жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Төрлет жылым төріме «Бейбіт жатқан қазағымның жеріне» сценарий
Балдырған» балабақшасы
Д/с «Балдырган»
Келісілді: Бекітемін:
Методист: Дементьева Н.А. Меңгеруші: Салиева Қ.С.
Төрлет жылым төріме
«Бейбіт жатқан қазағымның жеріне»
Ересек «Балапан» тобы
Тарбиеші: Акбаева Г.Н
.
Төрлет жылым төріме
«Бейбіт жатқан қазағымның жеріне» атты «Балапан» ересек тобының жаңа жылдық сйенарийі.
Балалар әдемі киінген, залға есік алдына келіп тұрады.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт шаттық молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына арайлы жыл
Құтты болсын ағайын
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Балапан» ересек тобында.
(Балалар музыкамен бірге қол соға орындарына келіп тұрады).
Жүргізуші: Балалар қандай әдемі болып киінгенсіңдер. Ендеше жаңа жылдық мерекемізді бастайық. Балалар біздің мерекемізге кім келуші еді?
Балалар: Аяз Ата
Жүргізуші: Олай болса бәріміз бірге Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Бәрі бірге : Аяз Ата, Аяз Ата – ау-у-у-у 3рет.
(Осы сәтте есік ашылып, сыпырғышпен ұша Жалмауыз кемпір кіреді).
Жалмауыз кемпір: Ха-ха-ха (тырнақтарын соға) Мен қайда келдім. Не болды неге сонша тамақтарын жыртылғанша айқайлап? Сендердің Аяз Аталарың келмейді
Жүргізуші:Біз Аяз Атаны шақырған сияқты едік қой.
Жалмауыз кемпір: Не болды? Мені де мерекеге шақырған. Бірақ шыршасы жоқ мерекеге.
Жүргізуші: Жалмауыз кемпір сіз біздің шыршамыздың шырқын бұзасыз. Тезірек кетіңіз бұл жерден?
Жалмауыз кемпір: Эх қойыңдаршы, болды тегі. (қолын сілтеп), (ұшып шыршаны айналып кетеді)
Жүргізуші: Ондай болса балалар, Аяз Атамыз келгенше тақпақтарымызды ата- аналарымызға айтып берейік;
Бекболат: Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Өлеңде әзір, әнде әзір
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел, жаңа жыл, біздерге
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Алан : Қош келдің жаңа жыл!
Қуанамыз біз
Шырқап әнге саламыз
Шыршамызға біз.
Елнар : Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Айзере: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Мади: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтыр боп жатажы
Нұрислам Жаңажыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп
Б. Арсен: Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Қуант бізді, таңыртқат
Шамдарыңды жарқырат
Диас: Жасыл шырша
Жарқыраған нұрымен
Қандай ғажап айналам
Құлпырғандай гүлменен
Мерей: Жақсы жаңа жыл келді
Асқар таумен тұлғалас
Біз осылай жылды енді
Қарсы алайық бәріміз
Асыл: Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көз тоймайды қараса
Ән: «Шырша жыры»
Би: «Леденые ладошки».
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Біз әнде айттық, тақпақта айттық, би де биледік. Аяз Атаның келетін түрі жоқ. Кәне тағы да бәріміз бірге шақырайық.
Аяз Ата, Аяз Ата -ау-у-у-у-у (3 рет) (Осы сәтте Аққала ақырын баса шаршаған түрде).
Аққала: Уф, уф тоқтаңдар, тоқтаңдар балалар! Сендер Аяз Атаны шақырып жатырсыңдар гой мен дауыстарыңды естіп келдім. Аяз Ата әзір келе алмайды. Біраз күтулеріңе тура келеді. Оданда мерекелеріңді Ақшақармен жалғастырыңдар.
Жүргізуші: Аяз Ата келмесе, біз Ақшақарды қайдан табамыз?
Аққала: Саспаңдар балалар мен сендерді Ақшақарға баратын жолды сыйқырлы орам жібімен көрсетейін.
(Аққала жібін домалатып жібергенде Ақшақар үйіне қарай келеді. Аққала шығып кетеді. Балалар үйшіктің жанына келеді).
Жүргізуші: (есік қағып) Кім бар екен? Біреу бар ма? Бізге Ақшақар тұрады дегенге іздеп келіп едік.
Ақшақар: Бұл кім екен? Мен Ақшақармын. Мені неге іздедіңдер? (Ақшақар сыртқа шығады).
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ақшақар! Біздің балабақшамызда жаңа жылдық мереке өтіп жатыр еді. Бізге Аяз Ата әлі келмеді. Бізге аяз Атасыз мерекеміз қызықсыз өтіп жатыр.
Ақшақар: Балалар сендер мұңаймаңдар, жүріңдер мерекені әрі қарай жалғастырайық, қазір, қазір біз атамызға қоңырау шалайық? (Ақшақар қоңырау шалады).
Би: «Дедушка мороз, красный нос»
Ақшақар: Балалар, сендермерекені өткізіп жатырсыңдар, бірақ әлі шыршаларың жанбапты ғой. Қәне шыршаны жағайық. Сыйқырлы таяқшамен: «Қуант бізді таңырқат, шыршамызды жарқырат» -деп 3 рет қайталайды.
(Шыршаның шамдары жарқыраған кезде шырша түбінен қорылдаған дауыс естіледі)
Жүргізуші: Тоқтаңдаршы балалар! Мына дыбыс қайдан шығады. (Жүргізуші шырша түбін барып қарайды, жалмауыз кемпір екен ұйықтап жатқан, оянады).
Жүргізуші: Е-е-е мынау бағанағы Жалмауыз кемпір екен ғой.
Жалмауыз кемпір: Ай, ай, ай мен ұшып бара жатыр едім, шаршап ұйықтап қалыппын. Сендер әлі Аяз Атаны күтіп отырсыңдар ма? Мен сендерге айттым ғой келмейді Аяз Ата деп. Кәне оданда маған тақпақтарыңды айтып, билеріңді көрсетіңдер. Менде де сыйлық бар (Сыйлық салған дорбасын қағады)
Тақпақ:
Т. Ақерке: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады
А. Арсен: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына
Мейірлан:Жаңа жылды қарсы алдық
Барлық бала би-билеп
Ақшақармен ән айтып
Қол соғамыз баршамыз
Жайна: Құтты болсын, жаңа жыл
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Әке шеше-әке шеше
Құтты болсын, жаңа жыл!
Б. Дамир: Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы ән
Гүлденеді бақшалар
Жауса жаусын ақшақар
Г. Ақерке: Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша,
Аппақ Аяз атамыз
Іңкәр: Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып
Шұғыла: Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған
Айгерім: Кел бейлейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен
Би: «Елки хлопушки». (6 қыз. Айзере, Сабина, Асыл, Іңкәр, Ақерке, Айгерім)
Жалмауыз кемпір: Жарайсыңдар балалар; өнерлерің маған ұнады. Керемет билейді екенсіңдер. Кәне келіңдер сыйлығымды берейін; (бір – екі бала ортаға шығады)
Мне ала ғой кәне, деп дорбасынан сыйлық көрсетеді ( кішкентай етік, сковородка, кішкене сыпырғыш, әртүрлі заттар көрсетеді)
Жүргізуші: Қойыңыз Жалмауыз кемпір. Бізге ондай сыйлық керек емес, бізге Аяз Атаның сыйлығы керек.
Жалмауыз кемпір: Ойбу алмасаңдар қойыңдар, мен сендерге әдемілеп сыйлық әкеліп тұрсам. Тайыңдар мұндай сыйлық таппайсыңдар.
Басқа мерекеге барсам балалар таласып тұрып алады. (Мыстан ұшып шығып кетеді).
Жүргізуші: Балалар біздің мерекеміз не болып кетті өзі? Атамыз қашан келеді екен???
(Осы кезде музыкамен Аяз Ата келеді).
Аяз Ата: Ау, амансың ба, ұлдарым
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар: (аяз Ата алдынан шығып) Ата көп кешіктіңіз ғой, келем деп едіңіз, қоңырау шалдықта.
Аяз Ата: Ойбу немерем ау, мен саған үйден шықпа дегенім қайда? Орманда әртүрлі қауіпті жерлер бар. Мен алай, дүлей боранмен алысып жеткенім осы қарақтарым. Өнерлерің болса, қәне, мен демалып отырып тыңдайын.
Тақпақ: Ағылшынша Акежан, Айгерім, Айзере,
К. Дамир: Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем аяз атамыз
Арлан: Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына
Сабина: Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келіп тұр
Мансұр: Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті –ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ
Ажар: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той -маскарад басталды,
Аяз оны басқарды
Адина:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Акежан: Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы ән
Гүлденеді бақшалар
Жауса жаусын ақшақар
Би: «Бубенцы»
Би: Танцевальный
Ойын: «Поровоз»
Ойын : «Әуенге қимыл- қозғалыс салып биле» Ата - аналармен
Ән: «Жаңа жыл!» (Соңғы ән)
Аяз Ата: Қарақтарым не деген өнерлі балаларсыңдар! Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым. Міне ала қойыңдар сыйлық. Ал үлкен сыйлықты топтарыңа апарып қойып кеттім.
Барлықтарыңа амандық тілеймін!
Ақшақар: Барлықтарың аман сау болыңдар. Енді сендермен бір жылдан соң мектепте кездесеміз. Қош сау болыңдар. (Қоштасып кетеді).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген