жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Төрлет, төрлет Жаңа жыл
Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Цыған: Сәлеметсіздер ме! қонақтар
Цыған: Мен қайда тап болдым менің карталарым алдамайды маған бір тойға барасын деп түскен,бірақ мында ешкім жоқ екен. Мен карталарымды қайта ашып жіберейін (картасын ашады) сол кезде
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірленген.Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіріп,шыршаны айнала тұрады.
Жүргізуші: бізден бұрын келіп қапсыз, біз жана жыл меркесін тойлауға келдік бірге жаңа жыл тойлатыныз!
Цыған: Жарайды тойлатайын
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,қонақтар,балалар, Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл барлықтарыңызға бақыт әкелсін.
Жаңа бақыт, жаңа жыл!
Жаңа өлең, жаңа жыр,
Балғын бөбек, балалар.
Құтты болсын, жаңа жыл! - бүгінгі «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігімізді қош келдіңіздер!
Балалар қараңдаршы шыршаға ойыншықтары қандай әдемі жарасып тұр. Қандай әдемі. (балалар шыршаны жақындап келіп тамашалайды) бірақта шыршамыз көңілсіз тұр шыршаға арналған әнімізді айтып берейікші!
Балалардың орындауында
Ертеңгілігімізді «Жасыл шырша жанында» әнімен бастайық.
Жүргізуші: Балалар,мен қардың сыбдырын естіп тұрмын.
(Аққала демін тоқтата алмай жүгіріп келеді де,қолында хат, залға кіреді де құлайды).
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Аққала! Сіз бір жеріңізді ауыртып алған жоқсызба ма?
1Аққалла: Жоқ, өтірік құладым балаларды күлдірейін деп. Мен сендерге хат алып келдім.
Жүргізуші:Хат кімнен екен?
2Аққала:Ойлап табыңдар, балалар. Бізге жаңа жылда кім көп сыйлық береді?
Балалар: Аяз ата мен ақшақар
Аққала: Өздерің қандай тапқырсыңдар
Жүргізуші хатты оқиды. Хатты Аяз ата мен Ақшақар жазыпты. «Біз қазір сендердің мерекелеріңе барамыз».
Балалар,ендеше хатты әкелген аққалаға рахмет айтамыз. Біздің сізге арнаған биіміз бар
Би : «Көңілді аққалалар»
Аққала: Ой балалар керемет болды билерін, жақсы билейді екенсіндер
Жүргізуші: Жарайсындар! балалар рахмет
Цыған: Шыршаларын жарқырамай тұр ғой!
Жүргізуші: Иә жарқырамай тұр Аяз Атамыз да келмей жатыр сіз болжам дап берінізші?
Аққала : Сіз сонда алдын ала болжамдай аласыз ба?
Цыған: Иә әрина, әкеліңіз, әкеліңіз алақанызды ашыныз жаңа жылда не күтіп тұрғанын айтып беремін
Аққала: Ал менді жаңа жылда не күтіп тұр.
Цыған: жазда сіз еріп кетесіз!
Жүргізуші: дұрыс, балалар жаз мезгілінде аққалар болмайды еріп кетеді.
Аққала: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын жауабын айтсандар ойын ойнаймыз
Жұмбақ
Қыста ғана болады
Ұстасан қолын тонады (Қар)
Ойын «Қар жинау » 2 командаға бөлу күрекпен қар жинау
Цыған : Ой! Балалар сендер сондай шапшаң екенсіңдер Ойынды тамаша ойнайды екесіңдер
Жүргізуші: Балалар жасыл шырша мерекесіне біреулер жетіспей тұрған сияқты. Олар кімдер?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар
Жүргізуші: Дұрыс, ал бірігіп бәріміз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Аяз ата, Ақшақар (дауыстап шақырады)
Балалар: Аяз-Ата!, Аяз-Ата! Ау!
(осы сәтте қатты жел мен боран дауысы шығады, залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата:
Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән,би арнасын!
Қандай әдемі менің балаларым, балғындарым. Қандай керемет киімдерің де, өздеріңде қандай тамаша.
Ақша
қар: Сәлеметсіз бе,
балалар!
Сәлеметсіз, бе
қонақтар!
Жаңа жыл құтты
болсын!
Жаңа жыл сізге
зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!
Жүргізуші: Төрлетіңіздер , төрлетіңіздер Аяз ата, Ақша қар біз сіздерді көптен күттік
Аққала : Аяз Ата біздің шыршамыз көңілсіз би билесек те, ән салсақ та шыршамыздың көңілі көтерілмеді мүмкін сіз сыйқырлы таяқшаммен сыйқырлып көрерсіз
Аяз ата. Иә расында да көңілсіз тұр екен
Шырша Шырша!
Таңырқат, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат – 3 рет деп шыршаның шамдарын жағады.
Жүргізуші: Тамаша! Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Әсем, әсем, ойыншығы
Көз тоймайды қараса
Жасыл шырша жанында
Ән айтайық тамаша.- демекші келесі кезекті әнге береміз
Ән: «Шырша жыры»
Аяз Ата : ой ,жарайсыңдар балалар !
Жүргізуші: Аяз ата сіз шаршаған шығарсыз сіз отырып дем алыңыз, балалар дың өнерін тамашаланыз
Аяз ата: Жарайды (орындыққа жайғасады)
Жүргізуші:
Келді міне жаңа жыл аппақ болып
Ән болып,жұмбақ болып ,тақпақ болып
Аяз болып мұз болып қатпақ болып
Қонысың құтты болсын жаңа жылы
Цыган : Менде би билеген ұнатамын мына жерде кішкентай цыған қыздарым отыр би билейік
Жүргізуші: Аяз ата, кішкентай цыған қыздарының биін тамашалаңыз.
Би «Цыган»
Аяз Ата: барлықтарын өнерлі екенсіңдер
Жүргізуші: Аяз ата сізді балалар бір жыл бойы күтті балалар сізбен ойын ойнағысы келеді
Аяз Ата: ЕЕЕЕЕ ойын ойнағыларын келеме
Ойын « Кім жылдам »
Жүргізуші : Рахмет Аяз -Ата өте қызықты болды
Цыган. Аққала: Иә өте көңілді болды
Жүргізуші : балалардың сізге арнаған биі бар
Би «Жаңа жыл»
Жүргізуші : Аяз Атаға арнаған тақпақтарымыз бар қабыл алыңыз!
Тақпақтар
Аяз Ата: Тамаша, өнерлі екенсіндер !
Осы кезде ескі жыл мен Жаңа жыл келеді.
Жүргізуші: Ескі жыл өзімен бірге Жаңа жылды ала келіпті. Ескі жыл бізбен қоштасуға қимай,қамығып жүрген болар,рахмет айтып ортаға алайық.
Ескі жыл: Сәлеметсіңдер ме,балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт,денсаулық тілеймін.Өнерлі екенсіңдер,бір жыл сендермен бірге болдым.Мен сендерге Жаңа жылды ала келдім.
Жаңа жыл:
Сәлеметсіздерме,балалар.
Сәлеметсіздерме, қонақтар.
Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа жылмын,
Еліме келген жаңа бақыт
Жаңа нұрмын,жаңа жырмын.
Ескі жыл Қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші: Балалардың жаңа жылға арналған әндерін тыңдаңыздар.
Ән: «Жаңа жыл».
Жаңа жыл: Балалар,мені бөтенсітпей шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет.Өнерлі, ақылды,тапқыр балалар екенсіңдер.
Аяз Ата: Тамаша, өнерлі екенсіңдер, аққала бағанғы балалармен ойнаған карын қайда бұл жай қар емес сыйқырлы қар (ішінен қар шығарады шыршадан айналады адан үлкендірек қар шығады тағы айналадаы ең үлкен қарды домалатып шығады)
Аяз Ата Жақсы ендеше сыйлығым шығарайын Ақшақар екеуі шыршадан айналып үлкен қар алып шығады Аяз атамен Ақшақар балаларға сыйлықтарын таратып береді.
Цыған Жарайсыңдар, балалар! Сендер тамаша билейді екенсіңдер. Керемет биледіңдер.
Аяз Ата, Ақшақар , Аққала, Цыған қош сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Осы мен «Балауса »тобыны шағын ғана « Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі аяқталды. Жақсы сау болыңыздар!
КМҚК «Дәншік» балабақшасы
«Балауса» ересек тобы
«Төрлет, төрлет , Жаңа жыл!»
Тәрбиешілер:
Есимханова А.Ш.
Алпысбаева Ш.Т.
Музыка жетекшісі:
Бекмұрат Айжан
Самар ауылы
2018ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген