңгілігімізді бастайық… Ертеңгілігімізді жаңа жылдық әдемі бимен бастайық.
Би: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Балалар, шырша туралы тақпақтар кім біледі? Қане кім айтады?
-
Тауда туып, тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр. Е. Гүлназ
-
Қараңдар мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға
Аяз ата келіпті. Нұғман
-
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз! Қайсар
-
Тамаша.Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса. Бибімариям
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, тыңдайықшы балалар бізге қонақ келе жатырған сияқты, ол кім болды екен?
(Әуенмен ортаға билеп сайқымазақ келеді.)
Сайқымазақ: Сәлем, сәлем балақайлар, мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: біз жаңа жыл жылқы жылын қарсы алайын деп жатырмыз. Сен де бізге қосыл.
Сайқымазақ: Ой рахмет. ендеше менімен бірге ойын ойнайсыңдарма?
Сайқымазақпен Ойын:
Жүргізуші: Балалар біздің мерекеге кім жетпей тұрған сияқты?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда,Аққала келеді.
Аққала: Сәлеметсіздерме балалар, сендер аққала деп шақырдыңдарма? Мен солай естігендей болдым.
Жүргізуші: біз Аяз ата мен Ақшақарды шақырдық. Сен де келген екенсің ендеше біздің мерекелік ертеңгілігімізді тамашала.
Аққала: Балалар мен қармен бірге сендерге келіп едім. Бірақ енді еріп бара жатырғандаймын. Мені өздеріңнің өнерлеріңмен салқындатыңдаршы.
Жүргізуші: ендеше балалар «Аққала» әнін орындап берейік.
Ән: «Аққала»
Аққала: Ой рахмет балалар.
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақар алдыңғы шақырғанда естімей қалған секілді. Осы жолы тағы да шақырып көрейік.
Балалар Аяз ата, ақшақар деп айқайлап шақырады.
Сол кезде Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары, ескі жылмен жаңа жылы бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.
Аяз ата:
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
Аяз ата :Балалар , мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарынды жарқырат! Үш рет.
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарынды жарқырат! Үш рет айтып шапалақтайды. Шырша жарқырайды!
Жүргізуші: Қош келдіңіздер төрлетіңіздер! Біз балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Балаларымыздың жаңа жылға арнаған тақпақтарын бар екен…
-
Жаңа жылым - мереке ,
Қуаныш көп береке.
Қар жауып тұр аппақ боп,
Балалар жүр шаттанып.
Аяз ата күліп тұр,
Сыйлық беріп жүгіріп.
Жаңа жылда бәріміз,
Тілейміз тек жақсылық. Ақырыс
-
Жаңа жылды қарсы алып,
Шыршаны біз айналдық.
Аяз ата келді енді,
Сыйлық толы сөмкесі.
Қуанамыз бәріміз
Шаттық әнін айтамыз! Алан
-
Кел, жаңа жыл, асықпай
Тілегімді қабыл қыл.
Ата-анам аман болып,
Күліп жүрсін әрбір жыл
Аяз ата жанымызда
Біз де бақыт тілейміз.
Жылдың бәрін сүйеміз! А. Гүлназ
-
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын! Асма
-
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән айтамыз. Берекет
-
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата. Ғибрат
-
Ал, балалар билейік,
Ойнайық та күлейік.
Аяз ата қуансын,
Тақпақ айтып берейік! Ерсұлтан
-
Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз атадан сыйлық аламыз. София
-
Жаңа жылмен, Жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрінде!
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын Жаңа жыл.
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын Жаңа жыл. Сезім
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, балалар біз қанеки ескі жыл жылан жылын шығарып салып, жаңа жыл жылқы жылын қарсы алайық.
Жылан: мен ескі жыл сіздерге молшылық бақыт әікелдім. Мына келер жылға айтар тілегңм. Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным,
Келесі жыл бастауын жылқыға берем.
Жылқы: келдім міне, жаңа жыл ортамызға
Құт-береке әкелсін баршаңызға
Аңсаған армандарың орындалсын
Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын.
Жүргізуші: Ендеше балалардың орындауында «Жаңа жыл» әні
Ән : «Жаңа жыл»
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
Жүргізуші: Кезекті ұлдардың биін тамашалайық.
Би: «Көңілді Аяз аталар» ұлдар биі
Жүргізуші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Кезекті балалардың тақпақтарына берейік.
-
Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды. Дәулетбек
-
Дала нұр, қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр. Нұрдәулет
-
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып, қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер. Ибош
-
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да,
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына. Қ.Томи
-
Қыстың күні көңілді
Көп қызықты көреміз
Шығып алып далаға
Сырғанақты тебеміз. Аянат
-
Даланың да қаланың
Думандатып отбасын
Тағы, міне жаңа жыл
Қақты уақыт қақпасын.
Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз. С.Ибраһим
-
Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз атадан сыйлық аламыз. София
-
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға Томирис
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар өте керемет. Мерекелік ертеңгілігімізді көңілді бимен жалғастырамыз. Кезекті қыздардың орындауында би.
Би: «До ре ми»
Аяз ата: Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.
Аяз атаның сыйлықтары таратылады.
Аяз ата: Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!
Жүргізуші:Құрметті, қонақтар, балалар 2026 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Барлық кейіпкерлер сахнада Жаңа жыл әнін орындайды.
Жүргізуші: Гүлзада
Аяз ата : Айгүл апай
Ақшақар : Асел апай
Аққала : Жұлдыз апай
Сайқымазақ: Гүлшат апай
Ескі жыл: Адия
Жаңа жыл: Бексұлтан
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Төрле, төрле Жаңа жыл!

шағым қалдыра аласыз