Тақырып бойынша 31 материал табылды

Төрт түлік жануарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге араналған дайын ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Төрт түлік және оның төлдері»

Мақсаты: Балаларға төрт түлік туралы түсінік беру және тереңдету, оларды бір-бірінен ажыратуға, олардың төлдерін дұрыс атауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балаларға төрт түлікті бағып күту туралы түсіндіру. Ойын, тілдік қорын, дүниетанымын кеңейту.

Көрнекілігі: Төрт түліктердің, төлдердің суреттері, фетрдан жасалған көрнекіліктер.

Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап, көрнекіліктер, түсіндіру, ойын, сергіту сәті.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.


Тәрбиеші: Балалар сендерді ата әжелерін қандай сөздермен еркелетеді?

Сендерді ата әжелерің жақсы көріп, сүйкімді төлдердің аттарымен еркелетеді екен гой, қандай тамаша.


(Төрт түліктердің дауысы естіледі)


Балалар тындайықшы төлдер қалай дыбыстайды?


Балалар сендер саяхатты жақсы көретін шығарсыңдар, ендеше мен сендерді көрші әжейдің ауласындағы төрт түліктермен толық танысу үшін саяхатқа апарамын.

(көлікке отырып барады)


Әже: Қош келдіңдер құлыншақтарым!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Оларға төрт түлік жануарлар жатады. (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе) Төлдерін атайды.

Қазақ халқының кәсібі ол мал бағу. Ол сауса сүт, сойса ет, кисе киім, мінсе көлік. Сондықтан оларды қастерлеу қажет. Адамға деген пайдасы көп. Жақсы балалар сендер төрт түліктермен жақынырақ танысындар, ал мен сендерге сыйлығым бар соны алып келейін.


Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын!

Жем шөп беріп бағамыз,

Сүтін сауып аламыз (сиыр)


Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Ал бұзау сиырдың сүтін ішеді.


Сиыр сауса сүт,сойса ет, терісіне киім тігеді. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, құрт, ірімшік, сүзбе, май.


Қамыс құлақ, тастаған тұяқ

Мінсе көлік, сүті дәрі, еті ем. (жылқы)

Жылқының төлі құлыншақ, ол сүт ішеді. Ал жылқы сұлы, жем жейді, су ішеді.


Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)


Қойдың төлі қозы, ол сүт емеді. Қой жем, шөп жейді. Жүнінен түрлі заттар тоқиды.


Ащыдан басқа жемейтін

Ыстық шөлде отаны

Шөлдесе су демейтін

Шешуі бұл қай жануар? (Түйе)



Түйенің сүтін шұбат дейді. Төлін бота дейді. Мінсе көлік. Терісінің өзі адамға пайдасы көп.


Басында екі таяғы бар

Төрт аяғы бар

Иегінде сақалы бар

Бұл қай жануар? (ешкі)


Ешкінің төлі лақ. Оның жүнінен биялай, күртеше, орамал тоқылады. Сүтіде өте пайдалы. Балларға да ішуге болады.


Сергіту сәті «Үй жануарлары»



1 тапсырма: «Адасқан төлдер»

Тақтада төрт түліктің суреттері тұр, ал сендер алдарында жасырылған төлдерді тауып, жабыстырасындар.


Қ/о: «Сиырдан сүт алу»


Орындыққа байланған бес саусақты қолғап, ішінде ақ түсті су толтырылған, балалар ақырындап тартып сауу қажет. Сиырға жақындағанда абайлау қажет. Алжапқыш киеді.


2 тапсырма: «Жануарларды ата»


Алдарына қара түсті картон қағаз, жануарлардың мүсіні беріледі. Олар ұн мен сеуіп, жануарлардан қалған көлеңкесін атайды.


Жарайсыңдар балалар біздің бақшаға қайтатын уақытымыз болып қалыпты. Әжейге көп рахмет.

Әжейден сыйлық дәмді құрттар.

Сау болындар балалар.


Қорытынды.


Біздің сабағымызда нелер туралы айтылды?

Біз қайда саяхатқа бардық?

Төрт түлікті атаңдар?

Төлдерін қалай атайды?

Жануарлар қалай дыбыстайды?


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Әрбір бала үй жануарларын және олардың төлдерін, пайдасын,қажеттілігін, білу керек.Оларды ажырата білу.

Болу керек: Үй жануарларына қызығушылық болу қажет.

Қолдануы: Үй жануарларына деген қамқорлықтарын көрсету.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12