400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төрлет, Жаңа Жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесін тойлату
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Төрлет, Жаңа жыл!»



Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар.Бүгінгі жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл қуаныш, бақыт әкелсін.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел, балалар, келіңдер

Тамашаны көріңдер.

1-бала: Жаңа жылдарыңызбен!

2-бала: С новым годом!

Жүргізуші: Балалар, мынау ортадағы әдемі шыршамыз көңілсіз тұр ғой, бәріміз әдемі шыршаның шамын жағайық.

Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат

Бір, екі, үш

Шырша шамы жан.

Жүргізуші: Балалар, әдемі шыршамызды айналып, ән айтайық.

Ән: «Шыршаға бардық».

Жүргізуші: Балалар, шыршамыздың шамы жағылды, енді ортамызға кім жетпей тұр?

Балалар: Аяз Ата

Жүргізуші: Дұрыс-ақ, балалар, енді бәріміз бірге Аяз Атаны шақырайық.

Хормен: Аяз Ата,ау-у-у.

Аяз Ата: Амансыңдар ма, ұлдарым

Қырмызы сұлу қыздарым

Өздеріңді сағындым

Көп сыйлығым жоралғым!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз Ата,

Қарсы аламын орын беріп

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бізге еріп.

Жаңа жылымызға қош келдіңіз, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Аяз Ата қасыңыздағы Ақшақар қызыңызды көрмей тұрмыз ғой, Ақшақар қайда?

Аяз Ата: Ақшақар қызымнан адасып, таба алмай қалдым.

Жүргізуші: Аяз Ата, қазір Ақшақар қызыңыз келіп қалар, балалар, біздер қандай ертегілерді білеміз , айтыңдаршы?

Балалар: Бауырсақ, Үш аю, Жеті лақ, Мақта қыз бен мысық ертегісі.

Жүргізуші: Ендеше, балалар, бауырсақ ертегісін айтып бастайық. Ерте, ерте, ерте де ата мен әже болыпты. Ата мен әже Жаңа жыл мерекесіне арнап бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суыту үшін оны терезе алдына қойыпты. Бауырсақ домалап жаңа жыл мерекесін тойлауға достар іздеп кетіпті.

Бауырсақ қоянға кездесіпті.

Қоян: Бауырсақ, бауырсақ қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қоян: Ендеше, мені жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық. (Қоян бауырсаққа ілесіп шырша жанына келеді)

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Қоян: Менің жаттаған тақпағым бар.

Жанбота: Жаңа жылым бақытты мол әкелсін,

Бар халыққа қуаныш көп әперсін.

Бейбітшілік болып тұрсын елімде,

Тыныш болсын ұлан-байтақ жерімде.

Аяз Ата: Бәрекелді, Жаңа жыл мерекесіне ақ қоян келіпті. Ақ қоян, сен менің Ақшақар қызымды көрмедіңбе?

Қоян: Жоқ, жоқ, көрмедім.

Аяз Ата: Ақшақар неге кешікті екен, а? Мүмкін ол осы маңда адасып жүрген шығар. Бауырсақ, сен менің Ақшақар қызымды да қарай жүр.

Бауырсақ: Жарайды, қарайын.

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап қасқырға кездеседі.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қасқыр: Ендеше, мені жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Қасқыр: Менің жаттаған тақпағым бар.

Ислам: Қараңдар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті.

Аяз Ата: Қасқыржан-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедіңбе?

Қасқыр: Жоқ! Жоқ! Көрмедім!

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап аюға кездеседі.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Аю: Ендеше, мені жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Аю: Менің жаттаған тақпағым бар.

Карина: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Аяз Ата: Аюжан-ау, жолдан менің Ақшақар қызымды көрмедің бе?

Аю: Жоқ! Жоқ! Көрмедім! (Осы кезде бауырсақпен ілесіп түлкі мен Ақшақар келе жатады)

Жүргізуші: Балалар, бауырсақпен бірге кім келе жатыр, қараңдаршы?

Балалар: Қу түлкі! Қу түлкі келе жатыр.

Түлкі: Жооқ, балалар, мен қу емеспін. Мен ешкімді алдамаймын. Бәріміз дос болайық. Мен сендерге жаңа жылға Ақшақарды ала келе жатырмын.

Аяз Ата: Бауырсақ пен түлкі, сендер біраз еңбектеніп шаршадыңдар ғой, енді біраз отырып дем алайық. Жаңа жылға арнаған тақпақтарынды тыңдап, билерінді көрейін.

Әлихан: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Бауырсақ: Аяз Ата менің достарыммен бірге шырша айналып, өлең айтайық. Енді бәріміз дос болайық, ренжіспейік, жарайды ма, балалар?

Ән: «Қош келдің, Жаңа Жыл!».

Жүргізуші: Ал, балалар, ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алайық.

Ескі жыл: Жасампаз заман бұл заман

Бүгіннен ертең ғаламат!

Алдыңғы сапта боларсың

Келер жыл саған аманат!

Сау болыңдар, балалар!

Жаңа жыл: Балалар мені шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет. Өзіммен бірге жақсылығымды ала келдім. Жаманды жөнге салар, жақсының жақсылығын танытар халқыма тыныштық,көршілес елдермен тату болар құтты жыл боламын.

Жүргізуші: Ақшақар, сізде жолдан тоңып келген шығарсыз. Біздің мына кішкентай Ақшақар қыздарымызбен би билеңіз.

Би: «Ұлпа қарлар».

Ойын: «Бөпе».

Жаңа жылдық тақпақтар:

Айлин:Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде

Билеймиз, ән саламыз.

Тұрарбек: Келді міне, Жаңа жыл,

Қарсы алайық, бәріміз.

Күліп, ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз.

Гүлбахар: Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша!

Нұрдана: Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

Ғазиз: Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер!

Ұлболсын: Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Карина: Кірді, міне, есік қағып жаңа жыл,

Ала келді айтылмаған жаңа жыр.

Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп,

Шыршаларды түрлі-түсті сәндетіп.

Би: «Жаңа жыл».

Аяз Ата: Балалар, сендер өнерлі екенсіңдер. Маған Ақшақарды тауып бердіңдер, көп рахмет сендерге. Біз Ақшақар қызым екеуміз енді жолға шығайық. Бізді басқа балабақшада балалар күтіп отыр. Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз, Аяз Ата! Сау болыңыз, Ақшақар!

Жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Жаңа жылдың бақытын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін

Жаңа жылда орындалсын тілектер - деп бүгінгі «Еркем-ай» тобының бүлдіршіндері әзірлеген ертеңгілігі осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі