Төрт-түлік үй жанурлары

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Төрт-түлік үй жанурлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Төрт түлік малдарға қатысты тыйым-наным сөздер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Төрт түлік және оның пайдалы өнімдері»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Төрт түлікке не жататынын ұғындыру, олардың пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы білуге үйрету. Үй жануарларының (төрт түлік малдың) тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Балалардың ұсақ моторикасын және сенсорлық қабылдауын дамыту. Есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына деген сүйіспеншіліккке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ойын «Не таптың?», Ойын «Даусынан танып, төлдерін тап», төрт түлік малдың төлдерімен макеттері, «Қошақан» видеоролик (сергіту сәті), төрт түліктің өнімдері (сүт, айран, сүзбе, май, қаймақ, құрт, қымыз, шұбат, ірімшік, ет өнімдері, кілемше, кеудеше, бас киім және т.б. мал жүнінен тоқылған бұйымдар), Ойын «Сиырды сауып өнімін ал», желім, поп-корн.

Балалар залға кіреді (сәлемдесу).

Психологиялық сәт «Еркелету» (ойын-тренинг).

Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерді өте жақсы көремін, сендер өте ақылды, сүйкімді, тәртіпті баласыңдар! Сендер ата-аналарыңның мақтанышы, байлығы және ең үлкен жетістктерісіңдер! Сендерді ата-аналарың үйде қалай еркелетеді?

Балалар (тәрбиеші көмегімен):

- Құлыным;

  • Ботам;

  • Қошақаным;

  • Құлыншағым;

  • Лағым;

  • Боташым ...

Тәрбиеші: - Жарайсындар, балалар! Ал, сендер, айтылған еркелету сөздері қандай жануарлардың төлдері екенін білесіңдер ме? (балалар жауабы).

  • Ия, осы аталған жануарларды бір сөзбен төрт түлік деп атайды.

Түсіндірме жұмысы: Төрт түлік – мал: түйе (бота), жылқы (құлын), қой (қощақан), сиыр (бұзау). Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған (макеттер).

Топқа есікті қағып, Қойшы ата кіреді. Балалармен сәлемдесіп, малдарының төлдерін жоғалтып алғанын айтып көмек сұрайды. Балалар көмектесуге келіседі.

  1. «Не таптың?»

Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыта отырып төрт түлік мал туралы түсініктерін бекіту.

Шарты: Паралон ішінен төрт түлікті тауып атау.








  1. Ойын «Даусынан танып, төлдерін тап»

Мақсаты: Балалардың фонематикалық есту қабілетін, зейіндерін дамыта отырып төрт түлік мал туралы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлау.

Шарты: бөлмеге ағаш макеттері мен гүлдер қойылады. Бір педагог төрт түліктің дыбыстарын кезегімен бөлменің әр бөлігінде қойып отырады. Тәрбиеші балалармен дыбыс қай жерден шығып жатқанын, қай малдың дыбысы екенін анықтап, тығылған малды табу керек (ағаштың артында, гүлдің алдында, үстелдің астында, орындықтын үстінде). Табылған төрт түлік пен олардың төлдерін атау. Малдың дыбыстауын атау:

  • Түйе боздайды;

  • Сиыр мөңірейді;

  • Жылқы кісінейді;

  • Қой маңырайды.


Сергіту сәті «Қошақаным» (бейнероликке билеу)


Қойшы ата: - Жарайсындар! Сендер өте ақылды, көңілді, тапқыр балаларсындар! Сондықтан мен сендерге төрт түлік малдың адамға берер пайдалы өнімдерін сыйға тартқым келді (себет: сүт өнімдері, сандық: жүн және жүннен жасалған заттар, поднос: ет өнімдері).

Тәрбиеші: - Рахмет, ата! (тәрбиеші балаларға сыйға тартылған заттарды көрсете отырып, түсіндірме жұмысын жүргізеді).

  • Ата, біздің балалармен бір ойын ойнап, балаларымыздың білімін сынап көріңіз!

  1. Ойын «Сиырды сауып өнімін ал»

Мақсаты: сиыр-ірі қара мал туралы, оның беретін өнімдері туралы түсінік беру. Қол моторикасын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Шарты: Орындыққа медициналық перчатка үрленіп қыстырылады (сиыр емшегі), боялған суретті сол орындыққа жабыстырып, сиырды сауып отырып өнімдерін атау

  1. Шығармашылық жұмыс «Қошақандар»

Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыта отырып шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Шарты: желімге (ұннан қайнатылған клейстер) поп-корнды батырып қой суретіне (трафарет) жабыстыру.











Қорытындылау

Сұрақ-жауап сурет арқылы дыбысын салу. Балаларды мадақтау. Құрт жегізу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
286
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі