400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Төрт түлік мал - ел байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Артикуляциялық моторика мен ұсақ моториканы дамыту. Төрт түлік малды, төлдерін атау арқылы балалардың сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арнайы түзету әрекетінің жоспары



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырып: Төрт түлік мал – ел байлығы

Мақсаты: Төрт түлік мал туралы түсініктерін қалыптастырып, бекіту арқылы байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.

Міндеттері:

1. Төрт түлік мал туралы білімдерін жүйелеу. Төрт түлік мал атауларын, төлдерінің атауларын, дыбыстауларын толық білу.

2. Балалардың тыныс алу қабілеттерін, артикуляциялық және ұсақ моториканы, фонематикалық есту мен қабылдауды, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеу қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

3. Төрт түлік малға қамқорлық жасауға баулу.

Сөздік жұмыс: қоректену, тұяқ, төл, ене, сақал, дыбыстау, өркеш, ер қанаты, бақташы.

Құрал-жабдықтар: айналар, гүлдер мен көбелектер, төрт түлік мал және сүт өнімдері бейнеленген сурет, тірек сызбалар, хат, Блок квадрат, бейнекөріністер.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: артикуляциялық жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, өздік массажы, биоэнергопластика, мнемотехника, ақпараттық-коммуникациялық технология, Су-джок терапиясы, музыкалық сүйемелдеу, логоритмикаға негізделген сергіту сәті.

Іс-әрекет кезеңдері

Логопед іс-әрекеті

Балалардың тілдік іс-әрекеті

Талдау

жағымды

жағымсыз

Себеп-салдардық

(Ұйымдастыру кезеңі, тақырып пен мақсатты хабарлау).

Сәлеметсіндер ме, балалар!

Шаттық шеңберін өткізу:

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлеметсіз бе, міне мен!

Доспын енді сенімен!

Балалар, бүгін біз сендермен жануарлар әлеміне аттанамыз.

- Қазір қандай жыл мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар?Атаңдаршы!

Сәлеметсіз бе!

Шеңберде балалар орындайды, көңілдерін сабаққа аударады.

Қазір көктем мезгілі. Көктем мезгілінде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.



Ұйымдастырушылық- ізденушілік кезең (негізгі кезеңдер)

        1. Тыныс алу жаттығуын орындау: «Сиқырлы көбелектер»

        2. Ерінге, тілге арналған өздік массаж. Артикулляциялық жаттығуларды орындау: «Сағат», «Әткеншек».

        3. Жаңа тақырыпқа шығу: «Қошақаным» бейнекөріністі тамашалау. Бейне көрініс бойынша сұрақтар қою.

        4. Суретпен жұмыс. Төрт түлік малды атау, пайдасын талқылау.

        5. «Ақылды текше» ойыны. Глуховтың Блок квадрат әдісі бойынша үй жануарларының төлдерін атау.


        1. Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ»

        2. Тірек-сызба бойынша төрт түлік мал туралы сөйлем құрастыру.

        3. Су-джок сақинасымен орындалатын саусақ жаттығуы: «Қуыр, қуыр, қуырмаш»

        4. «Не қалай дыбыстайды?» дидактикалық ойыны.

        5. «Жылқы» туралы бейнекөріністі тамашалау арқылы «Ер қанаты – ат» деген мақалдың мазмұнын ашып, жаттау.

Ұрттарын ауаға толтырмай демдерін шығарады.

Айнаға қарап артикуляциялық жаттығуларды орындайды.

Барлық балалар зер салып көреді.


Балалар қол көтеріп жауап береді.


Топтан бес бала шығып, жауап береді.


Қимылмен, балалардың айтуымен орындалады

Әрқайсысы жауап береді.


Барлығы бірге хормен жауап береді.

Жеке және топпен жауап береді.

Хормен және жеке айтады.



Рефлексивті –қорытынды кезеңі

Балалар, бүгін сабақта біз не істедік? (әр баладан сұрау, толық жауапты талап ету), не туралы айттық? Қоянның тапсырмасын орындадық па?Кім бүгін қалай жұмыс жасадым деп ойлайды?

Балаларды бағалау.


Балалар қол көтеріп және логопед нұсқаумен жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: төрт түлік мал атауларының, төлдерінің атауларын, қалай дыбыстайтынын, пайдасын білу, сөйлем құрастыру.

Нені игереді: тақырып бойынша сөйлесуді меңгеру, тірек сызба бойынша сөйлем құрастыру, мақал жаттау.

Нені біледі: төрт түлік мал атауларын, пайдасын, буынға бөлу.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі