Авторы: Сәдір Фариза
Темірханқызы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы
№19 «Бұлақ» МДҰ тәрбиешісі
«Балдырған» ортаңғы
тобы
«Төрлет, төрлет жаңа
жыл!»
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар!
Міне біздің ең көңілді, ең сүйікті мерекеміз жаңа жыл да келіп
қалды. Сендерді көңілді ойын-сауықтар, сыйлықтар күтіп тұр. Балалар
қараңдаршы, қандай әдемі шырша, әдемі ойыншықтар тізілген. Бұл
шыршаны Аяз ата орманнан жәберіпті. (Алыстан бір дауыс
естіледі)
Аққала: Көмектесіңдер! Көмектесіңдер!
Қардан шыға алмай қалдым!
Қоян: Көмектесіңдер!
Түлкі: Туу, мұрныма бір дәмді иіс
келіп тұрғанын қарашы. Бұл ненің иісі болды екен ә? Тоқта, тоқта!
Мынау қоянның аяғы ғой! (қуанып) Бұл бір семіз қоян болды. Бүгін
жақсылап тоятын болдым. Бұл қоянды асып жесем бе екен, әлде қуырып
жесем бе екен? Мен қиялдап тұрғанда мына қилы қашып кетер. (Қоянды
алып шығады) Мыстан сыпырғышымен ұшып
келеді.
Мыстан: Анау домаланып жатқан не өзі?
(қасына барып жатқан хатты көреді, кенет ол хатты түлкі алып
қашады)
Мыстан:Ой оңбаған түлкі! Әкел бері
хатты, ол маған келген хат! Бер деймін, қане! Қолыма түссең бар
ғой, анау үстіндегі жүндеріңді біртіндеп тұрып жұлып, тыр-жалаңаш
қалдырам, қане бер!
Түлкі: Туу, мә ала берші! Жалаңаш
қалатын жайым жоқ.
Мыстан: О несі ай біреудің хатын
ұрлап! Ә ә бұнда не жазылған екен? Мен әріс те танымаймын!
(Балаларды көріп таң қалып) Мә, сендер кімсіңдер, өзі? Не істеп
отырсыңдар? Мына хатты оқи аласыңдарма?
Тәрбиеші: Мыстан сәлеметсіз бе? Сіз
қайдан жүрсіз? Біздің балалар жаңа жыл мерекесіне келіп отыр. Олар
әлі оқи алмайды, әлі кішкентай ғой.
Мыстан: жаңа жыл дейді?! Мәссаған жаңа
жыл келіп қалды ма?
Балалалар: Иә, Жаңа жыл
мерекесі!
Мыстан: Қой қайтыңдар үйлеріңе,
ешқандай мейрам болмайды! Сендер Аяз Ата мен Ақшақарды күтіп
отырсыңдар ма? Ал олар келмейді. Сендер не теледидардан көрген
жоқсыңар ма? Олар келмейді. Ешқашан мейрам тойланбасын
деген.
Тәрбиеші: Мыстан, олай айтпаңыз. Біздің
балалар мейрамға дайындалып келді. Айтатын тақпақтары, әндері,
билейтін билері бар.
Тәрбиеші: Балалар, бір дауыс
естіледі. Көмектесеміз бе? (Азамат пен Әлиасқар алып
келеді)
Аққала: Ой, балалар сендерге көп-көп
рахмет маған жақсы көмектестіңдер.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме! Балалар. Біз
Аққала екеуміз Аяз атаның хатын әкеле жатып, қатты боран соғып,
қардың астында қалып қойдық, алып шыққандарыңа рахмет! Сендерге хат
әкелдім,
Тәрбиеші: Қане, Мыстан әлгі хатты
бересіз бе?
Мыстан: Қандай хатты? Менде ешқандай
хат жоқ (хатты омыауына тығып қояды)
Түлкі: Апай, Мыстан хатты тығып
қойды.
Мыстан: Тұршы-ей,
сумаңдамай!
Тәрбиеші: Мыстан, беріңіз хатты. Сіз
мейрамға кедергі жасап отырсыз.
Мыстан: Апай, онда мен де сіздердің
мейрамдарыңа қатыссам бола ма?
Тәрбиеші: Тек тентек болмаңыз. Мына
хатта Аяз Ата көңілдеріңді ән айтып көтеріңдер мен келе
жатырмын-депті. Ендеше бізге қонаққа Аққала келіп қалған екен,
соған арнайы әніміз бар.
Ән:
«Аққала»
Би: «Аққала»
биі
Ойын: Қане қызық ойын бар!
(қармен)
Тәрбиеші: Балалар, шыршамыз жанбай тұр.
Осыны жағу үшін бізге кім керек?
Балалар: Аяз
ата
Тәрбиеші: Олай болса, көңілді бимен
қарсы алайық!
Би:
«Қояндар»
Аяз ата
кіреді.
Аяз
ата: Амансың ба
ұлдарым,
Амансызба
қыздарым!
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
билерің.
Аяз ата
сендерге
Шаршап келді
алыстан.
Тәрбиеші: Аяз ата, сені көптен күттік.
Қош келдіңіз!
Тақпақтар.
Аян; Сақалы аппақ
күмістей
Тістері аппақ
күріштей
Қызыл ала
шапаны
Сағындым аяз
атаны
Жанель: Сылдырлайды
моншағы
Шыршамыздың мол
шамы
Жаңа жылмен
жайдары
Құттықтаймыз
баршаны
Ернар: Мұздан моншақ
тағынып
Күміс қырау
жамылып
Ортада тұр
Ақшақар
Көптен күтіп
сағынып
Гүлім: Аппақ тоңға
оранып
Базарлықты мол
алып
Келді алыс
сапардан
Аяз ата
оралып
Акбар: Жылдың әнін
бастайын
Аяз ата кеп
қалды
Майысады жас
қайын
Көтере алмай көп
қарды.
Мира: Ескі жылмен
қоштасып,
Шығарып сап
келеміз
Жаңа жылмен
достасып,
Алға басып
келеміз.
Әлиасқар: Ақ қар жапты
даланы
Ақ жамылды
айнала
Жарқыратып
шамдарын
Шырша келді
ортаға
Тәрбиеші: Балалар біздің шыршамыз жанбай
тұр. Оны жандыру үшін біздің әсем қыздарымыздың биері жетіспей
тұрған сияқты.
Би: «Елочке не холодно
зимой»
Ән: «Кішкентай
шыршамыз»
Тақпақтар
Тамирис: Жасыл желек
жамылған
Асыл моншақ
тағынған
Міне сұлу
шыршамыз
Көптен күтіп
сағынған
Адина: Қуантып
елді
Жаңа жыл
келді
Өсетін
болдым
Бір жасқа
енді
Рамазан: Әдемілеп біз
ілген
Ойыншықтар
тізілген
Қандай жақсы
шыршамыз
Кел билейік
бәріміз
Айдана: Шыршаға
бардық
Әсем ән
салдық
Аяз
атадан
Сыйлықтар
алдық
Аман: Аяз ата
аппақ
Печеньесі
тәттақ
Печеньесі көп
болса
Мен айтамын
тақпақ
Айсұлу: Аспан жерге
төгеді
Ақ күмісін
уыстап
Жаңа жылда
келеді
Бізге қарай
жылыстап
Олжас: Аяз ата
келеді
Тамашаны
көреді
Риза болып
қуанып
Бізге сыйлық
береді
Аяулым: Жасыл шырша
орманнан
Бізге арнайы
келіпті
Ойыншығын
балалар
Шыршаға әсем
іліпті
Данияр: Тамаша
тамаша
Шыршамыз тұр
жараса
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса
Ойын:
«Қолғап»
Ән: «Аяз
ата»
Тәрбиеші: Аяз ата, бізге
сыйлықтарыңыз бар ма?
Аяз ата: Иә, бар! Қабымды
ашайын, сыйлығымды берейін. Аяз ата шығып
кетеді.
Тәрбиеші: Сіздерге арналған
шағын ертеңгілігіміз аяқталды. Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жыл
бәрімізге мол бақыт, тек қана жақсылық
әкелсін!