15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Төрлет Жаңа жыл!"
«Төрлет, құтты жаңа жыл»-ертеңгілік
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар,қонақтар сіздерге жаңа жылда табыстарға жетіп, отбасыларыңызға қуаныш пен бақыт дендеріңізге саулық тілей отырып бүгінгі «Төрлет, құтты жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Ділназ:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Алдияр:
Қыс мезгілі көңілді
Аспанан ақ қар төгілді
Шаңамен біз ойнаймыз
Шаңғы теуіп зырлаймыз.
Раушан:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Қөз тоймайды қараса
Ән: «Ертегілер»-Нұрайдың орындауында
( Ханшайым кіреді)
Ханшайым: Сәлеметсізба менің достарым үлкен, кішкентай балғындарым.
Мен ханшайыммын.
(Балалар амандасады)
Жүргізуші: Қош келдің Ханшайым. Бүгін біз мереке өткізіп жатырмыз. Біз мерекеде өлең айтып, шыршаны айналып билеп жүреміз.
Ханшайым: Қызық екен, ол қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл.!
Ханшайым: Қайдан ол келеді?
Қайда ол сосын кетеді?
Мен бәрін білгім келеді?
Жаңа жыл деген не?
Жүргізуші: -Кане балалар, Ханшайымға Жаңа жыл туралы айтып берейік
Илназ:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда, жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап барлық бала жүр.
Ясина:
Жаңа жылды қарсы алдық
Мініп алып күймеге
Менде бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Диана:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елендеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Жүргізуші: Міне біздің жаңа жыл қандай. Бізбен бірге қалып балалармен би билеп, ән салып
біздің мерекеміздің құтты қонағы болыңыз.
Ханшайым: Жаңа жыл не екенін енді білдім. Әрине менде сендермен қаламын жаңа жылды
қарсы аламын. Бірақ мен Аяз атаны танымаймын. Ол кім?
Жүргізуші: Балалар,Аяз ата қандай?
Балалар: Аяз ата ол деген мейірімді, сүйкімді ақ сақалды ата. Ата көп ертегілерді біледі, ол ормандағы жануарлардың досы. Аяз ата барлық балалармен бірге билейді, ән айтады. Біз атаны жыл бойы күтеміз.
Ханшайым: Балалар мен Атаны таныдым (қоңырауды алып), қазір мен қоңырау
шылдыратсам Аяз ата тез арада келеді.
Музыка ойнайды, Сайқымазақ билеп келеді.
Жүргізуші: Балалар мынау аяз ата?
Балалар: Жоқ
Сайқызамазақ: Сәлеметсізбе балалар. Мен Сайқызамазақ
Ханшайым: Ия сен Аяз ата емессің. Сенің мұрның қызыл емес, сақалың ақ емес? Сен мұнда
қалай келдің?
Сайқызамазақ: Ханшайым, сен қоңырауды шырылдаттың мені осында шақырдың.Мен тез
арада балаларға жеттім.
Жүргізуші: Сайқызамазақ қандай күлкілі, қандай әдемісін. Сен бізбен қал біз өлең айтамыз,
билейміз жаңа жылды қарсаламыз.
Сайқызамазақ: Әрине бүгін жаңа жыл ғой. Бәріміз шыршаны айналып ән айтайық.
Ән «Жаңа жыл »
Би(Сайқызамазақтың)
Жүргізуші: Балалар бізге Аяз атаның орнына бізге күлкілі Сайқызамазақ келді. Енді бізге Аяз атаны шақыршы Ханшайым.
Ханшайым: Басынан бастап мен шатастым. Енді мен қайталамаймын. Маған тағы көмектесіп жіберіңізші, Аяз ата туралы айтып беріңізші.
Нурали:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келеді елге сапардан
Аяз ата оралып
Арлан:
Ақсақалды шал жылына
Бір ақ рет келіп кетеді
Қызы мен Ұлына
Сыйлық алып келеді.
Жансұлтан:
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Аяз ата келеді
Құттықтауға біздерді
Жүргізуші: Көктемде оны көрмейміз, жазда бізге келмейді, жылда ол қыс болғанда келеді.
Ханшайым: Қайталама, шатаспа қоңырауым шырылда. Ақ сақалды атаны, сен әкел тездет мұнда.
Музыкамен аққала келеді.
Аққала: Қандай тамаша шырша, әдемі қыздар мен ұлдар. Мен далада тұр едім, бір уақытта қоңыраудың дили дон, дили дон деген ырылдағанын естіп тездетіп жүгіріп келдім.
Ханшайым: Бұл қалай, бұл незат? Ешнәрсеге түсінбедім менің сұрағыма жауап бер Аяз ата емеспе?
Аққала: Жоқ, жоқ, жоқ. Мен Аққаламын. Мұздан қардан жасалғанмын.
Жүргізуші: Айтары жоқ сиқыршысың, қайта қайта шатасасын.
Аққала: Мен сендермен қалғым келіп тұр бола ма?
Балалалар: Әрине болады.
Би: «Паровозики»
Аққала: Менде сендерге ойын ала келдім, ойнаймыз ба?
Ойын: «Қысқы жел»
Жүргізуші: Біз ойнадық, өлең айттық. Шыршаның жанына қонақтарды жинадық. Бірақ біздің бас қонағымыз Аяз ата мен Ақшақарымыз жоқ.
Ханшайым: Мен өтінемін ренжеменші, шатаспаймын мен енді. Балалар барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР ау,ау
Музыкамен Аяз ата, Ақшақар келеді.
Аяз ата: Сәлеметсізбе балаларым, балаларым балғыным өмір гүлім, шалғыным. Тілеймін жыл бойы сендердің денсаулығың. Мені көп күткен шығарсыңдар. Мен алыс-алыс жолдардан келдім.
Балалар: Сәлеметсізба Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Менің балғындарым маған не әзерлеп қойды екен
Балалардың тақпағы: мини центр
Аяз Ата: Қандай әдемі шыршаныз. Бірақ шыршаныз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді таңырқат
Шамдарынды жарқырат!
Балалар: Қуант бізді таңырқат
Шамдарынды жарқырат! ( қолдарын шапалақтайды)
ӘН: «Шыршаға бардық»
Ақшақар: Менде сендерге бос келген жоқпын. Менім жұмбақтарым бар, шеше аласыңдарма?
1. Қарға мүлгіп дала тұр
Келе жатыр (Жаңа жыл)
2. Қызыл мұрын, ақ мұрты
Білсең атын тез
Келеді бізге (Аяз ата)
3. Шырша бүгін кәделі
Сендер бүгін (Әдемі)
4. Көңілсіз бала жоқ
Ойын-күлкі таралсын
Құтты болсын (Жаңа жыл)
Жүргізуші: Сізді Аяз ата өнерлі деп айтады, бизге билеп берші.
Аяз ата: Биле десен билейін, онда үлкен шеңбер жасан, мен билейтін болсам симаймын.
Би: 4 қадам
Аяз ата: Шаршадым мен балаларым.
Жүргізуші: Аяз Ата отыра тұр демал. Балалардың тақпағын тамашаланыз
Балалардың тақпағы:МАД-Ә
Жүргізуші: Балалардың биін тамашаланыз
Би: Санта Клаус пен Ақшақарлар
Жүргізуші: «Қар қасықта» ойыны(Аяз ата мен Ақшақар командасы)
Ән: «Айдай сұлу Ақшақар»-Айарудың орындауында
Ойын: « Жаңа жылдық камал»
Аяз ата: Жаңа жылдарымен достар, сендерге жаңа жыл бақыт әкелсін Ақшақар шанамызға мінейік алда барар ауыл бар.
Жүргізуші: Аяз Ата біздің балаларға сыйлықтарыңды беруге ұмытқан жоқсыңба?
Аяз ата: Дұрыс айтасын. Қазір берейін
Аяз Ата, Ақшақар сыйлықтарды таратады.
Аққала: Жаңа жылда жол болсын!
Сайқымазақ: Әрбір үйде той болсын!
Ханшайым: Берекелі жыл болсын!
Ақашақар: Ақ дастарқан мол болсын!
Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ханшайым: Жаңа жыл мерекеміз өте тамаша өтті. Біздің де кететін уақыт болды. Біз Аяз Ата Ақшақармен, Аққаламен бәріміз келесі жылға дейін қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!
Жүргізуші: Міне бізде келе жатқан жаңа жылды қарсалдық осы мен «Төрлет, құтты жаңа жыл!» атты ертеңгіліміз аяқталды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген