жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Төрт түлік" 5-сынып
Сабақ:
|
Мектебі: «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||||
Пәні: |
Қазақ тілі |
||||
Бөлім: 4. Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік |
|||||
Күні: 15.11.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Карымсакова Анар |
||||
Сынып: 5 Е |
Қатысқандар: 25 |
Қатыспағандар:0 |
|||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,негізгі және қосымша ақпаратты анықтау 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау. |
||||
Оқу нәтижелері |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: тыңдалған мәтіндегі негізгі қосымша ақпаратты түсінеді,ақпаратты анықтайды Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: тыңдалған мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді және анықтай алады. |
||||
Бағалау критерийі |
|
||||
Ойлау деңгейі |
Жоғары деңгей |
||||
Тілдік мақсат |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пəнге қатысты сөздікқор мен терминдер: |
|||||
Буыршын, нарша, атан, бура, аруана, қоспақ, балқоспақ, бекпатша, сойтал, дөнен, сәурік, қазанат. |
|||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
|||||
Мал шаруашылығы, малдың қадір-қасиеті, төрт түлік. |
|||||
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||
Қазақ халқының өміріндегі төрт түліктің рөлі қандай? |
|||||
Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің? |
|||||
Құндылықтар |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 5-ші құндылығы «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» атты тармағындағы идеяларды негізге ала отырып, ұлттық дәстүрін сақтауға, ауыл шаруашылығының ерекшеліктерін түсінуге тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих (Төрт түлік мал және оның тарихы, тарихпен байланысы); Әдебиет (Тұрмыстық жырлар, төрт түлік жайлы жырлар); Жаратылыстану (Төрт түлік мал және оның ерекшеліктері). |
||||
Алдыңғы оқу: |
Жануарлар әлемі жайлы түсініктері бар. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||
Басы 2-минут
5-минут |
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу және оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат, Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Оқушыларды топқа бөлу. «Төрт түлікке» қатысты пазл суреттер арқылы сыныпты топқа бөлу. 1-топ: Қамбар ата 2-топ: Зеңгі баба 3-топ: Ойсылқара
Алдыңғы сабаққа шолу.
Қызығушылықты ояту С. «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша тақырыпты анықтау. Бұл әдіс арқылы оқушылар төрт түлік мал жайлы түсініктерін айтады.
Сұрақтар:
Тақырыпты анықтағаннан кейін сабақтың мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын. |
Топқа бөлу үшін қолданылатын «төрт түлік мал» суреттері
Презентация |
|||
Ортасы 2-минут
6-минут
2-минут
13-минут
5-минут |
С Тапсырма-1 «Төрт түлік мал» жайлы видеоролик көрсетіледі.
Дескриптор:
Дәптермен жұмыс Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашып, оны дәптерге көшіріп жазу.
Өнімі оның көл-көсір.
Баптамаса егін өспейді.
Жақсы ит малға серік.
Дескриптор:
ҚБ «Мадақтау» әдісі арқылы мұғалім тарапынан бағалау.
Сергіту сәті «Көңілді күн» биі
ТЖ «ПОПС», «Төрт сөйлем», «Синквейн» әдістері бойынша мәтінге талдау жұмыстарын жүргізеді.
1-топ: Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын, буырлаш, нарша, бұзбаша, інген, атан, бура деп атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі.
2-топ: Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал – жылқы. Оны жасына, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлдүл, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті туындыларында жылқыға тіл бітіріп, батырдың жан серігі деп бағалаған.
3-топ: Халық сиырды жасына қарай құнажын, дөнежін, сиыр, бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп атайды. Қойды түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық деп бөледі. Ал ешкіні лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктейді. Малдың қадір-қасиетін тәжірбиелі халқымыз «түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой - қазына» деп бағалаған.
Дескриптор:
ҚБ «Қызықты дөңгелектер» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
ТЖ «Ойлан-тап» әдісі арқылы синоним, антоним, омонимдерді көркемдік ерекшелігіне сай орынды қолдану. 1-топ (антоним сөздер): пайдалы, ежелгі, үй жануары. 2-топ (омоним сөздер): ат, бақ, сау. 3-топ (синоним сөздер): жылқы, түйе, қасиетті.
Дескриптор:
ҚБ «Бір тілек» әдісі арқылы оқушыларды мұғалім тарапынан бағалау.
|
https://www.youtube.com/watch?v=lD6fpwKr4NQ
Ақ параққа жазылған «төрт түлікке» қатысты мақал-мәтелдер
Қазақ тілі 5 сынып Алматы «Атамұра» 2017ж. Оқулықтағы 59-бет. 4-тапсырама
|
|||
Соңы 5-минут |
Рефлексия «Күн шуағы»
Үй тапсырмасы: Төрт түліктің пірі жайлы мағлұмат жинастырып, жазып келу.
|
|
|||
Қосымша ақпарат |
|
||||
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі)
|
|||
«Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау» «ПОПС форуласы», «Синквейн», «Төрт сөйлем», «Ойлан-жұптас» әдістерін қолдандым. Бұл әдістер арқылы оқушыларға жеке қолдау көрсетіп, түсініксіз сөздерді анықтауға, түсінбеген жерлерін ұғындырдым. Дарынды оқушылар өздерінің жан-жақты белсенділігін көрсете білді. Мәтін бойынша саралау оқушылардың өз ойын толыққанды жеткізуіне тиімді әдіс болды.
|
«Қызықты дөңгелектер» қалыптастырушы бағалауын қолдандым. Себебі, өзін-өзі бағалауда оқушылар қол көтеру арқылы бір-біріне шынайы түрде дауыс берді, қателіктерін айтып, оны дер кезінде түзетті. Деңгейлерін анықтап, оны жетілдіру жолдарын қарастырған тиімді бағалау жұмысы болды. «Мадақтау» қалыптастырушы бағалауын қолдандым. Бұл әдіс мұғалім тарапынан орындалды. Мұнда жеке жұмыспен айналысқан әрбір оқушыны тапсырманы орындау деңгейіне, дұрыс, бұрыстығына сәйкес бағалаймын. |
Қазақстан тарихынан төрт түлік малдың қазақ тарихындағы орны, әдебиеттен «тұрмыстық жырлар», оның ішінде төрт түлікке қатысты наным түсініктерді және жаратылыстанудан төрт түліктің қалыптасу ерекшелігін анықтап, оны дұрыс қолдана білді. Оқушылардың өмір қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі қатаң сақталды. Компьтер арқылы ғаламтор беттерінен деректерді қарастыру кезде техникалық қауіпсіздігі нұсқауларын орындады. Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының 5-ші құндылығы «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»: оқушылардың тарихына, әдебиетіне, ұлттық таным түсінігіне деген махаббатын қалыптастыруға баулу. |
|||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||
|
|||||
Қорытынды бағалау |
|||||
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) |
|
||||
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? |
|
||||
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? |
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген