Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме! Құрметті
қонақтар, балалар!
Міне, біздің ең көңілді, ең
сүйікті мерекеміз жаңа жыл да келіп қалды. Сендерді көңілді ойын
сауықтар, сыйлықтар күтіп тұр.
Балалар қараңдаршы, қандай
әдемі шырша. Бұл шыршаны Аяз ата орманынан жіберіпті әдемі
ойыншықтар тізілген.
Аққала: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!
Қардан шыға алмай қалдым.
Тәрбиеші: Балалар бір дауыс естілді.
Көмектесеміз бе? Балалар (Ия). Балалар Аққаланы қардан шығарып
алады.
Аққала: Ой балалар сендерге көп рахмет
маған жақсы көмектестіңдер. Менің қояным қайда? Менің жанымда
қояным бар еді. (Қоянның дауысы шығады)
Қоян: Көмектесіңдер!
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз
бе!
Балалар:
Ия!
Балалар арқанмен шығарады.
Қардың астынан қоян шығады. Қоян қорқып
тұрады.
Тәрбиеші: Қоян сен қорықпа балалар жаңа
жыл мейрамын тойлап жатыр бізге қосыл.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме! Біз Аққала
екеуміз Аяз атаның хатын әкеле жатыр, қатты боран соғып қардың
астында қалып қойдық, алып шыққандарыңа көп рахмет. Сендерге хат
әкелдім.
Тәрбиеші: Қане хатыңды алып көремін. Мына
хатта Аяз ата: Мен сендердің мерекелеріңе өнерлеріңді көру үшін
келе жатырмын депті.
Аққала: Ойын ойнап, ән
салып
Біз өсеміз,
өсеміз
Жүгіреміз,
жүгіреміз
Ойынға біз
тоймаймыз.
Ойын: Қане, қане қызық ойын
ойнайық!
(Қар түйіршіктері
жинау)
Ән:
«Аққала»
Тәрбиеші: Балалар шыршамыз жанбай тұр.
Осыны жағу үшін бізге кім керек?
Балалар: Аяз ата!!!
Қайталау
Аққала мен
Қоян: Аяз атаның алдынан
шығайық.
Көңілді бимен қарсы
алайық.
Аяз ата! Аяз ата! Аяз
ата!
Аяз ата кіреді, қолыңда
қапшығы бар!
Аяз
ата: Амансың ба
ұлдарым,
Амансың ба
қыздарым,
Қандай жарқын
жүздерің.
Қандай әсем
билерің.
Аяз ата
сендерге.
Шаршап келді
алыстан.
Тәрбиеші: Аяз ата, сені көптен күттік.
Аяз атаны сағындық. Қош келдіңіз! Біздің балаларымыздың. Сізге
арнаған тақпақтары бар екен айтуға рұқсат
етіңіз.
Қызыл ала шапаны, Мұз болады
қатады,
Сағындым Аяз атаны. Жап жалтыр
орайды.
Қыс келді, қыс келді. Далада
қар борайды.
Ақтарып ақ қарды. Ақ мамыққа
орайды.
Аяз
ата: Қандай әсем
жырларың!
Ақшақар: Шаршағанымыз басылып қалды.
Сендер бізге бір ән орындап берсеңдер
балалар!
Ән:
«Шырша»
Аяз
ата: Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ
шығар.
Ескі жылды есіркесін, жаңа жыл
жарылқасын демей ме?
Ортамызға тарихтан өтер мешін
жылы көрінбейді ғой.
Ескі жылды есімізге түсіріп,
еңсемізді көтеріп қарсы алайық!
Ескі
жыл: Достарым,
Алғысым көп айтар
менің
Дәл осындай артығырақ қарсы
алыңдар.
Тауық
жылын!
Жаңа жыл
кіреді! Ескі жылға сәлем
бердім!
Жаңа жыл мына мен
келдім!
Жаңа жыл сөзін
айтады.
Би:
«Балапан»
Тәрбиеші: «Аяз
ата» бізге сыйлықтарыңыз бар
ма?
Аяз
ата: Ия бар! Қабымды
ашайын.
Тәрбиеші: Сіздергеарналған Жаңа жыл
ертеңгілігіміз аяқталды!
Сау
болыңыздар!