Шағын
орталық тобының ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу
күні:
10.12.2018 ж
Тәрбиеші:
Сеилова
А.А
Білім
беру саласы: Шығармашылық
Пән:
Сурет салу
Өтпелі
тақырып: «Туған өлкем»
Топ:
II – кіші тобы
Тақырып:
«Достық үйі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік:
Балаларды
әдемілікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Түзу
сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу
дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту:
Геометриялық пішіндерді салуға,
ою-өрнекпен әшекейлеуге үйрету.
Педогогикалық
технологиялар: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,
көрнекілік
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
сурет
дәптер, бояу, губка таяқшасы, қағаз, су,
сүлгі, қарындаш. Сөздік
жұмыс: қабақ, көп қабатты.
Билингвалдық
компонент:
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық
кезеңі:
Балалар
бір -біріне деген жылы тілектерін айтады.
Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ
келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың
тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар
сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады.
Негізгі
бөлім:
Біздің
үй ( Ғ.Өкеев)
Қалаушы
да табылды,
Үй
салынды, жабылды,
Қосып
құмға лайды.
Сылақшылар
сылайды.
Тезерек,
есік, едені,
Қиюласты
әдемі.
Құрылысшы
боламыз,
Зәулім
үйлер саламыз.
Балалар,
үйді кімдер тұрғызады? ( Педагог балалармен
әңгіме жүргізеді).
Әртүрлі
үйлердің суреттерін көрсетеді. Олардың
терезелері, Есіктері, шатырларының
көлемдеріне көңіл аудартады, салыстырады,
қаланың, ауылдың үйлерінің суреттерін
көрсетеді. Үйді салу жолдарын түсіндіріп,
суретті аяқтатады.
Бір
қабатты үй.
1.
Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан
төмен қарай түзу сызық сызылып, шаршы
жасалады.
2.Есігі
тік төртбұрышқа ұқсайды.
3.Шатыры
үшбұрыш болы келеді, парақтың жоғарғы
жағына нүкте қойып, әртүрлі жаққа екі
сызық жүргізіледі.
Бой
сергіту:
Мен
құрылысшы боламын, Зәулім үйлер саламын.
Өз
қаламды көркейтіп,
Ел
алғысын аламын.
Көп
қабатты үй.
Бірнеше
қатарға (3- 5 қабатты үйлерде) терезелер
салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды
оңға, солға жылжыта отырып салу керек.
Үйдің түсі күлгін, ашық жасыл, көк болғаны
дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе, шатыр,
есіктердің шеттерін бояу керектігі
айтылады.
Қорытынды:
Балалардың
жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға
алғыстарын айтады.
Мақтау,
мадақтау.