жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Төрлет, төрлет Наурыз»
Тәрбиеші: Мустафинова Жазира Султановна
Алматы қаласы, Алатау ауданы, № 150 бөбекжай балабақшасы
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған
«Төрлет, төрлет Наурыз! ертеңгілік. «Балбөбек» тобы
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру.
Жүргізуші: Cәлеметсіздерме құрметті қонақтар, балабақша ұжымы.
Үйлесіп наурызбен көктем жетсін
Көңілін үлкен- кіші көкке өрлетсін
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш,өкпе кетсін-дегендей, жаңа жыл құтты болсын! Наурыз тек қана жақсылығын, жаңа жаңалығын әкелсін. Ақ мол болсын, халық тоқ болсын!
“Наурыз Думан” әні орындалады қазақ киімдерін киген балалар айнала жайылған көрпелерге жайғасып отырады.
Жүргізіуші: Наурыз жыл басы. Наурыздың 21-22 –не қараған түні күн менен түн теңеледі екен. Міне сол күні ағаш үйлер тігіліп, қой сойылып ошаққа қазан қойып, тәтті бауырсақ пісіріліп ұлан-асыр той жасаймыз. Адамдар бір-бірімен көрісіп амал, жаңа-жыл құтты болсын деп бір-біріне ізгі жақсы тілек білдіреді.Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Ән «Нұрлы көктем»
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар:
Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші:
Енді
ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен,
дархан көңіл, жарқын ниетпен, Қыдыр ата
келеді. Қане, қарсы алайық. Ендеше
ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды
шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР
АТА:
(бата
береді)
Жарқыра
жайна Наурызым!
Қабағы жаудың
түйілсін
Береке байлық –дәм
тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың
бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ
батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі
болсын!
Барлығы:
Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Наурыз Әже:
"Наурыз
келсе, құт келгені, халайық!"
Есік
ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(отырған қонақтарға шашу шашу)
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән» ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ. (Ортаға барып отырады)
Тақпақтар
Атилла:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен
бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке,
ырыс сыйлашы
Зейнеп:
Жыл
басы – Наурыз
мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз
тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Маратқызы
Амина:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа
кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз
келді, салтымыз
"Көгерсін"деп
халқымыз
Көшеге тал егеді.
Алдияр:
Жылдың
басы Наурыз,
Жердің
басы Наурыз.
Мерекеге
арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Саяжан:
Осыншама жақсылық
Алып келген
наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ
шашып, ақ жүзің
Әділ:
Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр
айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра
түсер шырайы
Манат Амина: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша
Бимырза:
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар
салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз
тойы бастайық!
Абылай:
Наурыз
келдi елiме,
Наурыз
келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл
қазақ елiне.
Би: «Шашу»
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.
Ойын: «Қыз қуу»
Шарты: бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.
Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)
Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тиіңдер! Ақ мол болсын!
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар мен айтыс өнерін тамашалаған. Қане, балалардың арасында суырып салма айтысатын балалар бар ма екен?
Сабыржан:Айналайын
халқым –ай
Құтты болсын салтың
–ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның
салтын –ай
Талшын:
Айналайын халқым –ай
Болсын жүзің
жарқын –ай
Ата салтын сақта деп
Ұран
етем жалықпай
Сабыржан:Айтсам
егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам
–ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың
қалқам –ай
Талшын:
Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа
бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім
бізде жетеді
Сабыржан::Төбедегі
көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы
жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді
көрейін
Жауабын кім біледі?
Талшын:Үйлеріңдей
қаланың
Бөлек –бөлек бөлме
жоқ
Макетіндей даланың
Болады ол
дөңгелек
Қазағымның үйі ғой
Хормен
екеуі бірге:
Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш
болсын
Ерекше заман болсын
Келер
Наурыз тойына
Аман –есен жетейік!
Әже:
Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен
жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей
ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл
басып, бақша есігін аттағалы отырған
шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған
халық, мына отырған немерелеріңіз ата
салтын, халық дәстүрін көріп
тамашаласын.
Әже:
Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің
шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын
алар қайсың бар?
- Мен бар, мен бар
–деп біреу шығады.
Тұсау
кесуші:
Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Ер
жетті деп айтайын
Шашуын жеп
қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам
бассаң мәз болам
Күрмеуіңді
шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол
ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге
аяқ баса бер!
Асулардан аса бер!
Әже
шашу шашады, бата береді.
Жортқанда
жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік
бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин!
Әже:
Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон
болмайды, жол болады
Осы
кезде сүйінші деп екі бала жүгіріп
келеді:
Адият:
(қуанып) Әже, сүйінші ақ сиыр бұзаулады.
Аппақ, әдемі бұзауы бар.
Әжесі:
(масаттанып) Төлің көбейсін, пейілің
кеңейсін!
Атилла:
(Дауыстап) Апа, біздің қара қой егіз қозы
туды. Бұп-бұйра. Осында алып келейін деп
едім, енесі жылайтын болды. Сосын
әкелмедім.
Жүргізуші:
( көпшілікке қарап) Міне, көрдіңіздер
ме, құтты қонақ келсе қой егіз табады
дейді. Қуаныштарыңыз құтты
болсын.
Тақпақтар:
Санжар:
Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге
салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге
қарсы алайық
Альтаир:
О, ағайын, ағайын
Думанға толы
маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз
айы –бал айың
Айсұлу:
Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы –
жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып
тұр жараса
Аида:
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске
түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз
көже пісірді
Еркенур:Ашылды
да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем
наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
Бекарыс:
Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен
шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже
елдің ырзығы
Зере:
Жылдың
басы Наурыз,
Жердің
басы Наурыз.
Мерекеге
арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Бейбитжан:
Наурыз
тойым, Наурыз
тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане,
достар, қане, достар,
Шырқап әнге
салайық.
Малика:Көктем
келді, балақай,
Жасарды жер,
алақай.
Наурыз
тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Арнур:
Наурыз
тойы — тамаша,
Наурыз
тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып
тұр жараса.
Акарыс:
Қыс
өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз
жетіп,
Мейрамы ежелден –
Құтты
болсын, Наурыз!
Ән: Наурыз
Жүргізуші:
Қош келіпсің! Ер Төстік батыр! Бұл
жерде наурыз тойы өтіп жатыр. Батырлар
мен сұлулар өз өнерлерін ортаға салып
жатыр.
Ер
Төстік: Менде
құр қол келгем жоқпын.
«Кім
жылдам»
деген ойын ала келдім.
Ойын
шарты: бір
сұлу қыз орындыққа шығып, екі қолына
орамал ұстап биікке көтереді. Батырлар
шауып келіп атпен, сұлулардың қолындағы
орамалды алады. Кім бірінші орамалға
жетіп, орнына оралады, сол жеңімпаз
атанады.
Ер
Төстік:
Жарайсыңдар, батырларым! Маған
ұнадыңдар!
Рақмет сендерге! –
- Келесі ойнайтын
ойынымыз: «Кім мерген» («Жамбы ату»)
-
Қазақтың батырлары ат үстінде шауып
келе жатып, құралайды көзге атқан, мерген
болған. Мен сендерге атымды бере тұрайын,
сынап көрейік.
Қыдыр
Ата: О,
халқым кішкентай менің балаларым!
Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладым
үлкен тойының куасі болдық тойларың
тойға ұласа берсін халқымыз тыныш,
еліміз аман болсын! Мен еліме қайтайын
аман сау болыңдар!
Жалпы би биленеді «Наурыз думан»
Жүргізуші:
Келген жыл сіздерге шаттық
әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт
әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл
сыйласын
Отанымызға шаттық өмір
әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген