"Төрлет, Әз - Наурыз!"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Төрлет, Әз - Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіні мектепішілік шараға жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атауы: «Наурыз – жаңарудың, бірліктің, молшылықтың мерекесі»

Мақсаты: Ұлттық мейрамның мәнін терең түсіну, салт-дәстүрді насихаттау, оқушылардың шығармашылығын, бірлігін арттыру.

Көрнекілік: Наурыз көже үстелі, ұлттық киімдер, түрлі-түсті ленталар, домбыра, қобыз, гүлдер, «Құтты болсын Ұлыс күні!» плакаттары, LED экран (видео/фото үшін).

Қатысушылар: 2 жүргізуші (қыз бен жігіт), 5-11 сынып оқушыларының топтары, бишілер, әншілер, домбырашылар, ата-аналар, әже-аталар

Сценарий

1. Кіріспе – салтанатты ашылу (5-7 минут) (фонға көктемнің, оянға табиғаттың музыкасы қосылады)


КҮЙ «Әлқисса»

Болат Фараби мен Құмарбеков Аян


Музыка жүргізушілер шыққанға


1-жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

Күн мен түн теңелгенде,

Жер бетіне жылу мен нұр төгілгенде,

Жаңа жыл – жаңа өмір басталғанда...

Қош келдің, әз Наурыз!


2- жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Наурыз – тек мереке емес,

Бұл – табиғаттың оянуы,

Халықтың бірлігі,

Ұрпақтың жалғасы,

Молшылықтың, берекенің символы!

Бірге: Құтты болсын Ұлыс күні! Жаңа жыл құтты болсын!


(Фонға қазақтың көктемгі табиғатының қысқа видеосы көрсетіледі.)


Оқушылардың өлең жолдары кетеді, сахнаға кезектесіп шығады. Фонда музыка

1-оқушы Абылай Нұртасұлы

Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы 
Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.


2-оқушы Абылай Алмасұлы

Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан 
Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.


3-оқушы Рахымжан

Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!

Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.

4-оқушы Ермахан

Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.

Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.


5-оқушы Нұрасыл

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы 
Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.

Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты


6-оқушы Жанель

Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.

Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.


7-оқушы Жанару

Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.


Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.


8-оқушы Төлеу Алинұр

Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, 
Наурыз!


9-оқушы Әділжан

Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл 
Наурыз!


10-оқушы Айша

Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.

Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.


11-оқушы Аяла

Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.

Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел.


12-оқушы Ерасыл

Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.

Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.


13-оқушы Фараби

Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық!

Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз!


Әжелер осы уақытта шығып шашу шашады, фонда наурыз думан әні қосылады.

Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(шашу шашылады)


Ән әжелер

«Шілдехана бесік той»


1-жүргізуші

Күн мен түн теңелген сәтте,

Жер жүрегі соғып, жаңа тыныс алғанда...

Қыс ұйқысынан оянып,

Көктем қанат қағады.

Бүгін – Ұлыстың ұлы күні!

Қош келдің, әз Наурыз!


2-жүргізуші (жігіт):

Бірақ Наурыз жай келмейді...

Оны алып келеді – ақ баталы Қыдыр ата!

21-нен 22-ге қараған түні даланы аралап,

Қай жерге қараса – соны жылытады,

Қай адамға жолықса – соған құт дарытады.

Қыдыр ата – жаңарудың, молшылықтың, ұзақ өмірдің символы!


(Фон музыкасы күшейеді. Қыдыр ата (ақ сақал, ақ шапан, таяқ ұстаған, беделді) сахнаға баяу кіреді. Артынан Наурыз қызы/көктем аруы шығады – жасыл-қызғылт көйлек, гүл шаштаразы, қолында гүл шоғы.)


Қыдыр ата:

Ау, амансыңдар ма, жараңдар, жамағат!

Қыдыр түні – құт түні!

Далаға қарадым – жер жібіді,

Тасқа қарадым – тас еріді...

Енді сендерге қараймын!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Қайда барсаң – жол болсын!

Ұрпақтарыңның бағы жансын,

Берекең төгіліп, несібең мол болсын!

Наурыз қызы:

Мен – Наурызмын, көктемнің қызы!

Мұзды ерітем, гүлді ашамын.

Қыс борандарын қуып шығамын,

Жер бетіне жылу мен нұр төгемін!

Жаңа жыл – жаңа өмір басталды!

Бүгінгі тойда бірге билейік,

Бірге ән шырқайық, бірге жаңғырайық!

Көктем аруы:

Наурыз – тек мереке емес,

Бұл – табиғаттың оянуы,

Халықтың бірлігі,

Ұрпақтың жалғасы.

Мен әкелемін молшылықты,

Мен әкелемін берекені,

Мен әкелемін махаббат пен достықты!

Енді бірге билейік, Бірге ән шырқайық, Бірге жаңғырайық!

Құтты болсын Ұлыс күні! Жаңа жыл құтты болсын!

(Қыдыр ата мен Наурыз қызы қол ұстасып, сахнаның ортасына шығады. Фонда «Қош келдің, әз Наурыз» әнінің инструментал нұсқасы. Олар бірге қысқаша диалог айтады.)

Қыдыр ата: Наурызым-ай, Көктем аруы сендер келгенде жер жанданады, Халықтың жүрегі жадырайды. Менің батам – сендерге серік!

ҚЫДЫР АТА:  (Тілек)

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Наурыз қызы: Бірге болсақ – молшылық, бірге болсақ – береке болады!

Көктем аруы: Наурыз думан, Наурыз тойды бастайық!


1-жүргізуші:

Қыдыр атаның батасымен, Көктем аруы, Наурыз қыздың жылуымен Біздің мерекеміз басталды! Енді сөз – дәстүрлерге, ән-билерге, ойын-сауыққа берелік!

Ал сіздер төрге өтіп тамашалаңыздар, біздің мектептің оқушылары мен ата-аналарының қандай өнерлі екенін

2-жүргізуші

Иа, төрлетіңіздер! Ал біз болсақ той – думанды бастайық!

Қуаныш шаттық кернейді

Наурыз айы даланы

Асығып күткен мейманы

Наурыз бақыт мейрамы

Шырқалады наурызда

Қазағымның күй әні


Ән «Толғау» орындайтын

5 «ә» сынып оқушысы Аманкелді Амина мен Ануарбек Ұлпан

ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР

1-жүргізуші

Ашылып аспан қабағы

Күліп күннің жанары

Қуаныш шаттық кернейді

Наурыз айы даланы

Асығып күткен мейманы

Наурыз бақыт мейрамы

Шырқалады наурызда

Қазағымның күй әні

Күй «Балбырауын»

Алдияр

2-жұргізуші

Білсең шіркін сезіне,
Наурыздағы күн қандай!
Табиғаттың өзі де,
Той өткізіп тұрғандай...
Суық ызғар білінбей,
Жан шуаққа кенелер.
Таразының тіліндей,
Күн менен түн теңелер.


Ортада «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы

Би «Қара жорға»


4. «Наурыз дәстүрлері» театрландырылған көрініс

1-жүргізуші

Ақ түйенің қарны жарылған күн
Өкпе, нала болса егер арылған күн
Наурыз көже әр үйден дәмін татып
Ақ дастархан кеңінен жайылған күн

2-жүргізуші

Ата-баба салт-дәстүрі,
Ұлтымыздың айнасы.
Келешекте ұмытылмас,
Дәстүрімнің жалғасы.

Салт- дәстүрін білген бала,
Тарихын да таниды.
Наурыз тойы, ораза айт,
Қуантқан ғой әр үйді


Келесі кезекші салт-дәстүрлерге беремііз


1-жүргізуші

Қазақтың қызы өр болған, кем болмаған,

Күміс шашбау сыңғырлап, жанды арбаған.

Қасиеті халқыңның – дәстүр мен тіл,

Білген жандар биіктерге самғаған.

ШАШБАУ ТАҒУ ДӘСТҮРІ(жеңгемен қыздар арасында)-6А СЫНЫБЫ


2-жұргізуші

Үйің үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Ақтөбедей көрінген,
Қандай байдың үйі екен !

ЖАРАПАЗАН АЙТУ ДӘСТҮРІ-6 Ә СЫНЫБЫ

1-жүргізуші

Сүйiншiлеп” атой салмас осы күн,
Ұмытқан-ау әдет-ғұрып жосығын.
Ұрандатып келе жатса бiр бала,
Шабар едiм қапталдаса қосып үн.

СҮЙІНШІ СҰРАУ- 8А СЫНЫБЫ

2-жүргізуші

Қаз-қаз балам, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Күрмеуіңді шешейін,
Түсауыңды кесейін. – дей келе келесі кезекте

ТҰСАУ КЕСУ ДӘСТҮРІ-8 Ә СЫНЫБЫ

2-жүргізуші

Сүр сезімді сақтаған «Селтеткізер»,

Хош көрсең, ұяң сұлу «Ұйқыашар» бер

Келесі салт дәстүріміз

ҰЙҚЫ АШАР ДӘСТҮРІ (СЕЛТЕТКІЗЕР)- 9 Ә СЫНЫБЫ

1-жүргізуші

Бал - бал бөбек, бал бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым тор төсек.
Бөпешім, бесік - отауын,
Отауыңа кір, бөбек.

БЕСІККЕ БӨЛЕУ ДӘСТҮРІ-9 Б СЫНЫБЫ

2-жүргізуші

- Қазақтың ұлттық ойындары - сан қырлы, мазмұнға бай қазыналардың бірі. Олар адам көңілін көтеріп, ойын сауықтық қана рөл атқарып қалмастан, дененің шынығуына, ептілік, күш-қайрат түрлерінің қалыптасып, ақыл-ойдың жетілуіне ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келген.
Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда да маңызы зор.

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР- 7А,7Ә СЫНЫПТАРЫ


(Бұл көріністерге ата-әже,аға-жеңге,ата-ана қатыстырылуы керек)

Ән: Наурыз – көктем

Орындайтын мектеп-ұстаздары


Жүргізушілердің соңғы сөзі: Наурыз – тек бір күн емес, Бұл – жүректегі жаңару, Бірліктегі күш, Болашаққа деген үміт! Баршаңызға құтты болсын Ұлыс күні! Жаңа жыл молшылық әкелсін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі