жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Төрлет жаңа жыл!" ертеңгілігі
Жасыл шырша жанында!
Кейіпкерлер:-жүргізуші:-
Қоян- Алмагүл
Аю:- Гулмира
Құлпынай
Қасқыр:- Сауле
Т
Аязата:-
Шынар
Ақшақар:-
Назгул
Ит
жылы:-Жанәділ
Мақсаты: Балаларды жасыл
шыршамен таныстырып,жаңа ән
айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін
би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай
етіп көңілді өткізу.
Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Әуен ойналып,
ортада қоян шыршаны безендіріп жүреді.
Сол сәтте «Ну погоди» әуенімен қасқыр
кіреді.
Қоян: Ой қасқыр келіп қалды:-деп қаша жөнеледі, артынан қасқыр қуа жөнеледі, екеуі шығып кетеді.Осы сәтте музыкамен балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа Жылмен құттықтаймыз бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы.
Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі
біздің шыршамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген.
Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар,
шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын
болар.
Ән:Құтты болсын жаңа
жыл.
Қоян: -Оооо, мына жерге
қонақтар келіп қалыпты ал мен болсам қасқырдан қашам деп жүріп
қонақтарды қарсы алуды ұмытып кетіппін-ау.
Қоян: Құрметті
қонақтар,мерекеге қош келдіңдер! Сіздердің жанұяларыңызға
бақыт,қуаныш,табыс тілеймін! Балалар мына жайнаған жарқыраған
мерекеге қош келдіңдер! Кәне барлығымыз мерекені көңілді
қарсалайық! Балалар сендер ойнағанды жақсы көресіндерме? қыс
мезгілінде не жауады? Дұрыс,қар жауады,біз
қазір қар лақтыру ойынын ойнаймыз
Ойын: «Қар лақтыру»
Қасқырдың әуені
ойналады,ортаға қасқыр кіреді. Қоян қасқырды көре салып,шыршаның
жанында тұрған арыстанның маскасын киіп алып шығады.
Қорыққан қасқыр алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.
Осы кезде ортаға аңдар кіреді.Қасқырдың алданғанын көріп мәз
болады.
Жүргізуші: Қош келдіңдер аңдарым
,тұрмайық би билейік
Қоян: Иә,аңдар, келіңдер қосылып би билейік бәріміз.
Би: «Аңдар биі»
Жүргізуші: Қоянжан сен әсем шырша безендіргенсін,бірақ оның шамдары жанбаған.
Қоян:Қасқырдан қашамын деп жүріп, шыршаның шамдарын жағуды ұмытып кетіппін.Айтыңдаршы балалар Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?(балалардың жауабы) Қане балалар көптен күткен Аяз атамен Ақшақарымызды шақырайық .Біздің шыршамыздың шамдарын жағып берсін.
Жүргізуші:Кәнекей ендеше бәріміз бірге шақырайық. Бәрі:Аяз ата –Ақшақар 3рет,
Аяз
Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?(Балалар: Аяз ата!)
Ақшақар- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңдер Аяз ата мен Ақшақар,
Аяз ата:Балалар,мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқтығой,Кәне сиқырлы сөздерімізбен шыршамыздың шамдарын жарқыратайық.
Балалар: Қуант бізді таңырқант
Шамдарыңды жарқырат(балалар 3 рет айтады ,қолдарын
шапалақтайды)
Жүргізуші: Қандай тамаша шыршамыз
жарқырай түсті.Аяз ата біздің балаларымыздың сізге арнаған тақпары
бар.Сіз алыстан шаршап келген шығарсыз ,отырып немерелеріңіздің
тақпақтарын тыңдаңыз.
Тақпақтар:
Илхам: Жүзімізге күлкі ойнап Қанаттанды жанымыз Жаңа жылдыбіз тойлап Шаттанамыз бәріміз
Назар:Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле Төрле Жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын
Жанәділ:Жаңа жылмен,жаңа жылмен Құттықтаймыз әрине Әкемізді ,анамызды Қонақтардың бәрін де!
Алдияр:Елочка,елочка, Зеленая иголочка, Ты нам веткой поаши И подарки подари
Ельдар: Новый год!Новый год! Его ждали мы вес год. Ярко огоньки сверкают, Нашу елку украшают.
Айбар: Аспан жерге төгеді Ақ күмісін уыстап Жаңа жылда келеді Бізге қарай жылыстап.
(қыздар маша киінуге кетеді)(
Осы кезде қоян аяз ата киімін киіп ортаға шығып ән айта
бастайды,дәл сол сәтте қасқыр ақшақар киімін киіп шығып әнге
қосылып жүріп қоянды байлап тастайды. Қасқыр енді қоянға бас салып
жегісі кеп жатқанда әуенмен ортаға қорбаңдап аю
кіреді.
Аю: -Қасқыр сен мұнда не істегелі
жатсың?
Қоян: -Аю тезірек мені құтқаршы көмектесші.
Аю: Кәне жібер қоянды Аюдың
даусынан қорқып қасқыр қаша жөнеледі.Аю қоянды шешіп, құтқарып
алады.
Қоян: -Аю саған көп-көп
рахмет.Мені қасқырдың ауызынан құтқарып
алдың.
Жүргізші: Қош келдің Аю! Сен мұнда қайдан жүрсің?
Аю: -Қарсы алғандарың үшін рахмет,бірақ мен өзімнің Машамды іздеп жүр едім жаңа жыл болса келіп қалды,ол үйдің бәрін шашып кетіпті,сендер көрмедіңдер ме?
Жүргізуші: Аю сен ренжіме бірақ Машалар көп. Осы кезде ортаға алты Маша шығады.
Данайым
Томирис
Диана
Нұрдана
У.Айару
Ш.Аяна
Аю: -Менің Машам қайсысы
екен?
Машалар: -мен,мен,мен,мен деп шулай
бастайды.
Аю: -Мен Машамды тек биінен танимын.Кәнекей маған би
билеп беріңдерші.
Би:”Машалар” Аю:Міне менің Машам:-деп бір қызды көтеріп
алады.Жүр Маша үйге,дос қыздарыңды да қонаққа шақыр!
Қоян: Балалар кәне ойын ойнап жіберейік.Ойынның шарты
аққала құрастырамыз. Ойын:”Аққала құрастыру”
Ақшақар:-Менің ұлпақарларым қайда екен? Аяз атаға арнаған билері бар еді. Би:”Ұлпақарлар”
Дильназ
Айару
Дильнура
Альмира
Раяна
Айлин
Аяжан
Аяла
Осы кезде ортаға қасқыр кіреді. Қоянның қасқырды көріп қорқақтап тұрғанын аю байқап,себебін сұрайды.
Қоян:-Мен қасқырдан қорқып тұрмын ол мені ұстап алмақшы.
Аяз ата:-Балалар менің қолымдағы сандыққа қараңдаршы,бұл сандықты ашайық.(музыка ойналады) Аяз ата сандығын ашқан кезде ішінен Ит яғни Жаңа жыл шығады.
Жүргізуші:Ей,жаңа жыл,жаңа бақыт ырысым Жақсылақтың жаршысыда нұрысын Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың таусылмайтын жырысын!-Жаңа Ит жылы бізге қош келдің,саған арнаған құттықтаулар бар қабыл ал.
Тақпақтар:
Тамирис: Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан Аяз ата оралып .
Нұрдана:Кел балалар келіңдер Тамашаны көріңдер Жаңа жылда би билеп, Әнде салып беріңдер.
У.Айару: Скоро Дед мароз придет, Всем подарки принесет, Мы ему стишок расскажем Вокруг елочки запляшем!
Аяжан: Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Қандай әсем шыршамыз Ән шырқайық баршамыз
Ата-аналармен ойын:
Адасқан әріптер.Ойынның шарты:жұмбақтың жауабын тауып,әріптерден сөз шығару.
Жұмбақтар:
1.Бір ақсақал жылына Бір-ақ рет
келеді. Көп қызы мен ұлына Сыйлық әкеп
береді.
(Аяз
ата)
2Қыста жерді жауып кетті, Ал
көктемде ағып кетті.
(Қар)
3Терезені өрнектеп, Әдемі сурет
салыпты. Кім екенін табайық, Көрінбей кетіп
қалыпты.
(Аяз)
Жасыл ине киімім, Жайлаймын
тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріңдемін үйіңнің.
(Шырша)
(Аяз ата балаларға сыйлығын
таратады.)Аяз ата:Ал балалар мен басқа балабақшаларға барып
құттықтауларымды таратайын,сау болыңдар!(ақшақар екеуі шығып
кетеді)
Жүргізуші:Осымен біздің Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды,Сау
болыңыздар!
Балалар « Шыршаға бардық»
әнімен аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген