400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Төрт түліктен алынатын өнім" ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал тәрбиешілерге көмек бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы




А.М.Төреғалиева.

«Әсем Ай»экологиялық б.б

тәрбиешісі

Талапкер ауылы.

Білім саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі:Мүсіндеу.Сөйлеуді дамыту,тіл дамыту. Сурет.Қимылды ойын.

Тақырыбы: «Құрт жасау»

Мақсаты:Төрт түлікті қайталау және одан алынатын өнімді еске түсіру. балалардың саусақ маторикаларын дамыта отырып ептілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Жануарларды күтіп баптауға үйрету. есте сақтау қабілетін дамыту.

Қолданылған әдіс-тәсілдер:сұрақ жауап,жарнамалау әдісі.Қысу әдісі.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, жайлау,жануарлар.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге апайлар қонаққа келіп отыр.

Балалар қазір біз бір музыка тыңдап көрейікші,ол музыка бізге нені есімізге түсіреді екен.тыңдап отырыңдар.

(Әуен қосылып жайлаудағы жануарлардың дыбысы шығады)


Тәрбиеші:Балалар жайлауда қандай жануардың дауысын естідіңдер?

Балалар:Сиырдың, қойдың,жылқының, түйенің дауысын естідік.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар жайлауда үй жануарлары болады.

Балалар үй жануарлары бізге қандай тағамдар береді?

Балалар:Сиыр:Сүт,ірмішік, құрт, май, айран,қаймақ береді.

Жылқы:қымыз, ет береді.

Түйе:шұбат,ет береді.

Қой,ешкі: сүт,ет қойдың жүнінен киім тоқиды.

Тәрбиеші:Балалар сендер төрт түліктің қандай өнім беретінін біледі екенсіңдер.

Экранға қараңдаршы балалар бұл не екен?

Балалар:Ол сүт.

Тәрбиеші:Сүттен қандай өнімдер алынады?





Балалар:Құрт,ірмішік,қаймақ,май алынады. Picture 4

Тәрбиеші:(жұмбақ)өзі әппақ,

жесең қатты,

Бірақ дәмді. ол не?

біз бүгін құртты өз қолымызбен жасап көрейік.Мінекей біздің алдымызда тұзды қамыр бар, осы қамырдан жасаймыз. құртты жасамас бұрын мен сендерге құрттың жасалу әдіс тәсілдерін көрсетейін. сендер мұқият қарап отырыңдар.


алдымен айранды қалтаға құяды,суын сорықтырып таспен бастырады сосын оған тұз қосып илейді, содан кейін құрт жасайды. құртты балалар мінекей былай жасайды, дөңгелектеп, сопақшалап,және саусақты қимылдата отырып қысу әдісі арқылы жасауға болады. сосын оны ертеде әжелеріміз шиге жайған екен.өйткені шиге жайылған құрт тез кебеді және өте дәмді болады екен. ал,енді балалар өздеріңе ұнаған құртты жасай қойыңдар,біз де бүгін осы шиге жәйіп кептіріп көрейік.



(Балалар орындарында отырып құртты жасайды,жасап болған соң шиге жәйіп кептіруге береміз.)

Сергіту сәті:Қане, қане тұрайық.

Үлкен шеңбер құрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға.

Шапалақта,шапалақ

Шапалақта,шапалақ.

Дидактикалық ойын: «Көңілді төлдер» Picture 1


Мақсаты: Төрт түлік жануарлардың төлдерін ажырата білуге үйрету.

Шарты: төрт түлік жануарлар тұрады,балалардың бастарына төлдерінің маскасын кигізіп балалар,өз аналарын табуы керек.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. енді Төрт түліктің төлдерін ақ қонжықпен дыбыс арқылы кім жазып береді.?

Балалар:тапсырманы қызыға орындайды.енді осы төлдер туралы суретті пайдалана отырып, жыр шумақ жаттап көрейік. (Балалар мневмотехнология арқылы жыр шумақ жаттайды.).

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Осы жаттаған жыр шумағымызда алдарыңдағы суретте қандай төлдер боялмаған сол төлдерді бояп көрейікші.

Балалар: Тапсырманы аса қызығушылықпен орындады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Балалар кім төрт түліктен алынатын өнімдер туралы жыр шумақтар біледі?

Балалар: жыр шумақтарын кезек- кезек айтып берді.

Тәрбиеші:Балалар біздің жасаған құртымыз кепкен болар Ләззат апай алап келе жатыр ғой.


Балалар құртты ұстап көріңдерші қандай болды екен?

Балалар: қатты.

Тәрбиеші:Түсі қандай екен құрттың?

Балалар: ақ

Тәрбиеші:Дәмі қандай екен? дәмін татып көріңдерші?

Балалар:ащы екен,бірақ дәмді.

Тәрбиеші: Құртты қандай әдіс тәсілдер арқылы жасадық?

Балалар: Сопақшалап, домалақтап,қысу әдісі арқылы жасадық.

Тәрбиеші:Құртты неден жасайды екенбіз?

Балалар:Сүзбеден жасаймыз.

Тәрбиеші: мақтау. мадақтау.енді балалар бүгінгі ерекше оқу іс әрекетімізді аяқтап апайлармен қоштасайық.

Шеңберді біз құрайық,

Қол ұстасып тұрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі