Тақырыбы:
Төрлет, Наурызым!
Мақсаты:
балалардың наурыз мерекесі туралы
білімдерін нығайту, ұлттық мереке туралы
түсініктерін арттыру, қызығушылықтарын
тудыру. Баланың бойындағы қабілеттерін
аша білуге ықпал ету.
Зал
наурыз мерекесіне сай безендірілген.
Балалар ұлттық киімдерімен келеді.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, балалар сіздерді
бүгінгі көктем мерекесі Наурыз мерекесімен
құттықтаймыз! Наурыз тек қуаныш, бақыт,
жылулық әкелсін! Молшылық жылы болсын!
Балалар
хормен: Мереке құтты болсын, ақ мол
болсын!
Тәрбиеші:
Рахмет балалар, тілектерің қабыл болсын!
Балалар,
наурыз дегеніміз - табиғат оянып, дала
гүлдеп, қуанышқа қуаныш қосылатын, күн
мен түн теңесетін мереке.
Ендеше
балалар өнерлі екенімізді көрсетейік.
Балалар мерекеге арналған тақпақтарын
айтады.
1.
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып
көріскен
Наурыз
құтты болсын
Ақ
мол болсын!
2.
Наурыз келді, наурыз келді ағайын!
Құмарлана
құшағымды жазайын.
Көктем
шыға күлімсіреп көк аспан
Әнге
толды, күйге толды маңайым.
3.Шаттығымыз
жырымыз
Жаңа
наурыз жылымыз.
Ақ
тілеумен осындай
Бақ
боп үйге кіріңіз.
4.Шуақ
болып төгілер
Жерге
дән боп егілер
Наурыз
айын күтуде
Кіп-кішкентай
сәбилер.
5.Ал
балалар ойнайық
Ойнайықта
ойлайық
Күні
түні он үш күн
Наурыз
тойын тойлайық.
6.
Қош келіпсің Наурыз!
Арман
тойы халықтың
Құтты
болсын қадамың!
7.Наурыз
тойы – береке,
Наурыз
тойы – жыр аңыз.
Қызып,
дулы мереке
Қызық
думан құрамыз.
8.
Айнала гүлге бөленді
Жер
шуаққа кенелді
Ұлыстың
ұлы күнінде
Күн
мен түнім теңелді.
9.жыл
басы – Наурыз мереке
Ақ
нұрға әлем боянды.
Наурыз
тойы береке
Тіршілік
жаңа оянды!
10.Наурыз
келді еліме,
Наурыз
келді жеріме.
Байлық,
бақыт тілеймін
Бүкіл
қазақ еліне!
Тәрбиеші:
балалар наурыз мерекесі күні әр үйде
қонақтар жиылып, ән айтып, би билеп, той
тойлап, наурыз көже пісіріледі.
Бүгін
бізге балалар қонаққа ақ жаулықты әжелер
келіпті.
Құрметті
әжелер, сіздердің бүгінгі тойымызға
келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Бүгін
біздің бүлдіршіндерге тұсау кесу рәсімін
көрсетіп, наурыз көже туралы айтып
беріңіздерші.
1
әже: балалар, салт-дәстүрді біліп
жүргендерің жақсы.
Бала
бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң,
аяғын қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен
туған жерінің топырағын басып, із
түсіріп, өз көзімен алдына қарап
таң-тамаша болады. Бұл кішкентай бөбектіің
ең алғашқы талпынысы. Осындайда дана
қазақ баланың келешегіне ақ жол тілеп,
«балам тез жүріп кетсін» деген ниетпен
«тұсаукесер» тойын жасайды.
Халықтық
түсінік бойынша тұсауы кесілмеген бала
сүріншек болады.
Алдымен
тұсау кесер күні белгіленіп, арнайы
қонақтар шақырылады. Жиналған көпшіліктің
ішінен жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске
епті қасиеттерімен көзге түсетін
қағілез, пысық адам таңдалып алынып,
нәрестенің тұсаукесерін соған тапсырады.
Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына
байланып, арнайы «тұсау кесер» сыйлығы
беріледі.
Әдетте
қазақтар бала тұсауын ала жіппен, қылдан
ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен.
Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді
естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін
кезінен – осы тұсауы кесілген күннен
бастап ұрлыққа, зорлыққа барма, жолама
деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама
деп құлағына сіңісті етеді. Бұдан соң
«жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б тілектерді
айта отырып, таңдалған адам тұсауын
кесіп жібереді. Осы кезде «Тұсаукесер»
жыры шырқалады:
Қаз-қаз,
балам, қаз балам,
Қадам
бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз,балам,
қаз балам.
Тақымыңды
жаз балам.
Күрмеуіңді
шешейін,
Тұсауыңды
кесейін,
Қадамыңа
қарайық,
Басқаныңды
санайық.
Жүгіре
қойшы, құлыным,
Желбіресін
тұлымың.
Елгезек
бол, ерінбе,
Ілгері
бас, шегінбе.
Баланың
тұсауын кесіп жіберілген соң, әжелеріміз
шашу шашып балалар мәз-мейрам болды.
2-әже:
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін
дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін
емес. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан
киелілікке, қасиетті сандарға мән
берген. Сол себепті бұл тағамды жеті
түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын,
береке болсын деп ниет еткен. Көже жеті
түрлі дәмнен жасалады. Олар: су, ет, арпа,
тары, күріш, айран немесе ақ құяды.
Қазақтың ұлттық тағамдарына кіретін
құрт та көженің дәмін келтіріп,
ерекшелендіреді. Кез-келген тағамның
дәмін тұз келтіреді. Наурыз көжеге дәм
беретін тұз жетінші тағам ретінде
қосылады.
Тәрбиеші:
рахмет сіздерге ақ жаулықты әжелер.
Біздің балаларымыздың сіздерге арнаған
әнін қабыл алыңыздар.
Хормен:
«Наурыз-көктем» әні.
Тәрбиеші:
балалар бүгінгідей мереке күні әр отбасы
үйін жинап, дастархан жайып, ағаштар
отырғызған екен. Біз де қазір «Көктемгі
ағаш отырғыз» ойынын ойнайық.
Атыңнан
айналайын қазақ әні
Көрінген
көмейіңнен таза жаны
Көтерген
көңілімді көкке тіреп
Ән
мен биі - халқымның аманаты.
Би:
попурри «Таңертеңмен бір сұлу қыз»
Осымен
бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды. Ұлыс
оң, ақ мол болсын!