Сабақтың
тақырыбы:
Төрт түлік
Сабақтың
мақсаты:
1. Балалардың төрт түлік туралы түсініктерін
кеңейту. Олардың төлдерін ажырата білуге
үйрету. Малдың пайдасы жайлы айтып
үйрету.
Тәрбиелік: үй
жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Балалардың сөздік қорларын дамыту.
Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Түрі:
Саяхат сабақ
Қолданылған
әдіс-тәсіл:
Ән айту, жұмбақ шешу, ойын ойнау, өлең
оқу, мақал –мәтел айту, дидактикалық
ойын.
Көрнекіліктер:
Төрт түлік мал туралы суреттер, киіз
үй, жайлау көрінісі, төрт түлік малдар.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Тәрбиеші – Күн
анамыз бізге нұрын шашып тұр, бәріміз
амандасайық.
Шаттық
шеңбері:
Сәлем бердім күнге мен,
Сәлем
бердім аспанға
Сәлем
бердім достарға
Сәлем
бердім қонаққа.
Бәрі
хормен: - Сәлеметсіздер ме.
Балалар енді
орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді
бастаймыз.
Тәрбиеші:
- Айтыңдаршы,
балалар, жайлауға жұрт қай уақытта
шығады?
Балалар:
- Көктемде шығады.
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Көктем
-
Иа жұрт жайлауға көктемде шығады. Олай
болса біз де бүгін жайлауға саяхатқа
шығайық. Жайлауға жеткенше бәріміз
бірге «Қошақаным» әнін айтып барайық
Тәрбиеші:
- ал міне жайлауға да келіп жеттік. Жайлау
деген қандай болады екен? Жайлауда не
болады?
- киіз
үй, шөптер, гүлдер малдар.
Тәрбиеші:
- балалар, төрт түлік малға не жататынын
білесіңдер ме?
- Түйе,
жылқы, сиыр, қой, ешкі
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасыңдар. Ал енді осы төрт түлік
малға байланысты жұмбақтар шешіп
көрейікші.
1. Кішкене ғана
бойы бар,
Айналдырып
киген тоны бар (Қой)
2. Кезікті бір
жануар
Үстінде екі
тауы бар (Түйе)
3. Басында
екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сақалы тағы
бар. (Ешкі)
4. Екі айнасы бар,
Екі найзасы
бар,
Төрт жылтырмағы
бар,
Бір шыбыртқысы
бар. (Сиыр)
5. Екеу елеңдеп
келеді,
Төртеу төбелесіп
келеді (Жылқы)
Тәрбиеші:
- Бұл төрт түлік малдың адамға берер
пайдасы бар ма?
- Бар
- Қандай
пайдасы бар? Олар бізге не береді?
- Сүт,
ет, май, қымыз, айран, жүн береді.
- Түйенің
сүтінен не жасайды?
- Шұбат
- Жылқының
сүтінен не жасайды?
- Қымыз
- Қойдың,
ешкінің жүнінен не жасайды?
- қолғап,
носки, бас киім.
- Өте
жақсы
Дидактикалық
ойын: «Дыбыс кімдікі?» Малдардың
дыбыстауын естірту
Тәрбиеші:
Өте жақсы, енді мені тыңдаңдар, малдың
дыбысталуын былай деп айтады:
- Жылқы кісінейді
- Сиыр мөңірейді,
-Түйе боздайды,
- Қой, ешкі
маңырайды.
Бәріміз осы сөздерді
ұғып, жаттап алайық. Балаларға қайталату.
3.Сергіту
сәті: Шөре,
шөре лағым,
Тентек
болма шырағым,
Секеңдемей
деміңді ал,
Селтеңдемей
құлағың
Тәрбиеші:
Балалар, енді жайлаудан қайтып, тобымызға
оралайық.
Дәптермен
жұмыс.
–Балалар, енді біз мына жылқының суретін
бояйық.
Тәрбиеші:
Төрт түлік мал туралы мақал-мәтелдер
білеміз бе?
Жылқы- малдың
патшасы
Түйе -малдың
қасқасы.
Мал өсірсең қой
өсір
Өнімі оның көл-көсір.
Түйе малдың үлкені
Жылқы
малдың үркегі
Малды баға біл,
Бабын
таба біл
Ойын:
«Кім жылдам?»
Ойын
арқылы сабақты бекітіп, әр түрлі сұрақтар
жазылған төлдерді қораға кіргізіп,
сұраққа жауап береді.
Қорытындылау:
Сұрақтар қойылады?
-
Төрт түлік малға не жатады?
- Түйе, жылқы,
сиыр, қой, ешкі
- Қандай жаңа
сөздермен таныстық?
-
Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, түйе
боздайды,қой, ешкі маңырайды.
7.
Бағалау:
Өте жақсы.Бүгін сабаққа жақсы қатысқандарың
үшін жұлдызша таратып беремін.
Жылқы- малдың
патшасы
Түйе -малдың
қасқасы.
Мал өсірсең қой
өсір
Өнімі оның көл-көсір.
Түйе малдың
үлкені
Жылқы малдың
үркегі
Малды баға
біл,
Бабын таба біл
«Әлихан
негізгі орта мектебі» КММ
Өткізген: Жухина К.К.