«Төрт түлігім- байлығым»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Төрт түлігім- байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Төрт түлігім- байлығым» тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Төрт түлігім- байлығым»

Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды халықтың тіршілік - істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім - бағымын түсіндіру. Ата кәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан - жануарға деген қарым - қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.
Дамытушылық: Төрт түлік туралы өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, тыйым сөздер, мәтіндер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
Қ
уан,шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.
Мұғалім: Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе - көлігі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонған халқымыздың тұрмыс - тіршілігі төрт түлікпен байланысты. «Малым - жаным садағасы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабаларымыз. Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы. Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес.
Топқа бөлу. Топпен таныстыру.
1 - топ. Қошақандар
2 - топ. Бұзауқандар
3 - топ. Құлыншақтар
4 - топ. Ботақандар

Ойынымыз 8-сайыстан тұрады.Әр дұрыс жауаптар бағаланады.

1-сайыс. «Ұран»

2-сайыс. «Білгенге маржан»

3-сайыс. «Кім жылдам?»

4-сайыс. «Мәнерлеп оқу »

5-сайыс. «Қас қағым сәт»

6-сайыс. «Тыйым сөздер»

7-сайыс. «Дәм ажырату»

8-сайыс. «Жұмбақтар»

1.Ұрандарын айту.

1-топ. Қошақанбыз момақан,

Жарысқа бүгін жол ашқан.


2-топ. Торпақтармыз момпиған,

Жарыққа түссе томпиған.

3-топ. Ботақанбыз, маң басқан,

Жүлдеге бүгін таласқан.

4-топ. Құлыншақтар тобы біз

Әрқашанда жүйрік біз.
2-сайыс. Білгенге маржан.

Төрт түлік туралы не айтаcыңдар? Әр топ таныстырады.

1. Қой Аружан - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.

2. Сиыр Махамбет ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.

3. Жылқы Мади - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.
4.
Түйе Сағыныш – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.
Мұғалім: Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар. Бізге жақсы таныс болу үшін сөз кезегін төрт түліктің пірлеріне берейік.

Түйе атасы– Ойсылқара
Жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой атасы – Шопан ата.
Ешкі атасы - Сексек ата.

3-сайыс. «Кім жылдам?»

Суреттер таратылады соларды бояу керек.

4-сайыс. «Мәнерлеп оқу »

Балалар,ендеше төрт түліктің төлдерімен танысайық.

Түйе төлі-бота

Жылқы төлі-құлын

Сиыр төлі- бұзау

Қой төлі-қозы

Ешкі төлі-лақ

Төлдер туралы тақпақтар айту.

Руслан

1. Кіп-кішкене, момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Ажар

2. Бұзауым бұзық,
Мінезі қызық
Маңдайы күйді
Қазанды сүзіп.
Айгерім

3. Құрық алып қолыма,
Қамшы салып торыға,
Жылқы айдаймын жайлауда,
Шаң ілеспей соңыма.
Диас

4. Жүресің тек монтиып
Қос өркешің селтиіп
Қарап жүріп қорқамын,
Қала ма деп жел тиіп.

5-сайыс. «Қас қағым сәт»

Оқушыларға ермексаздар таратылады , әр топ төрт түліктің мүсінін жасап беру керек.

6-сайыс. «Тыйым сөздер»

1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.
Иесі өкпелейді.
4. Жас малдың тістерін санамайды.
5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.
8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.

7-сайыс. «Дәм ажырату»

4 топтан 4 оқушы шығады,олардың көздерін орамалмен байлаймыз, алдарына сұйыртық құйып дәмін татып ажырату керек.
8-сайыс. «Жұмбақтар»

Жұмбақтар жасырайық.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
2. Мүйізі айдай иірген
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт майы
Жегенде тілді үйірген.
3. Қамыс құлақ
Тостаған тұқ.
Мінсең - қанат.
Сүті - дәрі,
Еті - тамақ.
4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Қортынды: Балалар төрт түлік туралы не біліп үйрендіңдер?

Сызбаны толтыру.
Қолдарындағы ұпайларын санай отыра қай топ жеңгендерін анықтау.

Марапаттау.

Өнер көрсету.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2018
1463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі