400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Төрлет, Наурыз төріме!"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға Наурыз мейрамы туралы білімдерін кеңейтіп, оны өткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК «Балауса» бөбекжай балабақшасы













«Төрлет, Наурыз төріме!»








«Құлыншақ» тобы


Тәрбиешілер: Н. К.Нурмагамбетова













2017 ж.

«22 Ұлыстың ұлы күні -Наурыз күніне арналған ертеңгілік»


Жүргізуші:- Құрметті қонақтар, сүйікті балалар!Наурыз мерекесі құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш , аспанымыз ашық,молшылық болсын.

Ұлыстың ұлы күніне, яғни төл мейрамымызға сіздердің қошеметтеріңізбен «Ақ бота» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Безендірілген залға әсем әуен үнімен балалар кіреді.
Балалар: -«Наурыз» мерекесі құтты болсын! (Барлығы айтады.)

Жүргізуші: - Келесі сөз кезегі балабақша меңгерушісі Айнұр Дария қызына беріледі.

Балабақша меңгерушісі сөз сөйлейді.

Жүргізуші:- 22-ші наурызда күн мен түн теңеледі.Балалар айтындаршы Наурыз мерекесінде кім ел аралап жүреді?

Балалар:- Қыдыр ата.

Жүргізуші:- Қыдыр ата бізге не әкеледі?

Балалар: -Бақыт,мереке,молшылық,денсаулық т.б.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасындар. Кәнеки барлығымыз қошеметпен Қыдыр атаны қарсы алайық.

Әуенмен Қыдыр ата келеді.

Қыдыр ата:- Амансындарма балаларым, амансындарма барша қауым.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қасиетті күн

Наурыз мерекесі

Құтты болсын!

Жүргізуші: -Қош келдіңіз Қыдыр ата,төрлетіңіз,қонақ болыңыз.Біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Қыдыр ата:- Ой, рахмет,тамашалайын.
Жүргізуші: -Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Бексултан:- Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

Азат:- Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жүргізуші: - Біздің әсем де, айдай сұлу қыздарымыздың дайындаған «Қамажай» биін тамашалаңыздар.

Би: -«Қамажай»

Саян:- Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Ән:-«Наурыз»

Жүргізуші: - Кезекті ойынға берейік. Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасындарма? Ендеше кәнеки ойын ойнайық.

Ойын:- «Жұбыңды тап»

Балалар жұппен ортаға тұрады.Әуен ойнағанда ұлдар қолдарын шапалақтап дөңгеленіп айналады.Қыздар ортада тұрып әуенмен билейды.Әуен тоқтағанда ұлдар өз орындарына тұрады.Осылай қыздарменде қайталанады.

Жүргізуші:-Бүгінгі мерекеге көрші ауылдардан қонақтар келып отыр ол «Жұлдыз» ауылы мен «Бұлақ» ауылы. Олардың осы мерекеге өздерінің өнерлерін алып келіпті, ендеше кезекті берейік.

«Жұлдыз» ауылы:-Тәрбиеші наурызбен құттықтайды.

Тақпақтар: - Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықта әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар.


Наурыз – это праздник веселья.

Наурыз – это праздник Весны.

Наурыз – это праздник цветения.

Наурыз – это праздник любви.


Жылдың басы –Наурыз.

Жырдың басы –Наурыз.

Мерекеге арналған,

Бүгінгі жыр, әніміз.

Ән:- «Әрқашан күн сөнбесін»

Би:- «Полька»

«Бұлақ » ауылы: -Тәрбиеші наурызбен құттықтайды.

Ән:-« »

Тақпақтар:- Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау,мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін.

Барлық халық бақытты болсын.


С Наурызом поздравляем

Мы сегодня всех людей.

Счастья, радости желаем.

И весенних теплых дней.

Әуен үнімен айғайлап балауса бала келеді.

Балауса бала:-Ой,балалар мен ойнап жүріп сендерге кіріп кеттім,бұнда өзі не болып жатыр?

Балалар:- Наурыз мерекесі.

Балауса бала:- Балалар сендер мен сияқты ойын ойнағанды жақсы көресіңдерме?Мен ойнағанды өте жақсы көремін. Ендеше ойнаймыз.(Балалармен қонақтармен)

Ойын: «Орамал тастау»

Ойынның шарты: бір қыз баланы ортаға алып шығып,қолында орамал стөлдің үстінде тұрады.Ұл балалар жан-жағынан тұрады.Әуен ойнағанда,ұл балалар билейді.Әуен тоқтағанда қыз бала қолындағы орамалды жерге лақтырады. Ұл балалар орамалды қағып алады. Қағып алған бала қыз баланың бетінен сүйеді.Осылай ойын жалғаса береді.

Ойын: «Үлкен гүл жасау»

Ойынның шарты: Балалардың қолдарына (қызыл,ақ,сары)гүлдер береді.Әуке ойнағанда барлығы билейді.Әуен тоқтағанда әр бала түстеріне байланысты үлкен гүл жасайды.Осылай ойын жалғаса береді.

Ойын: «Шаңырақ көтеру»

Ойынның шарты: үш жерге шаңырақты қойып қояды.Балалар ортаға шығып билейді,әуен тоқтағанда шаңырақты көтеріп,астына балалар тұрады.

Балауса бала:- Ой, балалар сендер ойнағанды жақсы көреді екенсіндер.Сендер менің көңілімді көтердіңдер сендерге рахмет.Енді мен кетейін.Сау болыңдар!

Жүргізуші:- Балауса бала саған да рахмет.Біздің балалрдың көңілін көтердің.Сау бол.

Диляра: Пришел Наурыз,весна пришла.

И сразу наша земля расцвела.

Все рады празднику вокруг,

И каждый здесь и брат и друг,

Согретые солнцем и теплом,

О Наурызе песню мы поем.

Жүргізуші: -Келесі кезекті бүлдіршіндердің орындауында әсем әнге береміз.

Ән: «Весна»

Жүргізуші: - Бұл мейраммен құттықтау үшін біздің ұлдар да өз билерін дайындады. Сол биді тамашалайық.

Би: « »

Жүргізуші: Балалар наурыз мерекесінде бір ұлттық ойын ойнамасақ болмайды.Ендеше ойын ойнаймыз.

Ойын: «Арқан тарту»

Жүргізуші: -Кезекті біздің топтың қыздары мен ұлдарының билеріне береміз. Қол соғып қарсы алыңыздар.

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: Қыдыр ата біздің балалардың өнерлері қалай екен?

Қыдыр ата: Жарайсындар балалар өнерлерін маған ұнады. Рұқсат болса менің кетуім керек.

Жүргізуші: «Жаңбырменен жер көгереді,батаменен ел көгереді»- демекші, сізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата: Әрине бата бердесең, бата берейін. Қолдарыңды жайыңдар.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын.

Бүлдіршіндер көбейсін.

Наурыз мерекесі құтты болсын. Әумин!

Берген батам қабыл болсын! Ал, сендермен келесі жылы кездескенше хош сау болыңдар!

Барлығы Қыдыр атамен қоштасады.

Жансая: Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!

Әуен үнімен әже келеді.

Әже: - Сәлеметсіздер, құрметті қонақтар, тәрбиешілер,балалар! Сіздерді наурыз мерекесімен құттықтаймын!

(Әже шашу шашады.)

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
                      Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош ,сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенші күн жарық болсын!

-










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
1041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі