400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Төрт түлігім-тірлігімнің ырысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға Ортаңғы тобына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Төрт түлігім – тірлігімнің ырысы


Сабақтың мақсаты: Баланың бойына төрт түлік малдың өрісі мен тіршілік ортасын, малдың қадір-қасиетін таныстыру, үй жануарларына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Төлдерін жаңылмай айтуға, адамзатқа тигізетін пайдаларын түсіндіру, қоршаған ортамен таныстыру, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында өткізілетін сабақта ертегіні кейіптендіру, сұрақ-жауап, киім үлгілерін жасау, тағамдардың неден жасалатынын анықтау және түсіндіру.


Сөздік жұмыс: бота, құлын, лақ, бұзау, қозы.

Көрнекіліктер: төрт түлік мал мен төлдерінің суреттері.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Сәлем сөздің анасы, сөздің қасиеті, сондықтан, оны мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Ал енді балалар сәлемдесіп алайық.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Бізден сәлем береміз.

-Сәлеметсіз бе, ағай?

-Сәлеметсіз бе, апай?

Есенсіз бе әжей?

Амансыз ба атай?

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Білер қазақ баласы

«Сәлем – сөздің анасы»

Сәлеметсіздер ме қонақтар?


Тәрбиеші: Балалар, қазақ халқының негізгі тіршілігі мал шаруашылығымен байланысты болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибенің арқасында біздің ата-бабамыз малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп, көп көңіл бөлген.

Төрт түлік мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тағамы, кисе киімі, тұтынса бұйымы болған, төрт түліктің етін, сүтін, жүнін, терісін, мүйізін, сүйегін де керегіне жаратқан.

Кең даланы еркін шарлап, көшіп қонған халқымыздың тұрмыс тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп мақалды ата-бабамыз мал атауының қадір-қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлікке толтырған.

Үнтаспадан үй хайуанатарының ата тегі аңызын тыңдау.

Балалар сендерді аналарың, әжелерің «ботам, құлыным, құлыншағым» деп еркелетіп, әлпештейді. Оты төрт түлікке деген ерекше сүйіспеншіліктің бар екендігін көреміз.

-Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Олар неге үй жануарлары деп аталады?

-Себебі адамның көмегімен үйде өсіріледі.

Халық ұғымында әр малдың пірі бар деп түсіндіріледі.


Мал атасы: түйе атасы – Ойсылқара

жылқы атасы – Қамбар ата

қой атасы – Шопан ата

сиыр атасы – Зеңгі баба

ешкі атасы – Сексек ата.


Іб. Шаруаның бір пірі – Ойсылқара,

Түйені өсір жарылқап, болсын пана,

Ит-құс, пәле-індеттен аман сақтап,

Топ-топ қылын боталат ару ана.






ІІб. Шаруаның бір пірі – Қамбар ата

Тілегенге өзің бер ақтан бата.

Үйір-үйір жылқыны шұрқыратып,

Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата.





І ІІб. Шаруашылықтың бір пірі – Шопан ата,

Малды берсең қойды бер,

Ұлды берсең бойлы бер.

Жұртқа ақыл салғандай

Ақпен ортақ ойды бер.





ІVб. Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба,

Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама.

Кең өрісті шұбыртып, өзім бағып,

Кешке жақын қотанға әкеп қама.





Vб. Шаруаның бір пірі – Сексек ата,

Қойды көсем бастайтын.

Өткелден үркіп, саспайтын.

Қарағай мүйіз серкелі

Шүйде жалды епкелі.



Тәрбиеші: Балалар міне төрт түліктің пірлері осылар екен.


Ал, малдың сүтінен жасалатын қандай тағамдарды білесіздер?


DrawObject5

Сүт

DrawObject3 DrawObject4 DrawObject2 DrawObject1 айран

Ірімшік

Қаймақ

Май


түйеден – шұбат, қой – сүт, ет, тері, жүн береді.

биеден - қымыз, ешкіден - сүт, ет, тері, жүн.





Тәрбиеші: Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?


1 . Түйе төлі – ботақан,

Мөлдіреп көзі ойнаған.


2. Жылқы төлі- құлыншақ,

Тұяғы жерге ұрыншақ.



3. Қойдың төлі – қошақан,

Өріске қашқан қорадан.



4. Сиыр төлі – бұзау, Сүйкімді әрі асау.

5. Ешкі төлі – лақ,

Тыныш тұрмайды ол бірақ.



Сергіту жаттығулары

Балалар, малдың төлдерін атайды.

-Бие құлындайды, түйе боталайды, қой қоздайды, ешкі лақтайды, сиыр бұзаулайды.


Тәрбиеші: Төрт түлік мал жайында қандай теңеу, мақал-мәтелдер білесіңдер?


  1. Ер қанаты – ат.

Сөз қанаты – хат.

  1. Жылқы – малдың патшасы,

Түйе – малдың қасқасы.

  1. Жер ана

Мал бала.


  1. Аттың бәрі тұлпар емес,

Құстың бәрі сұңқар емес.


Тәрбиеші: Балалар төрт түліктің пайдасын атаңдаршы.

Түйе-байлық,

Жылқы – сәндік,

Сиыр –ақтық,

Қой – мырзалық,

Ешкі – жеңілдік.


Тәрбиеші: Төрт түлікке байланысты қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер?

  1. Түйені таяқпен ұрып айдамайды, жетекке алады.

  2. Малдың кемшілігін айтып сөйлеме, мал ауырады немесе сүт бермейді.

  3. Жатқан малды аттауға болмайды, Аттаған жағдайдан кейін қайта аттау керек.


Тәрбиеші: Балалар төрт түлікке байланысты жұмбақ жасырайық.


  1. Апан-апан ескі шапан,

Иір қобыз, жарық жұлдыз. (Түйе)

  1. Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шабыртқысы бар. (сиыр)

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Ертегі қойылымы: Жыл басына таласқан хайуандар.


Жылқы: Мен алысты жақын қыламын,

Күшімді көреді, сүтімді ішеді.

Қылыма шейін арқан жіп еседі,

Жыл бас мен боламын.


Сиыр: Адам егін ексе менімен егеді,

Сүтімді ішеді, құрт, май істейді.

Жыл басы болуға мен лайықтымын.

Қой: Мен болмасам, қазақ үшін немен

Жүнімді алып киіз басады, жабығамын.

Киім тігеді, арқан жіп еседі,

Сүтімнен құрт, май алады,

Шаруағы менен пайдалы мал жоқ.


Ит: Мен болмасам, сендердің көьіңді

ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді.

Мен сендердің баршаларыңа бақташымын,

Дұшпан көрсем үріп, абалап неше хабар беремін.


Тауық: Мен болмасам кісі ерте жұмысына

бармай ұйықтап қалар еді, мен ерте

тұрып таң атты деп хабар айтамын,

Кеш болса , жатар мезгіл болды деп шақырамын.


Тышқан: Бұл таласқандарымен еш нәрсе оңбас,

Жылды қарап тұралықта,

кім бұрын көрсе, сол жылбасы болады.

«Мен көрдім» деп айғайлайды,

Осылай тышқан жыл басы болады.


Қорытынды: Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Неліктен ұнады? Балалар сендер бүгін сабаққа жақсы қатысандарың үшін, бәріне де бесбұрыш сыйлаймын. Әрқашанда осындай тапқыр болыңдар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі