400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Төрлет, құтты Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Төрлет,құтты Жаңа жыл!»

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдвң иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді) 
Жүргізуші: Армысыздар, ата – аналар және құрметті қонақтар! Сәлеметсіздер ме, балалар.

Амансын ба халайық?

Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейі

Көңілімізді көтерейік
Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке? 
Балалар: Жаңа жыл! 

Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушіге Әсем Темірбайқызына беріледі. 
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық. 
Ән: «Аппақ, апппақ жапалақтап» 
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не? 
Балалар: Шырша! 
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Ертегілер, ертегілер әуенмен сиқыршы ханшайым кіреді.Сиқыршы ханшайым: Сәлеметсізба менің достарым үлкен, кішкентай балғындарым. Мен сиқыршы ханшайыммын.

Жүргізуші: Қош келдің сиқыршы ханшайым. Бүгін біз мереке өткізіп жатырмыз. Біз мерекеде өлең айтып, шыршаны айналып билеп жүреміз.

Сиқыршы ханшайым: Қызық екен, ол қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл.

Сиқыршы ханшайым: Қайдан ол келеді? Қайда ол сосын кетеді? Мен бәрін білгім келеді? Жаңа жыл деген не?

1 бала Аслан

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда, жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

2 бала Айдана

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

3 бала Нұртілек

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз,ән саламыз.

4 бала Айару

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже,әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл     

5 бала Асылай

Бүгін біз көңілдіміз

Жаңа жылды қарсы алып

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып                                           

Жүргізуші: Міне біздің  жаңа жыл қандай. Бізбен бірге қалып балалармен би билеп, ән салып біздің мерекеміздің құтты қонағы болыңыз.

Сиқыршы ханшайым: Жаңа  жыл не екенін енді білдім. Әрине менде сендермен қаламын жаңа жылды қарсы аламын. Бірақ мен Аяз  атаны танымаймын. Ол кім?

Балалар: Аяз ата ол деген мейірімді, сүйкімді ақ сақалды ата. Ата көп ертегілерді біледі, ол ормандағы жануарлардың досы. Аяз ата барлық балалармен бірге билейді, ән айтады. Біз атаны жыл бойы күтеміз.

Сиқыршы ханшайым: Балалар мен Атаны таныдым (сиқырлы таяғын алып), қазір мен сиқырлы таяғымды алып Аяз ата тез арада шақырамын

Музыка ойнайды ортаға Сайқымазақ билеп кіреді

Жүргізуші: Балалар мынау аяз ата?

Балалар: Жоқ

Сайқымазақ: Сәлеметсізбе балалар. Ия мен Сайқымазақпын

Сиқыршы ханшайым: Ия сен Аяз ата емессің. Сенің мұрның қызыыл емес, сақалың ақ емес? Сен мұнда қалай келдің? 

Сайқымазақ:Сиқыршы ханшайым, сен сиқырлы таяғыңмен мені осында шақырдың.Мен тез арада балаларға жеттім.

Жүргізуші: Сайқымазақ қандай күлкілі, қандай әдемісін сен бізбен қал біз өлең айтамыз, билейміз жаңа жылды қарсаламыз.

Сайқымазақ:Әрине бүгін жаңа жыл ғой. Бәріміз шыршаны айналып ән айтайық.

Жүргізуші: Балалар бізге Аяз атаның орнына бізге күлкілі Сайқымазақ келді. Енді бізге Аяз атаны шақыршы сиқыршы ханшайым.

Сиқыршы ханшайым: Басынан бастап мен шатастым. Енді мен қайталамаймын. Маған тағы көмектесіп жіберіңізші, Аяз ата туралы беріңші.

1 бала Айшагүл

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып 

Келеді елге сапардан

Аяз ата оралып

2 бала Әбу

Ақ көрпесін жамылып

Ұйықтап жатқан дала нұр

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл


3 бала Әсия

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Олда көптің бірі болып

4 бала Нұрдәулет

Қайда қызық болса думан

Аяз ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды

5 бала Ілияс

Өлең әзір,ән әзір

Ойын әзір,бәрі әзір

Кел Жаңа жыл,жаңа жыл

Кел Жаңа жыл,жаңа жыл

Жүргізуші: Көктемде оны көрмейміз, жазда бізге келмейді, жылда ол қыс болғанда келеді.

Жүргізуші: Біз тақпақ, өлең айттық. Шыршаның жанына қонақтарды жинадық. Бірақ біздің бас қонағымыз Аяз ата мен Ақшақарымыз жоқ.

Сиқыршы ханшайым: Мен өтінемін ренжімеші, шатаспаймын мен енді. Балалар барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР ау,ау

МУЗЫКАМЕН АЯЗ АТА, АҚШАҚАР келеді.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді. 
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін. 
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын. 
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың! 
Қарашы,біз тойға келдік! 
Кәне,балалармен амандасайьқ. 
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға 
Бүлдіршін балаларға бip сәлем! 
Қандай жарқын жүздерін, 
Қандай әсем жырларың 
Асаулармен алысқап, 
Асау желмен жарысқан 
Аталарың сендерге 
Шаршап келді алыстан 

/Балалармен амандасады/ 
Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./ 
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. 
Шырша шамын жағайық, 
Жаңа жыл тойын ашайьқ. 
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді. 
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз. 
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді? 
Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме? 
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Сиқырлы ханшайым болған, ол қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, балалар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. 
/сөйтіп жатқанда сайқымазақ сиқырлы таяқты тауып алады/ 
Аяз Ата: Жарайсың, сайқымазақ

Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ. 
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.

«Аяз ата » жырланады. 
Ақшақар: Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат! ( қолдарын шапалақтайды) 

Аяз-ата:Балалар мен орманды көктей өтіп сендерге жеттім. Қандай әдемі неткен сұлу шырша,осындай әдемі шыршаның жанында мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп отыр. Сендерді жақсы ән айтады,жақсы би билейді деп естігем,ендеше маған бар өнерлеріңді көрсетіңдер. Кімде-кім маған шаршамай шалдықпай өнерін көрсетсе, алыс жолдан арқалап өзімнің дайындаған сыйлықтарымды беремін.

Би: «Новый год» (Айару,Әсия,Айша,Жолбарыс,Нұрқанат,Мирас)

Жүргізуші:Иә Аяз-ата сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз енді осында жайғасып біздің балаларымыздың өнерін тамашалап жаңа жыл мерекесін бізбен бірге тойлаңыз. Ендеше біздің тобымыздың балаларының орындауында Би: «Новый год» (Айару,Әсия,Айша,Жолбарыс,Нұрқанат,Мирас)


Ақшақар: Менде сендерге бос келген жоқпын. Менім жұмбақтарым бар, шеше аласыңдарма?

1. Қарға мүлгіп дала тұр

    Келе жатыр (Жаңа жыл)

2. Қызыл мұрын, ақ мұрты

    Білсең  атын тез

    Келеді бізге (Аяз ата)

«Сәлеметсіз бе,Аяз ата» әні (Аслан,Нұрқанат,Айжан,Айару)

Аяз Ата: Балалар тақпақтарын айтып біреме?

1 бала с.Мирас

Жаңа жыл,жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп

Келді міне ит жыл



2 бала Нұрқанат

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

3 бала  Раяна

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

4 бала Нұрсәуле

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған


5 бала Нұрмұхаммед

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау,қарлы шың


Жүргізуші: Балалар енді ортамызға бізбен 1жыл бірге болған Тауық жылын шақырайық

Ескі жыл қайдасың?

-Әне өзі де келе жатыр,бәріміз қосылып қош келдіңіз дейік

Бәрі: Қош келдің,ескі жыл!

Би: «Балапан» (Асылай,Айжан,Гүлсезім,Дастан,Алаң,Мадина)

Ескі жыл: Мені ескі жылмын

Сіздерге молшылық бақыт әкелдім.Мына келер жылға тілегім осы

Ауылдастарым,достарым

Алғысым көп айтар менің

Дәл осындай артығырақ

Қарсы алыңдар Ит жылын


Жүргізуші: Ескі жыл сен Жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Ескі жылымыздың құрметіне тобымыздың кішкентай бүлдіршіні Мирастың орындауындағы «Мен әдепті баламын» әнін қарсы алыңыздар

Ескі жыл: Қош сау болыңдар балалар!


Ортаға билеп ит жылы келеді

Жаңа жыл:Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса,жаса достық,бірлік,туыстық

Құттықтаймын жаңа жылды өнермен

Қуаныштың әр минуты тыныштық

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен жаңа жыл Ит жылымын. Мен осы жылда сендермен 1жыл бірге боламын.Сондықтан жаңа жыл мерекесін бірге тойлауға келдім.Кәне бәріміз бірге би билеп,ән салайық

Жүргізуші:Би билейік бұралып

Балалар тұр сұранып

Менде тұрмын құр қалып

Шаттанайық қуанып

Би: «Кукарелла» (Нұрдәулет,Әбу,Жұлдыз,Раяна.Нұрсәуле,Айдана)

Аяз ата: Жарайсыңдар,балалар!

Ән: «Балапан» (Айша,Алаң,Жолбарыс,Нұрсая,Айбибі)

Ойын: (Ата-аналармен)


Ән: «Аққала» (Мадина,Нұрсәуле,Нұрбақыт,Нұрмұхаммед,Мирас)


Тақпақтар:

1 бала Айбибі

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса


2 бала Нұрбақыт

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханына елімнің

Береке,ырыс сыйлашы


3 бала Нұрдәулет

Аяз ата ақ сақалды

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата


4 бала Айжан

Төрле,төрле Жаңа жыл

Айтамыз тебірене жаңа жыр

Төрле,төрле құтты жыл

Әр кез жүрші төгіп нұр


5 бала Айдәулет

Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз



Ән: «Тамаша» (Мирас,Әбу Нұрдәулет,Айдана,Раяна,Әсия)

Би: Джингл Бенз (Аслан,с.Мирас,Нұрмұхаммед,Әбу,Ілияс,Нұрбақыт,Айдәулет)


Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым. Мені бүгін бір қуантып алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер,киген киімдерің қандай әдемі.Солай емес пе қызым? Енді мен өзім уәде еткендей сыйлығымды табыстайын.Біздің сыйлығымызғы риза болыңдар.Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал,балаларым сендер өсе беріндер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош,сау болыңдар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар 2019ші жаңа жылға арналған мерекелік іс шарамыз өз мәресіне жетті.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын,отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін.


«Гауһар Тас-2» балабақшасы










Тобы: «Күншуақ» ортаңғы топ

Тәрбиеші: Султан Кенжегуль



















2018-2019-оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі