«Төрт түлік»
ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім
облысы: «Әлеумет»,
«Шығармашылық»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу,
экология негіздері, шығармашылық
Тақырыбы: «Төрт
түлік»
Мақсаты: Көктем мезгілінде табиғатта
болатын өзгерістер туралы білімдерін тиянақтау. Үй жануарлары
туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын молайту, сөйлем
құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қамшы өру өнерінің алғашқы
дағдыларын қалыптастыру барысында балалардың ұсақ қол моторикасын
дамыту. Үлкендерге құрмет көрсетуге, салт-дәстүрді қадірлеуге
тәрбиелеу.
Сөздік
жұмыс: төрт түлік,
қамшы.
Қолданылатын көрнекілік
құралдар: Үй жануарларының суреттері,
слайд, қамшы, интерактивті тақта, көрме.
І .
Ұйымдастырушылық-қозғаушылық
кезеңі.
Шаттық
шеңбер:
Білер қазақ
баласы,
Сәлем сөздің
анасы.
Көп танысты
көреміз,
Алдымызда
кезіккен
Бәрінеде
ізетпен
Иіліп сәлем
береміз.
Күнтізбемен
жұмыс:
-
Қазір жылдың қай мезгілі
?
-
Көктем мезгілінде табиғатта
қандай өзгерістер болады?
-
Көктем мезгілінде неше ай
бар?
-
Бір аптада неше күн
болады?
-
Бүгін аптаның қай
күні?
-
Ертең аптаның қай
күн?
-
Бүгінгі ауа-райы қандай болып
тұр?
Дид/ойын: «Сиқырлы
текше»
Дид/ойын: «Төлін
тап» (интерактивті тақтамен
жұмыс)
Ойын шарты: Төлдерін табуға
көмектесу.
Балалар үй жануарлары туралы
тағы мәліметтер білуіміз үшін көрші ауылдағы Жанат әжейдің үйіне
барайық.
Жолда көңілді болу үшін
«Қошақаным» әнін айтып барайық.
-
Әже: Қош келдіңдер,
балалар!
-
Балалар: Сәлеметсіз бе,
әжей!
-
Балалар: Әже, сіз не істеп
жатырсыз?
-
Әже: Мен жүн иіріп отырмын.
Сендердің келгендеріңе қуаныштымын.
-
Балалар сендер білесіңдер ме,
төрт түлік малға қандай жануарлар жататынын? /Түйе, жылқы, қой,
ешкі, сиыр/
-
Әже: Дұрыс айтасыңдар,
балалар!
-
Ал олардың қандай пайдасы
бар?
Балалар: Сиырдан – сүт аламыз. Сүттен
қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт
жасаймыз.
Жылқы – жүк тасиды, қымыз, ет
береді.
Қой – Ет, жүнін
береді.
Ешкі – ет, жүнін
береді.
Түйе – шұбат береді, ет
береді.
Әже: Балалар, сендер төрт түлік
туралы көп мағлұмат біледі екенсіңдер.
Әже: Жүннен не жасауға болады?
/көрпе жасайды, шұлық тоқиды, бас киім, мойынорағыш, қолғап
тоқиды/
Теріден не жасайды? /тон
тігеді/
Мен сендердің алыстан қонаққа
келетіндеріңді біліп тосын сый дайындап қойдым. Бірақта қамшыларды
өруге уақытып болмағандықтан сендер көмек көрсетер деп
қойдым.
Балалар: Әжемен бірге қамшы
өреді.
Дид/йын: «Қамшы
жасыру»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер
әжеге өте керемет қамшы өріп көмектестіңдер. Ал енді әжемен
қоштасып бақшамызға қайтайық.
Қорытындылау:
Балалар кімге қонаққа бардық?
/Жанат әженің үйіне бардық/
Жүннен не жасауға болады?
/киім тоқиды/
Әжеге қандай көмек
көрсеттіңдер? /Қамшы өрдік/
Қаражорға
биі.