Материалдар / "Төрлет,Наурыз!" концерттік бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Төрлет,Наурыз!" концерттік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2019
796
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

- 1 –

Мақсаты: 1.Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырта отырып,ата-баба салтын сақтау,құрметтеуге тәрбиелеу; 2.Халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту,табиғатпен үндестікке үйрету.

Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар,гүлдер,шарлар,түрлі-түсті жалаушалар.

Өтетін орны: мектеп алаңы.

Қатысатын адамдар: № 20 орта мектеп оқушылары,ата-аналар,ұстаздар, мектептің кіші қамту қызметкерлері.



Б А Р Ы С Ы :

Дабыл қағып,атты балалар жарапазан айтып,жиналған қауымды Наурыз мерекесін тойлауға шақырады:

1-шабарман: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар. Наурыз тойы басталды, Көрген де арманда,көрмеген де арманда, Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2-шабарман: Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып, Қыс барады қиылып жылап тұрып. Шатырында үйлердің Наурыз жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып. Наурыз қайта оралды аты да аңыз, Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз. Үй-дастархан,даламыз-сахнамыз, Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

3-шабарман: Тойла бүгін тауларым мен боз далам, Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам. Қайта оралған намысымдай Наурызым, Жаңа жыл боп қош келіпсің,Наурызым!
  • 2 –


4-шабарман: Наурыз тойын жұп жазбай Қошеметпен қарсы алайық. Досқа құшақ ашайық, Өлең-жырға басайық. Қазақтың бір салты деп Тойғак шашу шашайық.

«Көңіл ашар» әуені ойналады,ортаға жүргізушілер шығады:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар.Шығыс халықтарының сондай мейрамдарының бірі-Наурыз.

2-жүргізуші: Наурыз келді,көктем келді шуақты, Жауқазындар жасыл қырда гүл атты. Жүзімізде қуаныштың нұры ойнап, Жүректерге көктем еңген сияқты. Наурыз келді,жылғалардан су ақты, Ақ толқындар асықтырды бұлақты. Өңірлерде өскен жаңа гүл қаптап, Көңілдерге көктем еңген сияқты.

1-жүргізуші: Келіңдер,Наурыз тойға бәрің бүгін, Аямай өнерпаздар ән мен жырын. Тойлайық халық тойын Наурызымның, Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

2-жүргізуші: Келіңдер,Наурыз күнін қарсы алайық, Билейік,жыр жырлайық,ән салайық. Қаһарлы қыстан өтіп,Наурыз келді, Арқаңды кеңге созшы,уа халайық!

1-жүргізуші: Қанекей,қарсы алайық жылдың басын, Қосылып жасқа жасың,басқа басың.

2-жүргізуші: Барайық келер жылға төрт көз түгел, Аман боп алыс,жақын,кәрі-жасың.

  • 3 –


1.Ән «Наурыз-думан» орындайтын ........................................................................

2.3-сынып оқушы,ата-аналарының сахналық қойылымы

3.2-сынып оқушы,ата-аналарының сахналық қойылымы

1-жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен, Мейірім танысын деп тасып өткен. Наурыз сән-салтанат,ұлттық рух, Бақытты наурызы бар халқым неткен! Халықтың пейілінен жаралғандай, Сұлу күн шуағынан таралғандай, Ел мен жер елжірескен,қуанысқан, Наурызда ажар қандай,арай қандай!

4. Ән «Қазақ елі» орындайтын.................................................................................

5.Мектептің кіші қамту қызметкерлерінің сахналық қойылымы

6. «Наурыз» биі орындайтын ..................................................................................7. .................................................................................................................................8. .................................................................................................................................9. .................................................................................................................................10 ................................................................................................................................11 ................................................................................................................................12 ................................................................................................................................13 ................................................................................................................................14 ................................................................................................................................15 ................................................................................................................................



2-жүргізуші: Мың бұрала халқымыз биге басып, Келеді,міне,ортаға шалқып тасып. «Қара жорға» сыйлаған халқым менің, Көңілді қошаметпен қарсы алайық!

Ортаға қыз бен жігіттер шығып бәрін би билеуге шақырады.

  • 4 –


Ұл: Наурыз тойға жиналған халқым менің, Бәрінің ойға алғаның жарқын сенім. Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің, Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.

Қыз: Келді наурыз бұла күш тасқынымен, Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен. Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып, Табиғат ықыласына тас жібіген.

Ұл: Келді Наурыз даладай кендігімен, Көк байрағы желбіреп желді күнмен. Тәуелсіз ұранын аспандатқан, Айналайын,Тендігім,Елдігімнен!

Қыз: Арайындай көрінген таңғы үміттің, Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың. Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз, Ұлы достық мейрамы мәңгіліктің.

Алаңға жиналған қауым «Қара жорға» биін билейді.

1-жүргізуші: Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке, Қастерледік,қадіріңді білдік те. Құтты болсын Ұлы күн,жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

2-жүргізуші: Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел, Сол ізгі елдің ұрпағы мына біздер. Салты солай Наурыздың,ей адамдар, Аталардан ақ бата тілендер!

«Сарыарқа» күй әуені ойнап тұрады, ауыл ақсақалы бата береді.

1-жүргізуші: Наурыз тойы-көңіл тойы,көктем тойы, Жақсылық болса дейтін өмір бойы. Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін, Елдегі бақыт,байлық,бақ көбейсін.
  • 5 –


2-жүргізуші: Көргенше қуанасын таза ауаны, Құлаққа естілгендей жаз әуені. Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Бірге: Наурызың құтты болсын,қазақ елі!

1-жүргізуші: Наурыз той құтты болсын ағаларға, Наурыз той құтты болсын аналарға. Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Бірге: Наурыз той құтты болсын баршамызға!

Ән «Қош келдің,Жаңа жылым, ауылыма!» орындайтын .....................................

Мерекенің екінші бөлімі спорттық шаралармен жалғасады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!