400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төрт түлік

Материал туралы қысқаша түсінік
5.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру; 5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама, хат, хабарландыру құрастырып жазу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Мұғалімнің аты-жөні: Есімбекова Әсел Тишпековна

Мектеп: “М.П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернат” КММ

Күні:

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Төрт түлік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;

5.Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама, хат, хабарландыру құрастырып жазу;

Сабақ мақсаты

“Балапан және оның достары” мультфильмін көріп, ондағы одағай, қаратпа, эмоционалды сөздерді анықтау;

Оларды еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу;

Ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу;

Бағалау критерийі

  • тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар құрастырады;

  • сұрақ құрастыруда қыстырма, қаратпа сөздерді қолданады;

  • сұрақтарға жауап беру арқылы диалогке даярлықсыз қатысады;

  • жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді;

  • ресімделуі мен құрылымын сақтайды;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: қаратпа, қыстырма, одағай, эмоционалды сөздер.

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Меніңше, ... тапсырманы толық орындады/орындай алмады, себебі онда ... сәйкестік/сәйкессіздік»

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;

  • жауапкершілік;

Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады

Пәнаралық байланыс

Сабақта мультфильді көру, аудиоматериалды тыңдау арқылы АКТ, сурет, сызу пәндерімен байланыс орнатылады

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта төл сөз, автор сөздерінде кездесетін тыныс белгілердің қолданылуы туралы ақпараты алды. Бұл олардың сапалы жазу дағдылары мен пунктуациялық нормаларды сақтауларына ықпал етеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 15мин.

С.

Оқушылар “Үй жануарлары” аудиоролигін тыңдайды. Тыңдап болған соң төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

- Балалар, аудиоға қатысты не айта аласыңдар?

- Аудиода қандай жан-жануар немесе құстардың дыбысын естідіңдер?

- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы туралы қандай болжамдарың бар?


Иә, сабағымыздың тақырыбы - “Төрт түлік”. Біз бұл сабақта одағай, қаратпа, қыстырма сөздерді ажыратып, эмоционалды сөздерді анықтап, сондай-ақ оларды пайдаланып, хат жазып үйренеміз. Сабағымыздың мақсаты:

- мультфильмнен одағай, қаратпа, эмоционалды сөздерді анықтау;

- оларды еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу;

- ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат құрастырып жазу;

Бұл мақсатқа жету үшін алдымен топқа бөлініп алайық (жануарлардың суреттерімен 4 топқа жайғасады).

Одағай, қаратпа, қыстырма, эмоционалды-экпрессивті сөздер туралы білу үшін топтық жұмыс ұйымдастырылады.


ТЖ. “Елші” стратегиясы арқылы әр топ өздеріне тиісті тақырыптарды зерттейді.

1-топ - одағай сөздер

2-топ - қаратпа сөздер

3-топ - қыстырма сөздер

4-топ - эмоционалды-экспрессивті сөздер.

Әр топ тақырыпты зерделеген соң, өз іштерінен ақпаратты аратушы “Елшіні” сайлайды. 4 топтың “Елші” рөліндегі спикерлері өз тобына қайтып келгенше, барлық топты аралап, өз тақырыптарын түсіндіреді.


Ж. Топтардың түсінгендерін тексеру, кері байланыс алу мақсатында “Лото” ойнатылады. Әрі бұл тыңдалым алды тапсырмасы болып табылады.


Ой!

Менің ойымша

Өкінішке орай

Құлыншақ

Қап!

Ей, адамдар!

Құрау-құрау

Оу, ағайын!

Достым

Айдос, кел!

Балапаным

Шіркін-ай

Аһ!

Біріншіден

Алтыным

Бақытыма орай

Шынымды айтсам

Жаным


ЖЖ. Тақтада “Лото” кестесін дұрыс басқан жағдайдағы жауабы, шығады. Оқушылар жұптасып, бір-бірінікін алмасып, дұрыс жауаппен тексереді де, ауызша кері байланыс береді.


Жауабы:

О

Қыст.

Қыст.

ЭЭ

О

О/Қар.

О

О/Қар.

Қар.

Қар.

ЭЭ

О

О

Қыст.

ЭЭ

Қыст.

Қыст.

ЭЭ



Интербелсенді тақта

www.youtube.com

















Жануарлардың суреттері




Одағай, қаратпа, қыстырма, эмоционалды сөздер туралы ақпарат жазылған дереккөз







“Лото” карточкалары және басатын қималар




Сабақтың ортасы – 20мин.

ҰЖ. Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар “Балапан және оның достары” мультфильмін тамашалайды. Мультфильмді көру барысында мұғалім кідіріс жасап, қандай қыстырма, одағай, қаратпа, эмоционалды сөздерді естігендерін сұрап отырады.


Ж. Тыңдалымнан кейін:

Оқушылардың әрқайсысы мультфильм мазмұны бойынша 2 ашық сұрақ құрастырып, парақтарына жазады.


ЖЖ. “Сократ шеңбері” әдісімен даярлықсыз диалогке түсу үшін, ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Мұғалім жұптардың бір-бірімен коммуникациясы кезінде, қыстырма, қаратпа сөздерді қолдануларын ескертеді.


Дескриптор:

- бейнеролик бойынша 2 ашық сұрақ құратырады;

- сұрақ мазмұнында ойдың кімнен шыққандығын және кімге бағытталатындығын білдіретін қыстырма, қаратпа сөздерді қолданады;

- күтпеген сұрақтарға тез, әрі орынды жауап қайтарады;


ҚБ. Оқушылар дескрипторға сүйеніп, бір-біріне ауызша кері байланыс береді.


Ж. Оқушылар “РАФТ” жазу стратегиясымен құрылымы мен ресімделуін сақтай отырып, хат жазады.


Рөл

Құлыншақ

Аудитория

Достары

Форма

Хат

Тақырып

Достарына ыстық сезімін білдіру

Дескриптор:

- хат жазу жанрының талаптарын еске түсіреді;

- рәсімделуі мен құрылымын сақтайды;

- мәтін мазмұнында оқырман назарын аударатын қаратпа сөздерді, өз ойын білдіру үшін қыстырма, сезімін көрсету үшін эмоционалды-экспрессивті, одағай сөздерді қолданады.


ҚБ. Оқушылардың хаттары жиналып алынып, мұғалім дескриторға сүйеніп жазбаша кері байланыс береді.

Интербелсенді тақта, www.youtube.com


























хат құрылымы





Сабақтың соңы – 10мин.

Оқушылар рефлексиясы:

“Балапан” сұлбасына төмендегі сауалдар бойынша пікірлерін стикерге жазып жабыстырады:

  1. Балапанның басы - “Не білдім?”

  2. Балапанның қанаты - “Маған алдағы уақытта көмектеседі?”

  3. Балапанның құйрығы - “Мен үшін қатты маңызды емес”

балапан сұлбасы




Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдау: сыныптағы оқушылардың білім алу қажеттілігіне қарай С деңгейі оқушыларға дайын жазу құрылымы беріледі. Олардың жеке жұмыстары кезінде тапсырманы орындауға бағыт, нұсқау беріліп отырады.

Оқушылардың сыныптағы жеке, жұптық, топтық жұмыстары мұғалімнің, сыныптастарының ауызша кері байланыстары арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтағы 4 түрлі жұмыс формасы, “Сократ шеңбері”, “Лото” ойыны, “Елші”, “РАФТ” стратегиялары сияқты белсенді оқу әдістері оқушылардың сабақта өздерін сергек сезінулеріне қолайлы жағдай жасайды

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?





































7-сабақ

Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту:



















Ж6 Мәтіндерді түзету және редакциялау:




Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.



Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау


1.Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Оқушылар тобына балапан туралы ертегінің бейнетаспаның үнсіз(даусын өшіріп қойып) түрін ұсыну. Кейіпкерлер арасындағы диалог пен оқиға дамуына болжам жасату. Топ болып кеңесуге мүмкіндік беру. Рөлге бөліну. Үнсіз бейнетаспаға үн беруге дайындалу.


2.Тыңдалым тапсырмасы.

Әр топтың қойылымын, өз үлгісін тыңдау, дыбыстау барысында жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, одағай сөздерді қолдану. Тыңдау барысында бір бірінің ұқсамайтын тұстарын белгілеп алады.

Ұнайтын тұстарымен бөліседі. Өз үлгілерін тыңдаған соң, бейнежазба ертегіні тыңдап, екеуін салыстыру, айырмасы бойынша талқылау жүргізу.

3.Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Тыңдалымдағы негізгі ойды жалғастырып, «Бұл өмірде менің қолымнан қандай жақсылық келеді?» тақырыбындағы өз пікірін білдіру диалогіне дайындықсыз қатысады. Диалогте осы бөлімде алған ақпараттарын кең түрде қолдана алады.

Одағай сөздер туралы мысалдар арқылы түсінік беру. Одағай сөздердің көңіл күйге байланысты қолданылатынын білу.


Оқушылардың орфографиялық қателер жіберілген түрлі жанрдағы мәтіндерін(оқушы хаттары, хабарламалары, жарнамалары т.б.) оқушыларға түзету мен редакциялауға беру. Оқушы жұмыстарын бағалау


https://www.youtube.com/watch?v=IKR4Hq4BGic


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі