Материалдар / Төрлет, төрлет жаңа жылым, құт жылым!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Төрлет, төрлет жаңа жылым, құт жылым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесі болса да, оқушылардың асыға күтетін мерекесінің бірі жаңа жыл. Себебі: түрлі-түсті шамдар, суреттер, әртүрлі кастюмдер, сыйлықтар бұның барлығы оқушылар үшін керемет ертегі әлеміне кіріп кеткендей әсер алары анық. Бұл сыныптан тыс шараның жоспарынан өлеңдерді, ойын түрлерін өздеріңізге қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
545
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Қожабақы ауылы

25 мектептің қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі

Фариза Әбдірова

Төрлет, төрлет жаңа жылым, құт жылым!

Мақсаты: Жаңа жыл мерекесін көтеріңкі көңілмен, шаттықпен тойлау.Танымдық қабілеттерін жетілдіре отырып, әсемдікке, өнерсүйгіштікке, достыққа баулу.

Жәнібек: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

Сымбат: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

Альбина:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Мешін жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт. 

Жәнібек:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Сымбат:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз ұландарға тамсанайық.

Бүгінгі кештің нағыз көркін ашар,

Қыздар менен жігіттерді қарсы алайық!

Альбина: Армысыздар, бармысыздар, құрметті қалайық! Жылдағы дәстүрмен жаңа жылды думандатып, жырлатып қарсы алу үшін әсем шырша қасына жиналып қалыппыз! Қош келдіңіздер!

Жәнібек: Бүгінгі карнавалда көрермен болмайды, бәріміз де ойнаймыз, күлеміз, би билеп ән саламыз!

Сымбат: Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер! Сіздерді көрмеген бір жылда сағынып қалдық, сіздермен қауышу қуанышына ұл-қыздарыңыз ән-күй, биден шашу даярлап келіпті.

Жәнібек:

Сәнге толы бұл қыздардың тірлігі,

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.

Аруларды шақырамыз ортаға,

Осы кештің болар нағыз дүлділі, -дей келе ортаға 5 «а,ә» сынып қыздарын шақырамыз.

Альбина: Аруларға қошемет көрсетейік!

Басталарда жаңа әлем,

Құйылады жаңа нұр.

Жүрекке арман бөлеген,

Қош келіпсің Жаңа жыл! Келесі кезектіәсем әнге берсек!

Ортада .....................................................................................

Сымбат:

Біздерде ойын –сауық басталады,

Тамаша күй тартылып, ән салады.

Қошеметтеп, қол соғып отырайық,

Ұмытарсыз жыл бойы шаршағанды –деп кезекті Сиқыр өнерін және таң қалдыру үшін жігіттерді шақырайық.

Альбина:

Шеттерінен дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар!

Әншілер тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық – ортада күміс көмей, жез таңдай әншілерді ортаға шақырамыз.

Жәнібек: Сымбат, сен бүгінгі кешке қандай өнер дайындап келдің?

Сымбат: Ол жағы әзірге құпия бола тұрсын. Одан да біздің достарымыздың Жаңа жылға, Аяз ата мен Ақшақарға арнаған өлең-тақпақтарына кезек берсек.

Альбина: Достарым білесіңдер ме, бүгін бізге Камила құрдасымызда қонаққа келіпті, оның да өнерін тамашалап көрелік!

Жәнібек:

Сүйсінеді бишілердің қимылы,

Шеттерінен жайнап тұрған қыр гүлі.

Билерінен мін таппайсың бірде бір.

Құдайдың шын таңғажайып сыйлығы. Ендігі кезекті 5 «а» сыныптың бір топ қыздарына берсек..............................................

Сымбат: Достар ендігі кезекте сыныптастарымызбен ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар?

Жәнібек: Әрине, ойнасақ ойнайық.

Альбина: Ендеше мен ойын шартымен таныстырайын. Маған 4-оқушы керек.

«Күлдіргіш»
Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша т.б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: «- Сен кімсің? - Шырша. - Бүгін қандай мейрам? - Мұз. - Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) – Ойыншық. Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады. Жеңілгендерге түрлі жаза тағайындалады: өнер көрсетеді, бір нәрсе алып келеді, жасап береді .

Жәнібек:

Мағанда бір ойын ойнатуға рұқсат бересіңдер ме?

Плакатқа сурет салғызу.

Ойынның шарты мынадай, ойынға қатысуға 4-оқушы керек және көздері байлаулы тұрады.

Сымбат:

Жаңа жыл да келіпті ортамызға,

Жыл молшылық сыйласын баршамызға.

Таусылмасын бақыт пен құт-береке,

Жақсы тілек тілейік ұл-қыздарға. Осы жерде бізге тілекші болып тұрған ата-аналарымыздан жақсы бір тілек естісек. Бұл ойым қалай?

Жәнібек:

Жарайсың, Сымбат! Жаңа жылға жақсы бір тілек тыңдайық.

Альбина:Достар жаңадан бері құрбы-құрдастарымыздың өнерін тамашаладық, енді біздің де жаңа жылдық шашуымызды шашпаймыз ба?! Флешмоб

Сымбат:

Біз тілейміз Жаңа жылдық шаттығын,

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Аралаймыз ақ ормандай оларды,

Аялаймыз ару құстың ақ түнін.

Жәнібек:

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың.

Альбина: Құрметті қонақтар, сүйікті достар! Жаңа жыл құтты болсын! Келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алыңыздар!

Сымбат: Міне, біздің асыға күткен жаңа жылымыз да табалдырықтан аттағалы тұр. Бәрімізге де Жаңа жыл – бақыт жылы, бейбітшілік жылы блдсын!

Жәнібек: Жаңа жыл келді, міне, жерімізге,

Альбина: Әкелсін құт-береке елімізге.

Сымбат: Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Альбина: Қиныдықты жолатпасын бәрімізге.

Қосылып: Жаңа жыл құтты болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!