400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Төрлет, төрлет Наурыз»!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлыстын ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттың салт- дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық , инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Төрлет, төрлет Наурыз»!

Мақсаты: Балаларға ұлыстын ұлы күні туралы мағлұмат беру;

Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттың салт- дәстүрін

дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық , инабаттылық,

ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Залдың іші мерекеге сай безендірілген.

Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымызда келіп жетті. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ! Ақ мол болсын!

Наурыз –ел мен елді бірлікке , ынтымаққа шақырған күн!

Наурыз – татулықтың, достықтың мейрамы .

Наурыз тойын бастаймыз бимен оны қостаймыз.

Қыздардың орындауында «Қамажай» биі

Балалардың тақпақтары:

Бекарыс:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз .

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр – әніміз.

Әмір:

Наурызбен құттықтап,

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт,

Көңілдерге ауыста.

Нұрай:

Наурыз келді сән құрып

Жасарып жаңғырып.

Құлпырды жер мен көк,

Мейрім таң күліп.

Дәулетхан:

Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

Қорлан:

Наурыз тойы-салтанат

Наурыз тойы-мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Самирхан:

Наурыз – бұл мереке

Құтты болсын береке.

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін.

Жүргізуші: Балалар біздерге Ұлыстың Ұлы күні ақ батасын беріп, шашуын шашатын кім екенін білесіңдер ме?

Балалар : Қыдыр ата мен Наурыз әже!

Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды , шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

Қыдыр Ата:

Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің,

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін

Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсың жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Наурыз Әже:

«Наурыз келсе, құт келгені , халайық!»

Есік ашып , шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық. (отырған қонақтарға шашу шашады )

Жүргізуші: Қыдыр ата Наурыз әже , ортаға жайғасыңыздар балалардың Наурыз тойына дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.

Қыдыр ата: Жарайды құрметтеп бізді ортаға шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

Жүргізуші:

Наурызда күлемдеп

Күн нұры төгілді

Өзгеше бүгін леп

Желпітер көңілді –деп ортаға Қорлан қызымыздың орындауында

ән«Көңілді күн»

Балалардың тақпақтары:

Әлихан:

Наурыз тойым ,Наурыз тойым.

Құтты болсын халайық!

Қане достар, қане достар ,

Шырқап әнге салайық.

Нартай:

Ақ қар кетіп қыс өтіп,

Шырайлы шуақ жаз жетіп,

Шаруаның ұлы кенелген.

Күн мейрамы ежелден-

Құтты болсын бұл Наурыз!

Назгүл:

Наурыз келді алақай,

Кел билейік балақай,

Бізде қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық.

Ибрахим:

Наурыз тойы –тамаша,

Наурыз тойы- жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Асылхан:

Наурыз жауын, наурыз сән ,

Әсем әуен, сазды ән.

Қыз бозбала қыдырған,

Жасыл желек, көк аспан.

Мерует:

Наурыз тойы - елдің тойы,

Көктем тойы- төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын

Жүргізуші:

Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән саламыз шырқатып,

Би билейміз бәріміз.

Ұлдардың орындауында «Жұмыр қылыш» биі

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Биші қыздар билесін,

Қане , қарсы алайық!

Би «Аққу»

Балалардың тақпақтары:

Әкежан:

Наурыз келді-жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді.

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге енді.

Наурыз келді, нұр келді,

Түгел аймақ түрленді.

Бақшадағы апайлар,

Тойға әзір боп үлгерді

Камила:

Той думанға келіңіз,

Тамашалап көріңіз.

Ән айтайық бәріміз,

Қол соғайық бәріміз.

Айзере:

Қыс өтіп, қар кетіп

Шырайлы жаз жетіп

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден

Құтты болсын, Наурыз!

Мансур:

Наурыз көктем, наурыз жыр,

Ана мейрім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Нұрдәулет:

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі

Жүргізуші:

Ал енді балалар Наурыз мейрамында ойын ойнағыларың келеме?

Балалар: Ойнамыз.

Ойын: «Білек сынасу», «Арқан тарту»

(Бір бала қолында қамшысы бар «Сүйінші ,сүйінші» сәби дүниеге келді деп жүгіріп келеді.)

Қыдыр ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Наурыз әже: Құндақталған сәбиді алып келеді.

Қыдыр ата: Сен Наурыз мерекесінде дүниеге келгесін атыңды Наурызбай қоямыз деп .Сенің атың Наурызбай, сенің атың Наурызбай, сенің атың Наурызбай деп үш рет айқайлайды.

Наурыз әже : Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық.

Бесікке салу рәсімі

Жүргізуші:

Наурыз келді тамаша,

Ән шырқайық таласа!

Меруеттің орындауында ән «Әже»

Жүргізуші :

Халқының әдеп-салтына,

Ойлана қарап түйін түй.

Шаттығын сыйлап жалпыға,

Жалғаса берсін ән-күй,би!

Би «Қара Жорға»

Наурыз Әже: Менің балаларыма өзімнің дайындаған Наурыз көжемнен берейін.

(Бәрі дастарханға жайғасып Наурыз көжені ішеді, Әже көженің дайындалу тәсілін айтып береді)

Жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына ,

Ырыс-береке сыйлашы.

Балалардың орындауында ән «Дастархан»

Қыдыр ата: О, халқым кішкентай менің балаларым! Сендердің бүгінгі өнерлеріңді тамашалапдым үлкен тойдың куәсі болдық,тойларың тойға ұлассын халқымыз тыныш болсын ,еліміз аман болсын! Енді мен еліме қайтайын аман сау болыңыздар!

Наурыз әже: Менде балалар басқа бүлдіршіндерге барып Наурыз көжемнен ауыз тигізейін.

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші:

Ән қосылсын сәніңе!

Ырысты боп жаңа жыл!

Бақ дарысын бәріңе!

Осымен Наурызға арналған шағын мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі