Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Төрлет қүтты, жаңа жыл 4 - сынып
Тақырыбы: «Төрлет құтты, Жаңа жыл»
Қатысушылар: Бастауыш сынып оқушыларына арналып ұйымдастырылған (0-4 сыныптар)
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
-
Жүргізуші
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген күн,
Қанаттана кең әлемге тарайды.
Сәлеметсіңдер ме, балақайлар, амансыздар ма, құрметті қонақтар!
Бүгінгі шыршамыз неткен әдемі еді. Балалар, сендер де бүгін өте әдемісіңдер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер.
2- Жүргізуші
Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге,
Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге.
Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл - ақ арманның өрленуі.
Армысыздар қадірлі қонақтар, сүйкімді балалар! Бәріміз асыға күткен жаңа жылымыз да міне, келіп қалды, жаңа жылымызды думандатып қарсы алайық.
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысына _________________________береміз.
Гульнафис: Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік. Кешіміз көңілді өтсін. Ал балалар, шыршамыздың шамдары неге жанбай тұр?
Мерей: Мен білетін сияқтымын. Өйткені, балалар, біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз. Сондықтан ол бізге ренжіген болар.
Гульнафис: Шырша шамдарын жағу үшін ортамызға, құрметпен сиқыршыны шақырайық. Қане сиқыршыға қол соғайық. Ендеше, балалар, шыршаның шамдарын жағу құрметін Сиқыршыға ұсынамыз.
Бәрі бірге:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса!
Шырша шамдары жарқыра!
(Шырша шамдары жанады, балалар шыршаны айнала «Қош келдің жаңа жылым қазағыма» әннің айтады)
-
Жүргізуші
Балалар, әдемі шыршамыз бар, енді бізге кім жетіспейді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
-
Жүргізуші
Ендеше, шақырайық Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ келеді, екеуі Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп алған.
Жезтырнақ. Сандуғаш апай: Сәлемет пе, балалар, шақырдыңдар ма, міне келіп қалдық. Жаңа жылдарың құтты болсын. Өздерің немене киіп алғасыңдар? Біреуі ханшайым, біреуі сиқыршы...
Мыстан кемпір Лиза апай: Сәлем бердім, сәлем бердім, балақайлар!
Аппақ, аппақ, қар аппақ,
Қар жамылған кім аппақ?
Қырау, қырау сен аппақ,
Бәрі аппақ, бәрі аппақ.
Жезтырнақ: Өй, осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.
Тамаша, қандай керемет!
-
Жүргізуші
Ал біздің балалар тақпақ, өлең, би – бәрін де біледі!
Мыстан кемпір: Е, немене, бізді билей алмайды дегің келіп тұр ма, билегенде қалай? Бидің неше түрін білеміз, қане, дидижей музыка қос!
Мыстан кемпір мен Жезтырнақ «Лезгинка» биін билейді.
Тазша бала Әли: Тезірек, тезірек, бәрің бері қараңдар. Мен сендерге хабар әкелдім.
Гульнафис: Қандай хабар? Не болды?
Әли. Тазша бала: Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап, күте тұрсын, қазір тез арада жетеміз деді. Барлығы Мыстан кемпір мен Жезтырнаққа қарайды.
Жезтырнақ: Мен, мен шын Аяз атамын. Қараңдар, міне сыйлыққа толы дорбам да бар. Сиқырлы таяғым да бар. Енді не керек?
Мыстан кемпір: Ал, мен ең, ең әдемі Ақшақармын. Қараңдаршы, көйлегім қандай өдемі! Мұндай көйлек ешкімде жоқ.
Гүльнафис: Балалар, сендер сенесіңдер ме оларға?
Балалар: Жоқ, жоқ сенбейміз.
(Жезтырнақ пен мыстан кемпір төбелесе кетеді)
Жезтырнақ: Сен, бәріне кінәлі, сен. Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің. Түріңді қарашы, бетіңдіде жумапсың.
Мыстан кемпір: Өзіңе қара, Аяз атамын, Аяз атамын деп барлық балаларды шошыттың. Дорбам бар деп қояды өзі, дорбаңда сонда не бар екен, ә?
-
жүргізуші
Достар, бүгін мереке ғой. Жаңа жылда кешірімді болайық. Мыстан кемпір мен Жезтырнақты кешіріп, мерекемізге қонақ қылайық. Келісесіңдер ме?
Балалар: Иә, кешіреміз.
Гүльнафис: Балалар, барлығымыз қосылып Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аяз ата: Нұрлыбек ағай Амансыздар ма, балғындар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарын құтты болсын. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын. Еліміз көркейе берсін, жаңа жыл молшылық әкелсін.
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып еш отбасы тарықпасын.
Бес алып келген күні қуанғандай.
Балалардан қуаныш арылмасын.
Ақшақар: Гүлсара
Қардан шыққан Ақшақармын.
Сұлу айдай қиылып.
Жаңа жылмен құттықтап,
Сәлем берем иіліп.
Есенсіз бе балалар,
Амансыз ба қонақтар.
Жаңа жыл келді, міне, жерімізге
Әкелсін құт-береке елімізге
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындықты жолатпасын бәрімізге.
Гульнафис:
Армысыз, Аяз ата, Ақсақалым!
Бармысыз, сұлу көркем Ақшақарым!
Асыға тағатсыздық сезімменен
Тосуда өзіңізді барша қауым.
Мерей:
Ал, қанекей, балалар,
Ән мен жырға басайық.
Той думанды жалғайық.
Жаңа жылда сайланып,
Шыршамызды айналып,
Би билейік, ән салып,
Баршамыз да жыр салып.
-
Жүргізуші
Құрметті аяз ата Біздің балаларымыздың сізге дайындаған өз өнерлері бар. Соны көрсеңіз. «Жаңа жыл» әні. Орындайтындар: Ақгүл мен Мерей
Ақшақардың ойыны:
Балалар мен бүлдіршіндер,
Қуанышқа тоймайық.
Мерекелік кешімізде,
Асыр салып ойнайық.
(Ойын ойналады)
Ойын ойналып болған кезде ортаға қарақшылар келеді.
-
жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық. Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бәрімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық деп кезекті 2- сынып оқушысыларының Аяз ата биі.
Қарақшылар: Ерхан, Иә, иә құтырыңдар, билеңдер, ойнандар. Сендер мәз-мейрам боп жүргенде біз бар сыйлықты ұрлап кетейік.
Асқар - Көріп қойса қайтеміз, Аяз ата бізді сосын қатырып тастайды ғой.
Ерхан - Қорқа бермеші, қорқақ, жүр тезірек, ұрлайық, жүр. Барлық сыйлық біздікі болады, оларды сатамыз, көп ақша болады.
Асқар -Жарайды, ұрласақ, ұрлайық, кеттік.
Қарақшылар сыйлықты ұрлап жатқанын Тазша бала көріп қалады.
Тазша бала: Әли Тоқтаңдар, біздің сыйлығымызды қайда апарасыңдар?
Қарақшылар: Ерхан Бізге сыйлық керек. Асқар Біз сыйлықты сатамыз.
Тазша бала: Әли Бұларың ұят болады ғой.
Қарақшылар: Ерхан Не істейміз, онда тамаша ән айтып беріңдер сонда сыйлықты қайтарып береміз.
«Көңілді күн» әнін орындаушы Қарақат
Қарақшылар: Асқар Өздерің қандай әнші екенсіңдер ғой, ә!
Жарайды сыйлықтарыңды қайтарайық, бірақ біз де сендермен бірге мерекеде қалайықшы?
Сендерден кешірім сұраймыз.
Азиза Қар ханшайымы: Балалар, қалай қалдырмыз ба?
Балалар: Қалдырайық, бірақ, енді жаман қылықтар жасамауға бізге уәде берсін. Бізбен бірге шыршаны айнала ән айтсын.
Хор: «Шырша жыры» 3- сынып
2- Жүргізуші
Балалар, «Ескі жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа» демекші ортамызға ескі жыл мен жаңа жылды шақырайық.
Ескі жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа( Тауық пен ит жылдары шығады да ескі жыл тауық жылы өз сөзін айтып, ит жылын қарсы аламыз).
Ақгүл. Тауық жылы: Уа, халайық!
Тауық жылы құт, береке әкелді. Елімізге ырыс келді. Жаңбыр мол жауып, егін бітік шықты. Халқым маған риза болды. Келе жатқан ит жылы мол қуаныш пен бақыт әкелсін. Мен өз тілегімді итке де айтқым келеді. «Кел, жаңа жыл ортаға» (Ит келіп, шыршаны бір айналады.) Ит жылына мол бақыт, мықты денсаулық, терең табыстар тілеймін. Келесі кездескенше сау болыңдар, балалар!
Балапандар биі:
Ит жылы: Нұрдәулет.
Ой рақмет, тауық, айтқаның келсін.
Келдім бүгін алдыңа,
Уа, халайық жарандар!
Иттің жылы құтты боп
Жақсы қадам басыңдар.
Уа, жарандар, жарандар!
Мен де келдім алдыңа,
Тауық жылы секілді.
Зор қуаныш сыйлармын.
Бақытты боп балалар.
Жақсылыққа батыңдар.
-
Жүргізуші
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға деп ендігі кезекте 3-4- сынып оқушыларының флешмоб биі:
Аяз ата:
Ал балаларым, кәрілік жетті.
Мен шаршап қалдым, маған тақ беріндер, отырайын,
Жаңа жылға дайындап келген өлеңдерің, билерің бар шығар, соны тыңдайық, көрейік.
Даярлык сыныбымен 1 - сынып оқушыларының тақпақтарына сөз кезегін береміз.
Аяз ата:
Ал енді қонақтарымыздың арасында өз өнерлерін көрсетіп, сыйлық алғысы келетіндер бар ма?
Аяз ата:
Ал, Ақшақар қалықта,
Өнер көрсет халыққа.
Ақ қанатың желбіреп,
Қалықтаудан жалықпа.
Ақшақардың биі:
Ақшақар:
Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын!
Аппақ қардай арымыз да ақ болсың
Жаңа жылға жаңа қадам басайық,
Бір Алламыз жанымызға жақ болсын!
-
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды деп 2- сынып оқушыларының әдеби монтажына сөз кезегін береміз.
-
Жүргізуші
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін деп кезекте өзбек биі.
Өзбек биі: 1- сынып оқушысы: Асылназ
Сиқыршы: Ақарыс
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылда біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
-
Жүргізуші
Жаңа жылым төрле бізге нұр болып, Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Би: Қуыршақтар
Ақшақар: Гүлсара
Жаңа жылда жақсылық болсын,
Әр үйге құт, береке қонсын!
-
Жүргізуші
Жаңа жылда біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
«Өзбек биі» Диана
Азиза Қар ханшайымы: Құрметті балалар, қадірлі қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбастарыңызға амандық, молшылық, береке тілейміз!
Жаңа жыл келді міне, жерімізге,
Әкелсін құт-береке елімізге.
Жақсылық пен қуаныш жылы болып,
Қиындықты жолатпасын бәрімізге!
-
Жүргізуші
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық. Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық деп алдарыңызда орыс биі 4- сынып оқушылары.
Сиқыршы: Ақарыс
Қош келіпсің Жаңа жылым, сырлы сағым,
Көп болсын көлеңкесіз нұрлы шағың.
Жайсын саған қызыгып күн құшағын,
Тоссын саған ғажайып түн құшағын!
Бүгінгі мерекеде бізбен бірге болғандарыңызға көп рақмет айтамыз.
Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер!
Аяз ата:
Ал балалар, мен біраз дем алдым.
Арқа – басым кеңіп, ашу-аязым кешіп барады.
Бүйте берсем мен қыс емес, жаз болып кетермін. Сендерге көп рахмет. Алыс-алыс ауылдарда өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді, Ақшақар екеумізді жолға шығарып салыңдар. Сабақтарды жақсы оқып, ата-аналарың мен мұғалімдеріңді қуанта беріңдер. Қош болыңдар!
-
жүргізуші:
Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
-
жүргізуші:
Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.
-
жүргізуші:
Құрметті достар! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
11

