|
Мотивациялық-
Қозғаушылық
|
І. Кіріспе
бөлім.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық
шеңбері.
Армысын алтын
Күн!
Армысын жер Ана!
Армысын көк Аспан!
Армысын Достарым!
-Сәлеметсіңдер ме,
балалар?
Мен сендерді көргеніме
қуаныштымын.
-Балалар бүгін бізде
ерекше күн.
Себебі біз бүгін «Қоршаған
ортамен таныстыру» оқу қызыметінен ашық оқу іс-әрекетін
өтеміз.
-Қазір бізде жылдың қай
мезгілі балалар?
-Бүгін ауа райы қандай болып
тұр?
|
Балалар шеңберге тұрып,
педагогтің іс-әрекетін орындайды.
-Сәлеметсізбе!?
-Күз
-Суық
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Біз бүгін төрт түлік жайлы
өтеміз.
-Қараңдаршы балалар біздің
тақтамызға сыйлық келіпті. Ашып
көремізбе?
-Мәссәған балалар! Мынау
қандай жануардың көлеңкесі?
Қой. Қойдың төлі-қошақан. Қойды
пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен
әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды. Қой өте жуас, момын
жануар.
Түйе. Түйені көс-көс деп шақырады.
Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде
ішеді. Шұбат жасайды. Оның емдік те қасиеті бар.Түйе-жем, шөп, су
ішеді.
Ешкі. Ешкінің төлі-лақ. Ешкі
шөре-шөре деп шақырады. Ешкіден ет, сүт, түбіт аламыз.
Әжелеріміз түбіттен шәлі, байпақ, қолғақ тоқиды. Ешкі жем, су, шөп
жейді.
Жылқы. Жылқының төлі -
құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз. Көбінесе, арбаға
жегеміз Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз. Сүтінен қымыз жасайды
.Қымыз-шипалы сусын. Жылқы жем, су, шөп
жейді.
Сиыр. Сиырдың төлін -бұзау дейміз.
Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік,
айран аламыз. Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем
жейді.
Дәптермен
жұмыс: «Төлін
тап»
Шарты: Балаларға қағаздар таратылады,
төрт түлік пен төлдерін сәйкестендіріп сызықпен қосулары
қажет.
Ойын: «Толықтыр»
Шарты: Балаларға жарты суреттер
беріледі, соны арықарай төлдерін табу арқылы біріктірулері
қажет.
Сергіту
сәті: «Қошақаным»
әні.
Қимылды
ойын: «Кім
жылдам»
Шарты: Балалар ойыншық аттарға мініп,
кедергілер арасынан өтулері қажет. Тақтаға жеткеннен кейін
тақтадағы тапсырмаларды орындаулары
қажет.
Партада тұрған пазлдарды
құрастырулары тиіс.
Тыйым
сөздер:
-Малды тебуге
болмайды.
-Таяқпен маңдайынан ұруға
болмайды.
-Малдың алдынан бос ыдыспен
шығуға болмайды.
-Ақты төгуге
болмайды.
Балаларға тыйым сөздерді
қайталату.
|
-иә
-қой
Балалар тапсырманы
орындайды.
Балалар тақтадағы суреттерді
аяқтайды.
Балаларға аттпен шапқан өте
қызықты көрінеді.
Балалар тыйым сөздерді
қайталайды
|
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
-Ал, балалар сендерге
бүгінгі сабақ ұнадыма?
-Несімен
ұнады?
-Төрт түлікті қайталап
көрейікші?
-Төрт түліктін дауыстарын
салып көрейікші?
-Енді балалар келген
қонақтарымызбен қоштасайық.
|
-иә
-ойын ұнады, -үй жануарлары
ұнады, -түйе ұнады.
-түйе, жылқы, сиыр, қой,
ешкі
-балалар жан-жақтан төрт
түліктің дауыстарын салып жарысады.
-Сау
болыңыздар!
|